О внесении изменений и дополнений в решение Каратобинского районного маслихата от 2 марта 2009 года № 10-8 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан Каратобинского района"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в решение Каратобинского районного маслихата от 2 марта 2009 года № 10-8 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан Каратобинского района"
- Атауы (қаз.)
- Қаратөбе аудандық мәслихатының 2009 жылғы 2 наурыздағы № 10-8 "Қаратөбе ауданы бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 29-5
- Қабылданған күні
- 21.06.2011
- Көрсетілген редакция
- 18.12.2012 59703_201348.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.12.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11ZI000106
- ЭКБ идентификаторы
- 59703
- Редакция идентификаторы
- 59703_201348
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 05:09
0 Қаратөбе аудандық мәслихатының 2009 жылғы 2 наурыздағы N 10-8 "Қаратөбе ауданы бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сай аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. "Қаратөбе ауданы бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" Қаратөбе аудандық мәслихатының 2009 жылғы 2 наурыздағы N 10-8 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-9-78 тіркелген, 2009 жылғы 20 наурызда аудандық "Қаратөбе өңірі" газетінде N 12 жарияланған) шешіміне төмендегі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1 1) 1 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"1. Қаратөбе ауданы бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетілсін:
1) мемлекеттік мереке Жеңіс күніне Ұлы Отан соғысының қатысушыларына - 35 000 теңге;
2) мемлекеттік мереке Жеңіс күніне Ауған соғысына қатысқандарға - 2 000 теңге;
3) мемлекеттік мереке Жеңіс күніне Ұлы Отан соғысында қаза тапқандардың әскери қызметшілерінің қайталап некеге отырмаған жесірлеріне - 3 000 теңге;
4) мемлекеттік мереке Жеңіс күніне қайтыс болған Ұлы Отан соғысының мүгедектерінің және қатысушыларының қайталап некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне) - 2 000 теңге;
5) мемлекеттік мереке Жеңіс күніне соғыс жылдары тылда еңбек еткен азаматтарға - 3 000 теңге;
6) мемлекеттік мереке Жеңіс күніне Чернобыль атом электростанциясы апаттың зардаптарын жоюға қатысқандарға - 2 000 теңге;
7) мемлекеттік мереке Жеңіс күніне бейбіт уақытта әскери қызметін өткізу кезінде қаза болған әскери қызметкерлердің отбасыларына - 2 000 теңге;
8) мемлекеттік мереке Жеңіс күніне Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілгендерге - 3 000 теңге:
9) мемлекеттік мереке Жеңіс күніне Совет Армиясының мүгедегі мен Семей ядролық сынақ полигонының мүгедегіне - 2 000 теңге;
10) денсаулық сақтау ұйымдарында емделуде жатқан және есепте тұрған онкологиялық, психоневрологиялық аурулардың және мүгедек баланың емделуі үшін бір жолғы көмек - 10 айлық есептік көрсеткіш;
11) аз қамтылған азамат қайтыс болған жағдайда, оны жерлеуді жүзеге асырған тұлғаға жерлеуге берілетін біржолғы төлем - 11 айлық есептік көрсеткіш;
12) өрттен, су тасқыны басқа да табиғи және техногендік сипаттағы апатқа ұшыраған отбасыларға (азаматтарға) берілетін біржолғы көмек - 12 айлық есептік көрсеткіш;
13) денсаулық сақтау ұйымдарында емделуде жатқан және есепте тұрған туберкулез ауруымен ауратындарға біржолғы көмек - 9 айлық есептік көрсеткіш;
14) тұрмысы төмен табысы жоқ отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсету үшін қосымша қаражат бөлінген жағдайда - 9 айлық есептік көрсеткіш;
15) ауданның 90 жасқа толған және одан жоғары жастағы мерейтой иегерлеріне бір жолғы көмек - 10 000 теңге;
16) "Капустин-Яр" және "Азғыр" ядролық полигондары сынақтарынан зардап шеккен халыққа:
бала кезінен мүгедектерге, он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға және жалпы аурудан бірінші топ мүгедектеріне - 2 еселенген айлық есептік көрсеткіш;
екінші топ мүгедектеріне - 1,5 айлық есептік көрсеткіш;
үшінші топтағы мүгедектерге - 1 айлық есептік көрсеткіш.".