Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по статистике от 2 июля 2010 года № 168 «Об утверждении Правил представления и использования в научных целях баз данных в деидентифицированном виде»

Бұйрық · № 23 · қабылданған 12.02.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2-2010-no-168-ekb-139569/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по статистике от 2 июля 2010 года № 168 «Об утверждении Правил представления и использования в научных целях баз данных в деидентифицированном виде» Қолданыста Бұйрық ·№ 23 ·12.02.2020
12.02.2020 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.02.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по статистике от 2 июля 2010 года № 168 «Об утверждении Правил представления и использования в научных целях баз данных в деидентифицированном виде»

Қолданыста Бұйрық ·№ 23 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по статистике от 2 июля 2010 года № 168 «Об утверждении Правил представления и использования в научных целях баз данных в деидентифицированном виде»
Атауы (қаз.)
«Деректер базаларын сәйкестендірілмеген түрінде ғылыми мақсаттарда ұсыну және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 2 шілдедегі № 168 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
23
Қабылданған күні
12.02.2020
Көрсетілген редакция
12.02.2020 139569_444000.kaz
Соңғы өзгеріс
12.02.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000020034
ЭКБ идентификаторы
139569
Редакция идентификаторы
139569_444000
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 16:02

0 «Деректер базаларын сәйкестендірілмеген түрінде ғылыми мақсаттарда ұсыну және пайдалану қағидаларын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының
2010 жылғы 2 шілдедегі № 168 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Деректер базаларын сәйкестендірілмеген түрінде ғылыми мақсаттарда ұсыну және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 2 шілдедегі № 168 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6388 болып тіркелген, 2010 жылғы 30 қарашадағы № 506-512 (26355) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Деректер базаларын сәйкестендірілмеген түрінде ғылыми мақсаттарда ұсыну және пайдалану қағидаларында:
1-бөлімнің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Деректер базаларын сәйкестендірілмеген түрінде ғылыми мақсаттарда ұсыну және пайдалану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 6-тармағына, «Ғылым туралы» 2011 жылғы
18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және деректер базаларын сәйкестендірілмеген түрінде ғылыми мақсаттарда ұсыну және пайдалану тәртібін айқындайды.»;
2-бөлімнің 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Комиссия олардың қалыптастырылуын және сәйкестендірілмеу мүмкіндігін тексере отырып, сұратылатын деректер базаларын ұсыну мүмкіндігін қарастырады. Сұрау салуды қарастыру нәтижесі оң болған жағдайда «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Ақпараттық-есептеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны ведомствоға бағынысты ұйым (бұдан әрі – ведомствоға бағынысты ұйым) орнына нөмірлеуді қолдана отырып, респондент туралы сәйкестендіруші ақпаратты (респонденттің тегі, аты, әкесінің аты, заңды тұлғаның атауы, сәйкестендіру нөмірі) жояды. Ведомствоға бағынысты ұйым құрылымдық бөлімшеге қалыптастырылған сәйкестендірілмеген түрдегі деректер базаларын CD дискіде жолдайды.».

2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Ақпараттық технологиялар басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3

3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Ақпараттық технологиялар басқармасы осы бұйрықты мүдделі құрылымдық бөлімшелерге және «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Ақпараттық-есептеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жұмыс бабында басшылыққа алу және қолдану үшін жеткізсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының орынбасарына (Н. Көшкімбаев) жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрлігі

Қолданыстағы