О внесении изменений в решение маслихата от 2 февраля 2009 года №162 "Об утверждении размеров ставок фиксированного налога на единицу налогообложения, расположенную в городе Костанае"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение маслихата от 2 февраля 2009 года №162 "Об утверждении размеров ставок фиксированного налога на единицу налогообложения, расположенную в городе Костанае"
- Атауы (қаз.)
- Мәслихаттың 2009 жылғы 2 ақпандағы №162 «Қостанай қаласында орналасқан салық салу объектісі бірлігінен тіркелген салық ставкаларының мөлшерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 347
- Қабылданған күні
- 13.08.2015
- Көрсетілген редакция
- 28.03.2018 93703_311888.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.03.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15NA005877
- ЭКБ идентификаторы
- 93703
- Редакция идентификаторы
- 93703_311888
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 13:43
0 Мәслихаттың 2009 жылғы 2 ақпандағы № 162 «Қостанай қаласында орналасқан салық салу объектісі бірлігінен тіркелген салық ставкаларының мөлшерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінің 422-бабына сәйкес Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Мәслихаттың 2009 жылғы 2 ақпандағы № 162 «Қостанай қаласында орналасқан салық салу объектісі бірлігінен тіркелген салық ставкаларының мөлшерін бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-1-122 тіркелген, 2009 жылғы 9 сәуірде «Костанай» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қазақ тіліндегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша «ставкаларының» деген сөз «мөлшерлемелерінің» деген сөзбен ауыстырылсын;
көрсетілген шешімнің қосымшасында қазақ тіліндегі бүкіл мәтін бойынша «ставкаларының», «ставкасы» деген сөздер тиісінше «мөлшерлемелерінің», «мөлшерлемесі» деген сөздермен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі мәтін өзгертілмейді.
2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
«Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Мемлекеттік кірістер
комитеті Қостанай облысы бойынша
мемлекеттік кірістер департаментінің
Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік
кірістер басқармасы» республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
__________________С. Доненбаев
«13» тамыз 2015 жыл
«Қостанай қаласы әкімдігінің
экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің басшысы
__________________Н. Дорошок
«13» тамыз 2015 жыл