О внесении изменений и дополнений в постановление от 2 апреля 2010 года N 322 "Об утверждении Инструкции по назначению и выплате социальной помощи"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление от 2 апреля 2010 года N 322 "Об утверждении Инструкции по назначению и выплате социальной помощи"
- Атауы (қаз.)
- "Әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" 2010 жылғы 2 сәуірдегі N 322 қаулыға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 931
- Қабылданған күні
- 25.08.2010
- Көрсетілген редакция
- 22.07.2013 AI54703_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.07.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10VB000134
- ЭКБ идентификаторы
- 54703
- Редакция идентификаторы
- AI54703_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 07:29
0 "Әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" 2010 жылғы 2 сәуірдегі N 322 қаулыға өзгертулер мен толықтырулар
енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 Заңының 16-бабына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 322 қаулымен бекітілген әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу жөніндегі Нұсқаулыққа (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 12 мамырда № 5-2-128 тіркелген, «Семей таңы» және «Вести Семей» газеттерінде 2010 жылғы 27 мамырдағы № 21 жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1 1) бірінші тарауда:
1 тармақта "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II Заңының 31 бабы 1 тармағының 14) тармақшасына" деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 Заңының 16-бабына» деген сөздермен толықтырылсын;
2 2 тармақ мына мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
7 «7) қозғалу-тірек функцияларына зақым келген бірінші, екінші топ мүгедектерін, мүгедек балаларды, сондай-ақ оларды жетектеп жүретін тұлғаларды мүгедектерді тасымалдауға арналған арнайы көлікпен тегін тасымалдау бойынша әлеуметтік көмектің қосымша түрі.»
3 3 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
3
«3. Әлеуметтік көмек көрсету немесе одан бас тарту туралы шешімді азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі қалалық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) қабылдайды. Әлеуметтік көмек мөлшері қарастырылған бюджет қаражаты шегінде белгіленеді. Мүгедектерді көліктік тасымалдау олардың сұраныстарына сәйкес іске асады.»;
6 6 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
6 «6. Әлеуметтік көмек төлемі екінші деңгейдегі банктер және «Қазпошта» акционерлік қоғамының бөлімшелері арқылы жүргізіледі.»;
келесі мазмұндағы 6-1 тармақпен толықтырылсын:
6-1 «6-1. Уәкілетті орган қызметтерді сатып алуды қозғалу-тірек фунцияларына зақым келген бірінші, екінші топ мүгедектерін, мүгедек балаларды, сондай-ақ оларды жетектеп жүретін тұлғаларды, тегін тасымалдау бойынша мемлекеттік сатып алулар туралы Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес жүргізеді»;
2 2) келесі мазмұндағы 6-тараумен және 14, 15, 16 тармақтармен толықтырылсын:
6 «6. Қозғалу-тірек фунцияларына зақым келген бірінші, екінші топ мүгедектерін, мүгедек балаларды, сондай-ақ оларды жетектеп жүретін тұлғаларды тасымалдау бойынша әлеуметтік көмектің қосымша түрі
14 14. Көлікпен тегін тасымалдау жөніндегі әлеуметтік көмектің қосымша түрі қозғалу-тірек функцияларына зақым келген, бірінші, екінші топтағы мүгедектерге, мүгедек балаларға, сондай-ақ оларды жетектеп жүретін адамдарға көрсетіледі.
Мүгедектерді тасымалдау мүгедектерді тасымалдауға арналған арнайы көлікпен қала шегінде мүгедектерді жұмыс орнына немесе оқу орнына, үйіне, денсаулық сақтау, білім беру, атқарушы және өкілетті органдарға, сотқа, прокуратураға, әлеуметтік және тұрмыстық қызмет көрсету және мүгедектерге қызмет көрсетуге қажетті басқа да нысандарға жеткізу мақсатында іске асырылады.