О внесении изменения в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 2 сентября 2008 года № 140 "О минимальных размерах уставного и собственного капиталов банков второго уровня"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 2 сентября 2008 года № 140 "О минимальных размерах уставного и собственного капиталов банков второго уровня"
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің жарғылық және меншікті капиталдарының ең аз мөлшерлері туралы" 2008 жылғы 2 қыркүйектегі N 140 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 104
- Қабылданған күні
- 26.05.2009
- Көрсетілген редакция
- 24.12.2012 AI46756_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.12.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V090005713_
- ЭКБ идентификаторы
- 46756
- Редакция идентификаторы
- AI46756_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:01
0 Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің жарғылық және меншікті капиталдарының ең аз мөлшерлері туралы" 2008 жылғы 2 қыркүйектегі N 140 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Агенттік Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің жарғылық және меншікті капиталдарының ең аз мөлшерлері туралы" 2008 жылғы 2 қыркүйектегі N 140 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5339 тіркелген, 2008 жылғы 15 қарашада Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдары актілерінің N 11 жинағында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
3, 4–тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
" 3. Филиалдары жоқ банктер үшін меншікті капиталдың мынадай ең аз мөлшері:
1) банктер үшін 1 000 000 000 (бір миллиард) теңге мөлшерінде;
Астана және Алматы қалаларынан тыс орналасқан банктер үшін, тұрғын үй құрылыс жинақ банктері үшін 500 000 000 (бес жүз миллион) теңге мөлшерінде;
2) 2009 жылғы 1 қазаннан бастап:
банктер, оның ішінде жаңадан құрылатын банктер үшін 5 000 000 000 (бес миллиард) теңге мөлшерінде;
тұрғын үй құрылыс жинақ банктері үшін 3 000 000 000 (үш миллиард) теңге мөлшерінде;
1.10.2009 жылғы жағдай бойынша әр қайсысының меншікті капиталының мөлшері 10 000 000 000 (он миллиард) теңгеден кемді құрайтын жұмыс істейтін банктер үшін:
Астана және Алматы қалаларынан тыс қайта тіркелуі;
Астана және Алматы қалаларынан тыс тіркелген заңды және жеке тұлғалардан қабылданған депозиттер сомасының банк міндеттемелерінің 50 % (елу пайызынан) кем емес мөлшерінде болуы;
Астана және Алматы қалаларынан тыс тіркелген, банкпен аффилиирленбеген заемшыларға берілген, Астана және Алматы қалаларынан тыс тіркелген заңды және жеке тұлғалардан қабылданған депозиттер мен банктің жарғылық капиталы сомасының 50% (елу пайызынан) кем емес мөлшеріндегі кредиттердің болуы шартымен - 2 000 000 000 (екі миллиард) теңге мөлшерінде;
3) 2011 жылғы 1 шілдеден бастап:
банктер, оның ішінде жаңадан құрылатын банктер үшін 10 000 000 000 (он миллиард) теңге мөлшерінде;
тұрғын үй құрылыс жинақ банктері үшін 5 000 000 000 (бес миллиард) теңге мөлшерінде ;
осы қаулының 3-тармағының 2) тармақшасының төртіншіден бастап жетіншіге дейінгі абзацтарында көзделген талаптарды орындаған банктер үшін 4 000 000 000 (төрт миллиард) теңге мөлшерінде белгіленсін.
4. Екі және одан көп филиалы бар банк үшін меншікті капиталының ең аз мөлшері осы қаулының 3-тармағында көрсетілген банктің меншікті капиталының ең аз мөлшері мен:
облыстың әкімшілік орталығында, сондай-ақ Алматы және Астана қалаларында орналасқан әрбір филиал үшін - 30 000 000 (отыз миллион) теңгенің;
басқа қалаларда орналасқан әрбір филиал үшін 15 000 000 (он бес миллион) теңгенің;
басқа елді мекендерде орналасқан әрбір филиал үшін 10 000 000 (он миллион) теңгенің сомасы ретінде белгіленсін. ".