О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 июня 2007 года № 454 "Об утверждении Правил лицензирования и квалификационных требований, предъявляемых к адвокатской и нотариальной видам деятельности"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 июня 2007 года № 454 "Об утверждении Правил лицензирования и квалификационных требований, предъявляемых к адвокатской и нотариальной видам деятельности"
- Атауы (қаз.)
- "Адвокаттық және нотариаттық қызмет түрлерін лицензиялау ережесін және оларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымдағы № 454 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1346
- Қабылданған күні
- 16.11.2011
- Көрсетілген редакция
- 19.11.2012 AI61383_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.11.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1100001346
- ЭКБ идентификаторы
- 61383
- Редакция идентификаторы
- AI61383_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 04:09
0 "Адвокаттық және нотариаттық қызмет түрлерін лицензиялау ережесін және оларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымдағы № 454 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Адвокаттық және нотариаттық қызмет түрлерін лицензиялау ережесін және оларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымдағы № 454 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 18, 204-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Адвокаттық және нотариаттық қызмет түрлерін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы»;
2) 1-тармақтағы 1) және 3) тармақшалар алып тасталсын;
3) көрсетілген қаулымен бекітілген адвокаттық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Адвокаттық қызметті жүзеге асыру үшін жеке тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптары:
1) Қазақстан Республикасының азаматтығы;
2) жоғары заң білімінің болуы;
3) адвокаттар алқасы президиумының қаулысы негізінде кемінде бес жыл адвокаттық қызмет өтілі бар адвокаттарда үш айдан бір жылға дейінгі мерзімде тағылымдамадан өту;
4) аттестациялық әділет комиссиясында аттестаттаудан өту;
5) наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде есепте тұратыны туралы мәліметтердің болмауы;
6) соттылығының болмауы.»;
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасының Әділет біліктілік алқасында немесе Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Кеңесінің жанындағы Біліктілік комиссиясында біліктілік емтихандарын тапсырған адамдарға;»;
4-тармақ алып тасталсын;
4) көрсетілген қаулымен бекітілген нотариаттық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарында:
«1. Нотариаттық қызметті жүзеге асыру үшін жеке тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптары:
1) Қазақстан Республикасының азаматтығы;
2) жоғары заң білімінің болуы;
3) кемінде бір жыл мерзіммен нотариуста тағылымдамадан өту;
4) аттестациялық әділет комиссиясында аттестаттаудан өту;
5) наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде есепте тұратыны туралы мәліметтердің болмауы;
6) соттылығының болмауы.»;
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасының Әділет біліктілік алқасында немесе Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Кеңесінің жанындағы Біліктілік комиссиясында біліктілік емтихандарын тапсырған адамдарға;»;
4-тармақ алып тасталсын.