О внесении изменения в решение маслихата от 2 сентября 2010 года № 294 "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение маслихата от 2 сентября 2010 года № 294 "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи"
- Атауы (қаз.)
- Мәслихаттың 2010 жылғы 2 қыркүйектегі № 294 "Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін анықтау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 405
- Қабылданған күні
- 26.10.2011
- Көрсетілген редакция
- 31.10.2014 AI61180_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.10.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11NL000167
- ЭКБ идентификаторы
- 61180
- Редакция идентификаторы
- AI61180_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 04:22
0 Мәслихаттың 2010 жылғы 2 қыркүйектегі № 294 "Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін анықтау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 97 бабына, "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызметті көрсету стандартына сәйкес Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Мәслихаттың "Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін анықтау туралы" 2010 жылғы 2 қыркүйектегі № 294 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-12-145 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 21 қазанда "Айна" аудандық газетінде жарияланған) мына өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында 4 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"4. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындау үшін қажетті құжаттар тапсырылған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде тұрғын үй көмегін тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды, оның бір данасы өтініш берушіге беріледі.".
2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
"Қарабалық ауданының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
_________________________ Т. Салмина