Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 июня 2007 года № 454 "Об утверждении квалификационных требований, предъявляемых при лицензировании адвокатской и нотариальной видам деятельности"

Қаулы · № 365 · қабылданған 29.03.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2-2007-no-454/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 июня 2007 года № 454 "Об утверждении квалификационных требований, предъявляемых при лицензировании адвокатской и нотариальной видам деятельности" Күшін жойған Қаулы ·№ 365 ·29.03.2012
19.11.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.11.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 июня 2007 года № 454 "Об утверждении квалификационных требований, предъявляемых при лицензировании адвокатской и нотариальной видам деятельности"

Күшін жойған Қаулы ·№ 365 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 июня 2007 года № 454 "Об утверждении квалификационных требований, предъявляемых при лицензировании адвокатской и нотариальной видам деятельности"
Атауы (қаз.)
"Адвокаттық және нотариаттық қызмет түрлерін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымдағы № 454 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
365
Қабылданған күні
29.03.2012
Көрсетілген редакция
19.11.2012 AI64268_2.kaz
Соңғы өзгеріс
19.11.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1200000365
ЭКБ идентификаторы
64268
Редакция идентификаторы
AI64268_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:42

0 "Адвокаттық және нотариаттық қызмет түрлерін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымдағы № 454 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Адвокаттық және нотариаттық қызмет түрлерін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымдағы № 454 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 18, 204-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1 1) көрсетілген қаулымен бекітілген Адвокаттық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарында:

1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) кемінде бес жыл адвокаттық қызмет стажы бар адвокатта алты айдан бір жылға дейінгі мерзімде тағылымдамадан өту;»;
2, 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы адвокаттық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарының 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген біліктілік талабы «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 34-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 9) және 12) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша судья өкілеттіктерін тоқтатқан адамдарға қолданылмайды.
«3. Осы адвокаттық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарының 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген біліктілік талабы мыналарға:
1) Қазақстан Республикасының Жоғары Соты Кеңесінің жанындағы Біліктілік комиссиясында біліктілік емтиханын тапсырған, сотта тағылымдамадан ойдағыдай өткен және облыстық немесе оған теңестірілген соттың жалпы отырысының оң пікірін алған адамдарға;
2) «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 34-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 9) және 12) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша судья өкілеттіктерін тоқтатқан адамдарға;
3) теріс себептермен босатылғандарды қоспағанда, прокурор немесе тергеуші лауазымында кемінде он жыл жұмыс өтілі болған жағдайда, прокуратура және тергеу органдарынан босатылған адамдарға қолданылмайды.»;

2 2) көрсетілген қаулымен бекітілген Нотариаттық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарында:

1-тармақта:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) соттылығының болмауы;»;
мынадай мазмұндағы 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:
«7) жиырма бес жасқа толуы;
8) заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілінің болуы.»;
2, 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы нотариаттық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарының 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген біліктілік талабы теріс себептермен қызметінен босатылғандарды қоспағанда, мемлекеттік нотариус болып қызмет атқарған жұмыс өтілі бар адамдарға қолданылмайды.
«3. Осы нотариаттық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарының 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген біліктілік талабы мыналарға:
1) Қазақстан Республикасының Әділет біліктілік алқасында немесе Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Кеңесінің жанындағы Біліктілік комиссиясында біліктілік емтиханын тапсырған адамдар, тұрақты судьялар және өз міндеттерін орындау кезінде теріс қылықтары мен заңдылықты бұзғаны үшін судья лауазымынан босатылған судьяларды қоспағанда, тұрақты судья болып жұмыс істеген адамдарға;
2) мемлекеттік нотариустарға қолданылмайды.»;

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы