О внесении изменения в постановление акимата города Алматы от 2 марта 2010 года № 1/144 «Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам, в городе Алматы»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата города Алматы от 2 марта 2010 года № 1/144 «Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам, в городе Алматы»
- Атауы (қаз.)
- Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласында нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы» 2010 жылғы 2 наурыздағы № 1/144 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1/121
- Қабылданған күні
- 24.02.2015
- Көрсетілген редакция
- 24.02.2015 87226_65638.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.02.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15R0001145
- ЭКБ идентификаторы
- 87226
- Редакция идентификаторы
- 87226_65638
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:29
0 Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласында нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы» 2010 жылғы 2 наурыздағы № 1/144 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5 бабының 2 тармағына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласында нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы» 2010 жылғы 2 наурыздағы № 1/144 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 839 болып тіркелген, 2010 жылғы 20 наурыздағы «Вечерний Алматы» газетінің № 36 санында және 2010 жылғы 18 наурыздағы «Алматы ақшамы» газетінің № 33 санында жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы осы қаулыны интернет-ресурста орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ю. Ильинге жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы «24» ақпандағы № 1/121 қаулысына қосымша
Нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі:
1. Колледждерді және кәсіптік лицейлерді бітірушілер.
2. Ұзақ уақыттан бері (алты және одан да көп ай) жұмыс істемейтін тұлғалар.
3. Елу жастан асқан адамдар.