Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение маслихата от 2 сентября 2010 года № 294 "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи"

Өзге акт · № 65 · қабылданған 15.10.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2-2010-no-294-ekb-68194/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
О внесении изменений в решение маслихата от 2 сентября 2010 года № 294 "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи" Күшін жойған Өзге акт ·№ 65 ·15.10.2012
31.10.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.10.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение маслихата от 2 сентября 2010 года № 294 "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи"

Күшін жойған Өзге акт ·№ 65 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение маслихата от 2 сентября 2010 года № 294 "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи"
Атауы (қаз.)
Мәслихаттың 2010 жылғы 2 қыркүйектегі № 294 "Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін анықтау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
65
Қабылданған күні
15.10.2012
Көрсетілген редакция
31.10.2014 AI68194_2.kaz
Соңғы өзгеріс
31.10.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12NL003852
ЭКБ идентификаторы
68194
Редакция идентификаторы
AI68194_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:09

0 Мәслихаттың 2010 жылғы 2 қыркүйектегі № 294 "Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін анықтау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 97-бабына сәйкес Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1

1. Қарабалық аудандық мәслихатының "Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін анықтау туралы" 2010 жылғы 2 қыркүйектегі № 294 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-12-145 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 21 қазанда "Айна" аудандық газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
мәслихаттың көрсетілген шешімінің қосымшасында:
1-тараудың 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қарабалық ауданында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды;
тұрғын жайдың меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және қалалық телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;
жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысын төлеуге;
жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге беріледі.
Тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу үшін жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша, сондай-ақ жекешелендірілген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдік сыныбы 2,5 электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің орнына орнатылатын тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге жеткізуші ұсынған шот бойынша тұрғын үй көмегі көрсетіледі.
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қолданылған шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттарының әрқайсысы бойынша шығыстарының сомасы ретінде айқындалады.
Тұрғын үй көмегі тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстардың, коммуналдық қызметтерді және қалалық телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына, жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының, жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнының сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.";
3-тараудың 22-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"22. Тұрғын үй көмегін төлеу уәкілетті органмен тұрғын үй көмегін алушылардың өтініші бойынша, тұрғын үй көмегін алушының, қызмет көрсетушілердің, кондоминимум нысандарын басқару органдарының банктік шоттарына аударылып екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.".

2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ
"Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы
_______________ Т. Салмина

Қолданыстағы