О внесении изменения в решение акима Колутонского сельского округа от 2 июля 2010 года № 1 «О присвоении наименования улице в селе Бирлик»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение акима Колутонского сельского округа от 2 июля 2010 года № 1 «О присвоении наименования улице в селе Бирлик»
- Атауы (қаз.)
- Колутон ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 2 шілдедегі № 1 «Бірлік ауылының көшесіне атау беру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 2
- Қабылданған күні
- 27.03.2017
- Көрсетілген редакция
- 27.03.2017 112008_181591.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.03.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17BFI05924
- ЭКБ идентификаторы
- 112008
- Редакция идентификаторы
- 112008_181591
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 05:37
0 Колутон ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 2 шілдедегі № 1 «Бірлік ауылының көшесіне атау беру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, Колутон ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Колутон ауылдық округі әкімінің «Бірлік ауылының көшесіне атау беру туралы» 2010 жылғы 2 шілдедегі № 1 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-6-134 болып тіркелген, 2010 жылғы 13 тамызда «Маяк» аудандық газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
шешімнің кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:
««Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, халқының пікірін ескере отырып, Колутон ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:».
2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3 3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Астрахан ауданының «Мәдениет
және тілдерді дамыту бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы Г. Карасаева
Астрахан ауданының «Құрылыс,
сәулет және қала құрылысы бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы Н. Кулаков