Құжат мәтініне өту

Об утверждении Протокола о внесении изменений в Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Правительством Азербайджанской Республики о взаимных безвизовых поездках граждан от 2 октября 2009 года

Қаулы · № 456 · қабылданған 01.07.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2-2009/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об утверждении Протокола о внесении изменений в Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Правительством Азербайджанской Республики о взаимных безвизовых поездках граждан от 2 октября 2009 года Қолданыста Қаулы ·№ 456 ·01.07.2021
01.07.2021 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Протокола о внесении изменений в Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Правительством Азербайджанской Республики о взаимных безвизовых поездках граждан от 2 октября 2009 года

Қолданыста Қаулы ·№ 456 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Протокола о внесении изменений в Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Правительством Азербайджанской Республики о взаимных безвизовых поездках граждан от 2 октября 2009 года
Атауы (қаз.)
2009 жылғы 2 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзербайжан Республикасының Үкіметі арасындағы Азаматтардың өзара визасыз жол жүрулері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
456
Қабылданған күні
01.07.2021
Көрсетілген редакция
01.07.2021 156686_531653.kaz
Соңғы өзгеріс
01.07.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2100000456
ЭКБ идентификаторы
156686
Редакция идентификаторы
156686_531653
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 07:43

0 2009 жылғы 2 қазандағы Қазақстан Республикасының

Үкіметі мен Әзербайжан Республикасының Үкіметі арасындағы Азаматтардың өзара визасыз жол жүрулері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. 2009 жылғы 2 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзербайжан Республикасының Үкіметі арасындағы Азаматтардың өзара визасыз жол жүрулері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы 2019 жылғы 14 қазанда Бакуде жасалған хаттама бекітілсін.

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық Хаттаманың мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық Хаттамасының жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық Хаттамаларын тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады

3 2009 жылғы 2 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзербайжан Республикасының Үкіметі арасындағы Азаматтардың өзара визасыз жол жүрулері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы ХАТТАМА

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы « »
№ қаулысымен бекітілген
2009 жылғы 2 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзербайжан Республикасының Үкіметі арасындағы Азаматтардың өзара визасыз жол жүрулері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы ХАТТАМА
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзербайжан Республикасының Үкіметі
2009 жылғы 2 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзербайжан Республикасының Үкіметі арасындағы Азаматтардың өзара визасыз жол жүрулері туралы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) 7-бабының ережелерін негізге ала отырып,
екі мемлекеттің арасындағы достық қарым-қатынастарды одан әрі дамыту, олардың азаматтарының жол жүруін құқықтық реттеу мақсатында,
бір мемлекет азаматтарының екінші мемлекеттің аумағында болуы үшін қолайлы жағдайлар жасауға ниет білдіре отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Келісімнің 1-бабы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бір Тарап мемлекеті азаматтарының тұрақты тұратын жеріне қарамастан, осы Келісімге 1 және 2-қосымшаларда санамаланған жеке басын куәландыратын және азаматтығын растайтын құжаттардың негізінде екінші Тарап мемлекетінің аумағына визасыз келуге, кетуге, транзитпен өтуге, жүріп-тұруға және болуға құқықтары бар.
2. Бір Тарап мемлекетінің аумағында уақытша болатын екінші Тарап мемлекеттерінің азаматтары болатын Тарап мемлекетінің құзыретті органдарында келген күнінен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде тіркелу (болатын жері бойынша есепке қою) міндетінен босатылады.
3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген уақытша болу мерзімі шекараны кесіп өту үшін болатын Тарап мемлекетінің аумағына келу кезінде қойылған шекара қызметі органдарының белгісі бар қолданыстағы құжаттармен, бір Тарап мемлекетінің аумағына екінші Тарап мемлекеті азаматының келген күнінен бастап есептеледі.
4. Бір Тарап мемлекетінің азаматы екінші Тарап мемлекетінің аумағында 30 күннен артық болған жағдайда аталған азамат болатын Тарап мемлекетінің ұлттық заңнамасына сәйкес болатын Тарап мемлекетінің құзыретті органдарында тіркелуге (болатын жері бойынша есепке тұруға) міндетті.
5. Бір Тарап мемлекетінің азаматтарын тіркеу келетін Тарап мемлекетінің Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезден бастап күнтізбелік 90 күннен аспайтын мерзімге жүргізіледі.».
2-бап
Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіру немесе қолдану кезіндегі Тараптар арасындағы кез келген даулар мен келіспеушіліктер дипломатиялық арналар арқылы консультациялар немесе келіссөздер арқылы шешіледі.
3-бап
Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы дипломатиялық арналар арқылы соңғы жазбаша хабарлама алынған күнінен бастап күшіне енеді. Осы Хаттама Келісімнің қолданылуы тоқтатылған күннен бастап өз қолданысын тоқтатады.
2019 жылғы «14» қазанда Баку қаласында әрқайсысы қазақ, әзербайжан және орыс тілдерінде екі төлнұсқа данада жасалды әрі барлық мәтіндер тең түпнұсқасы болып табылады. Мәтіндер арасында алшақтықтар болған жағдайда, Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді.
Қазақстан Республикасының
Үкіметі үшін
Әзербайжан Республикасының
Үкіметі үшін

Қолданыстағы