О внесении изменений в приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 2 февраля 2011 года № 43 «Об утверждении Правил определения годности к эксплуатации неклассифицируемых и временных аэродромов и посадочных площадок»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 2 февраля 2011 года № 43 «Об утверждении Правил определения годности к эксплуатации неклассифицируемых и временных аэродромов и посадочных площадок»
- Атауы (қаз.)
- «Сыныпталмайтын және уақытша әуеайлақтардың, қону алаңдарының пайдалануға жарамдылығын айқындау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 2 ақпандағы № 43 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 357
- Қабылданған күні
- 04.06.2019
- Көрсетілген редакция
- 04.06.2019 132331_413749.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.06.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1900018807
- ЭКБ идентификаторы
- 132331
- Редакция идентификаторы
- 132331_413749
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 19:39
0 «Сыныпталмайтын және уақытша әуеайлақтардың, қону алаңдарының пайдалануға жарамдылығын айқындау қағидасын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 2 ақпандағы № 43 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Сыныпталмайтын және уақытша әуеайлақтардың, қону алаңдарының пайдалануға жарамдылығын айқындау қағидасын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 2 ақпандағы № 43 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6788 болып тіркелген, 2012 жылғы 18 шілдедегі № 229-230 (27048-27049) «Казахстанская правда» газетінде жарияланған)) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сыныпталмайтын және уақытша әуеайлақтардың, қону алаңдарының пайдалануға жарамдылығын айқындау қағидасында:
3-тармақтың 18) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«18) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым (бұдан әрі - уәкілетті ұйым) – жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, Қазақстан Республикасының Азаматтық авиация саласын тұрақты дамытуды, ұшу қауіпсіздігін және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғам.»;
11 және 12 -тамақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Әуеайлақтарды (қону алаңдарын) тексеру және зертеу нәтижелері бойынша комиссия осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес әуеайлақ объектілерінің нақты жағдайларын, қорытындыларын, ұсынымдарын, әуеайлақтың (қону алаңының) Сыныпталмайтын және уақытша әуеайлақтардың,қону алаңдарының сипаттамалары бойынша техникалық ұсынымдарға сәйкестігін көрсете отырып, екі данада (әуеайлақтың (қону алаңының) меншік иесі (пайдаланушысы) мен уәкілетті ұйымға бір-бірден) Акт жасайды, сондай-ақ Актінің қолданылу мерзімін көрсете отырып (күзгі-қысқы немесе көктемгі-жазғы навигация кезеңіне) әуеайлақтың (қону алаңының) пайдалануға жарамдылығы туралы қорытынды көрсетіледі.
12. Актіге комиссияның барлық мүшелері қол қояды және үш жұмыс күні ішінде уәкілетті ұйымға жіберіледі.».
2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;