Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 2 ноября 2009 года № 640 "Об утверждении Правил проведения санитарно-эпидемиологической экспертизы"

Бұйрық · № 860 · қабылданған 30.11.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2-2009-no-640/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 2 ноября 2009 года № 640 "Об утверждении Правил проведения санитарно-эпидемиологической экспертизы" Күшін жойған Бұйрық ·№ 860 ·30.11.2011
27.02.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.02.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 2 ноября 2009 года № 640 "Об утверждении Правил проведения санитарно-эпидемиологической экспертизы"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 860 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 2 ноября 2009 года № 640 "Об утверждении Правил проведения санитарно-эпидемиологической экспертизы"
Атауы (қаз.)
"Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 2 қарашадағы № 640 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
860
Қабылданған күні
30.11.2011
Көрсетілген редакция
27.02.2015 AI62703_2.kaz
Соңғы өзгеріс
27.02.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1100007356
ЭКБ идентификаторы
62703
Редакция идентификаторы
AI62703_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 04:01

0 "Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 2 қарашадағы № 640 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнама актілеріне рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 15 шілдедегі Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 131-ө Өкімін іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 2 қарашадағы № 640 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5862 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, 2010 жыл № 1) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу ережелерінде:
13-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының өзге де талаптарын ескере отырып жүргізіледі.»;
15-тармақта:
2) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«егер ұсынылған өнім, материал және (немесе) бұйым санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектісі болып табылмаса;»;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) қолданыстағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтай отырып, санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізеді.»;
18-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«Санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды мынадай қорытындыларды қамтиды:
1) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкестігі туралы;
2) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес еместігі туралы.».

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (Ж.М.Бекшин) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі және мемлекеттік сатып алу департаменті (Г.С.Төлебаева) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны белгіленген тәртіппен ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы – Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ж.М.Бекшинге жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы