О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 октября 2009 года № 1520 «Об утверждении Правил выпуска ценных бумаг для обращения на внутреннем рынке местным исполнительным органом города республиканского значения, столицы»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 октября 2009 года № 1520 «Об утверждении Правил выпуска ценных бумаг для обращения на внутреннем рынке местным исполнительным органом города республиканского значения, столицы»
- Атауы (қаз.)
- «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 2 қазандағы № 1520 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 898
- Қабылданған күні
- 12.11.2015
- Көрсетілген редакция
- 03.08.2023 95398_646566.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.08.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1500000898
- ЭКБ идентификаторы
- 95398
- Редакция идентификаторы
- 95398_646566
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 12:39
0 «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 2 қазандағы № 1520 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 2 қазандағы № 1520 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 41, 399-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару ережесінде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды. Бұл ретте жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қарыз алуының жиынтық көлемі тиісті жергілікті атқарушы орган борышының белгіленген лимитінен аспауға тиіс.».