Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по информатизации и связи от 2 февраля 2009 года № 43 "Об утверждении размеров единиц тарификации"

Бұйрық · № 836 · қабылданған 29.11.2012
Заңдық күші: Қолданыста · 02.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2-2009-no-43/on/2026-09-02/
Басып шығарылды 2026-09-02 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по информатизации и связи от 2 февраля 2009 года № 43 "Об утверждении размеров единиц тарификации" Қолданыста Бұйрық ·№ 836 ·29.11.2012
29.11.2012 редакциясы
02.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.11.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по информатизации и связи от 2 февраля 2009 года № 43 "Об утверждении размеров единиц тарификации"

Қолданыста Бұйрық ·№ 836 · 02.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по информатизации и связи от 2 февраля 2009 года № 43 "Об утверждении размеров единиц тарификации"
Атауы (қаз.)
"Тарификация бірліктерінің өлшемдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2009 жылғы 2 ақпандағы № 43 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
836
Қабылданған күні
29.11.2012
Көрсетілген редакция
29.11.2012 AI69926_0.kaz
Соңғы өзгеріс
29.11.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200008241
ЭКБ идентификаторы
69926
Редакция идентификаторы
AI69926_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 00:43

0 "Тарификация бірліктерінің өлшемдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2009 жылғы 2 ақпандағы № 43 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңының 35-бабының 1-1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Тарификация бірліктерінің өлшемдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2009 жылғы 2 ақпандағы № 43 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5573 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тарификация бірліктерінің өлшемдерінде:
4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) халықаралық телефондық трафигі - 10 секунд (2014 жылғы 1 қаңтардан - 1 секунд);»;
5-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) халықаралық телефон байланысы:
таяу және алыс шетел желілерінде қосылуларды ұсыну кезінде - 10 секунд (2014 жылғы 1 қаңтардан - 1 секунд);
басқа байланыс операторлар желісінен таяу және алыс шетел желілеріне қосылуларды ұсыну кезінде - 10 секунд (2014 жылғы 1 қаңтардан - 1 секунд);»;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) халықаралық роуминг кезінде ұялы байланыс - 30 секунд (2015 жылғы 1 қаңтардан - 10 секунд).».

2 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитеті (Р.Р. Нұршабеков) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі С.С. Сарсеновке жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы Ұлттық
қауіпсіздік комитетінің төрағасы
_______________ Н.Ә. Әбіқаев
2012 жылғы «____» ___________

Қолданыстағы