Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 июля 2011 года № 767 "Об утверждении Правил перевозок пассажиров и багажа автомобильным транспортом"

Қаулы · № 199 · қабылданған 28.02.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2-2011-no-767-ekb-71409/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 июля 2011 года № 767 "Об утверждении Правил перевозок пассажиров и багажа автомобильным транспортом" Күшін жойған Қаулы ·№ 199 ·28.02.2013
01.09.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.09.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 июля 2011 года № 767 "Об утверждении Правил перевозок пассажиров и багажа автомобильным транспортом"

Күшін жойған Қаулы ·№ 199 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 июля 2011 года № 767 "Об утверждении Правил перевозок пассажиров и багажа автомобильным транспортом"
Атауы (қаз.)
"Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі № 767 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
199
Қабылданған күні
28.02.2013
Көрсетілген редакция
01.09.2015 AI71409_2.kaz
Соңғы өзгеріс
01.09.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1300000199
ЭКБ идентификаторы
71409
Редакция идентификаторы
AI71409_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 23:35

0 "Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі № 767 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы

2 шілдедегі № 767 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 45, 611-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасында:
3-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші абзацтармен толықтырылсын:
«диспетчерлік жүйе – келісілген маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарының қозғалысы туралы нақты уақыт режимінде үздіксіз ақпарат алуға мүмкіндік беретін жүйе;
диспетчерлік жүйе операторы – диспетчерлік жүйені ұйымдастыруды және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жеке және заңды тұлғалар;»;
10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдау кезiнде пайдаланылатын автобустар мен шағын автобустар Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнің Стандарттау, метрология және сертификаттау комитетiнiң 2001 жылғы 22 қазандағы № 378 бұйрығымен бекiтiлген «Жолаушылар тасымалдары бойынша автокөлiк қызметтерi» туралы ҚР СТ 1040-2001 сәйкес келуi тиiс, бұл ретте:
1) қалалық және қала маңындағы тұрақты автомобильмен тасымалдау маршруттарында кемiнде екi жолаушы есiгi бар қалалық автобустарды (I класты), шағын автобустарды, сондай-ақ қала маңындағы автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарында қалааралық автобустарды (II класты) пайдалануға рұқсат етiледi;
2) қалааралық облысаралық және халықаралық автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарында қалааралық автобустар (II класты) немесе алысқа жүретiн автобустар (III класты) пайдаланылуы тиiс. Республикалық маңызы бар жолдар бойынша осы маршруттардың ұзақтығы 300 км-ге дейiн болса, шағын автобустарды пайдалануға рұқсат етiледi;
3) халықаралық қатынастарда жолаушыларды автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдайтын маршруттарға тасымалдау түрлерін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар тасымалдаушылар жіберіледі;
4) жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдауда тұрақты қалааралық облысаралық, халықаралық және қалалық (республикалық маңызы бар қалаларда және астанада, сондай-ақ облыс орталықтарында) маршруттарда қолданылатын автобустар мен шағын автобустар тасымалдарды жүзеге асыру кезінде нақты уақыт режимінде байланыс арналары арқылы деректерді үздіксіз беру жүйелерімен жабдықталады.
11. Республикалық маңызы бар жолдар бойынша ұзақтығы 150 км астам қатынастарда жолаушылар мен багажды автомобильмен қалааралық және халықаралық тұрақты және тұрақсыз тасымалдау үшін пайдаланылатын автобустарда шалқаймалы арқалықтары бар жұмсақ отырғыштары болуы тиiс.
Осы талап маршруты ирелеңдері, бұрылыстардың кіші радиустары немесе паромдық өткелі бар таулы жерлерден өтетін ауданаралық (қалааралық облысішілік) тасымалдауға қолданылмайды.»;
мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
«11-1. Маршруттың ұзақтығы 500 км асатын болса, автобус салонында ауыстырушы жүргізушінің орны көзделеді.»;
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«27. Такси сырттан екі бүйірі бойынша (белдеумен) шахматтық тәртіппен орналасқан қара және сары шаршылардан тұратын бірыңғай ерекшелік белгісімен мынадай өлшемде ресімделеді:
биіктігі – 30 сантиметр;
ұзындығы – кемінде 100 сантиметр.»;
28-тармақ алынып тасталсын;
29 және 30-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«29. Такси жарамды, стандарттау жөніндегі уәкiлеттi орган тексерген және пломбаланған таксометрмен немесе кассалық бақылау машинасымен жарақталады.
Көлік құралдарында кассалық бақылау машиналарын салық органдарында тіркеусіз пайдалануға жол берілмейді.
30. Таксидiң салонында жолаушылар көретіндей жерде жүргiзушiнiң фотосуретi бар, тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiлген визит карточкасы, сондай-ақ:
1) тасымалдаушының ресми атауы, оның мекенжайы және телефон нөмірі;
2) таксометр болған жағдайда 1 км дейінгі, сондай-ақ келесі аралықтағы жол жүру құны көрсетілген ақпараттық тақта орнатылады.»;
36-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жетпiс бес пайыздан артық қосарлану учаскесiнде автобустардың орташа сыйымдылығын пайдалану кезiнде уақыт бойынша айырмашылығы:
150 км дейiнгi қосарлану ұзақтығында 10 минутқа дейiн;
350 км дейiнгi қосарлану ұзақтығында 15 минутқа дейiн;
350 км артық қосарлану ұзақтығында 20 минутқа дейiн қысқартылады.»;
37-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«37. Жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдау маршруттарында (халықаралық қатынастардан басқа) барлық маршруттардың ұзақтығында автобустардың орташа жылдық толтырылуы жетпiс бес пайыздан артық болған кезде тасымалдауды ұйымдастырушы тасымалдаушылардың немесе жолаушылардың өтiнiшi бойынша қосымша қозғалыс кестесiн енгiзу туралы шешiм қабылдайды. Қалааралық облысаралық маршруттарға қатысты қосымша қозғалыс кестесін енгізу туралы шешімді автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті орган облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша қабылдайды.»;
мынадай мазмұндағы 37-1-тармақпен толықтырылсын:
«37-1. Ұзақтығы 300 км-ге дейінгі тұрақты қалааралық облысаралық маршруттарда автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті орган тиісті облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша автобустардың, шағын автобустардың еркін қозғалысы бойынша жолаушыларды және багажды тасымалдауды жүзеге асырудың тұрақты кезеңін көрсете отырып, қозғалыс кестесін бекітеді. Автобустардың, шағын автобустардың еркін қозғалысы бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдауға қызмет көрсету құқығы маршрутқа қызмет көрсететін тасымалдаушыға беріледі.»;
45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«45. Жүргiзушi рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық тексеруден рейске (ауысымға) шыққанға дейiн немесе таксидегі жұмыс басталғанға дейін отыз минут қалғанда жол қағазын немесе борт журналын, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжатты көрсету бойынша өтедi.»;
48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«48. Шағымдары, аурудың нақты белгiлерi мен ағзаның жұмыс iстеу жай-күйiнiң бұзылуы болмаған кезде, тексерiлушi көлiк құралдарын басқаруға жiберiледi.
Медицина қызметкерi жүргізушілер жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауын жүзеге асырған кезде – борт журналының, жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауын, сондай-ақ таксимен тасымалдауды жүзеге асырған кезде жол қағазының тиiстi бағаналарына мөртабан қояды. Мөртабанда тексеруден өткен уақыт пен медицина қызметкерiнiң қолы қойылады.»;
58-тармақтың екінші бөлігі 6) тармақшадағы «дүңгіршегі болуы тиіс.» деген сөздер «дүңгіршегі;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7), 8) тармақшалармен толықтырылсын:
«7) Интернет желісіне сымсыз қол жеткізу нүктелері;
8) жолаушыларды отырғызу және түсіру пункттерінде, жолаушыларға арналған күту залында, автобустар тұрақтары үшін алаңдарда бейнебақылау құралдары болуы тиіс.»;
74-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«74. Жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуды:
1) автовокзалдардың, автостанциялар мен кассалық пункттердің билет кассалары арқылы;
2) маршруттың аралық аялдама пункттерінде билет кассалары болмаған жағдайда автобуста, шағын автобуста отыратын бос орындар болса, сондай-ақ жолаушылар мен багажды 50 км артық қашықтықта тасымалдауды жүзеге асыру кезінде автобустардың толу нормасына дейін жүргізуші немесе кондуктор;
3) ұйымдастырылатын билет кассалары арқылы немесе байланыс құралдарын пайдалана отырып жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.»;
76, 77 және 78-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«76. Жол жүру құжаттарын (билеттерін) ағымдағы сатумен қатар алдын ала сату, сондай-ақ байланыс құралдарын пайдалану және үйге жеткізіп беру арқылы жол жүру құжаттарын (билеттерін) сату жүзеге асырылады.
Жол жүру құжаттарын (билеттерiн) алдын ала сату, сондай-ақ байланыс құралдарын пайдалану арқылы сатылған жол жүру құжаттарын (билеттерiн) үйге жеткiзiп бергенi үшiн қызмет көрсеткенi үшiн ақы алынуы мүмкін.
77. Жол жүру құжаттарын (билеттерін) алдын ала сату, соның ішінде билет алуға тапсырысты ресімдеу автобус, шағын автобус жөнелтілгенге дейін күнтiзбелiк 30 күн бұрын басталады және автобус, шағын автобус жөнелтілгенге дейін 24 сағат бұрын аяқталады.
78. Жол жүру құжаттарын (билеттерін) ағымдағы сату автобус, шағын автобус жөнелтілгенге дейін 5 минут бұрын аяқталады.»;
79-тармақ алынып тасталсын;
80 және 81-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«80. Жол жүру құжаты (билетi) жоғалған және жолаушы автобус, шағын автобус жөнелтiлгенге дейiн үш сағаттан кешiктiрмей жол жүру құжатын (билетін) сатқан адамға немесе тасымалдаушыға барған жағдайда және жолаушының жол жүру құжатын (билетін) сатып алғаны расталса, билет ақы алмай қалпына келтірілуі тиіс.
81. Жолаушы алынған жол жүру құжатын (билетін) кассаға автобус немесе шағын автобус жөнелтілгенге дейін қайтарған кезде, оған жол жүру құжатын (билетін) сатқан адам көздеген пайыздар шегерілген жол жүру құжатының (билеттің) төленген құны қайтарылады.»;
мынадай мазмұндағы 99-1-тармақпен толықтырылсын:
«99-1. Қалааралық облысаралық және халықаралық қатынастарда автобустың немесе шағын автобустың бастапқы жөнелтілуі алдында жолаушылар салонда ауызша немесе дыбыс немесе бейнежазба арқылы мемлекеттік және орыс тілдерінде:
1) тасымалдаушы;
2) маршруттың атауы;
3) сапардың километрдегі ұзақтығы;
4) жолда жүру уақыты;
5) аралық аялдамалар;
6) автобустың немесе шағын автобустың қозғалысы кезіндегі шектеулер;
7) шұғыл жағдайлар кезіндегі жүріс-тұрыс туралы;
8) қосымша сервис туралы хабардар етілуі тиіс.»;
мынадай мазмұндағы 125-1-тармақпен толықтырылсын:
«125-1. Уағдаластық бойынша автостанциялар мен автовокзалдардың, тасымалдаушылардың диспетчерлік қызметтері автобустар мен шағын автобустар қозғалысының процесі бойынша нақты режимде байланыс арналары арқылы диспетчерлік жүйенің операторларынан ақпарат алады.»;
132-тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалааралық облысаралық тасымалдауды ұйымдастыру үшін автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті орган облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органдарына маршруттардың негізгі сипаттамалары бойынша мынадай ақпаратпен қоса бекітілген және келісілген жол жүру кестесін береді:»;
145-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«145. Жылжымалы құрам (резервтегіден басқа) мен жүргiзушi персоналды осы маршрутты қамтитын лот бойынша конкурс аяқталғанға дейiн конкурстық ұсыныстарда бiр маршруттан артық қайталап көрсетуге рұқсат берiлмейдi.
Қатысушылар жылжымалы құрам (резервтегіден басқа) мен жүргiзушi персоналды осы маршрутты қамтитын лот бойынша конкурс аяқталғанға дейiн конкурстық ұсыныстарда бiр маршруттан артық көрсету фактiлері анықталған жағдайда неғұрлым кеш тапсырылған конкурстық ұсыныстар жарамсыз болып есептеледi.»;
152-тармақта:
3) тармақша алынып тасталсын;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) жылжымалы құрамның әрбір бірлігі үшін техникалық паспорттардың және алдыңғы тоқсанға мемлекеттік техникалық байқаудан өту туралы куәліктердің көшірмелерін. Бұл ретте, жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдаудың басқа маршруттарында негізгі ретінде пайдаланылатын жылжымалы құрамды резервтік ретінде, ал резервтікті негізгі ретінде ұсынуға жол беріледі. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдаудың басқа маршруттарында негізгі жылжымалы құрам ретінде пайдаланылатын жылжымалы құрамды негізгі ретінде ұсынуға жол берілмейді;»;
175-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«175. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдаудың республикаішілік ұйымдастыру шарты қолданысының тоқтатылуына дейін күнтізбелік 60 күннен кешіктірмей жергілікті атқарушы орган осы шарт бойынша қызмет көрсетілетін маршруттарға конкурс жариялайды. Бұл ретте конкурс жеңімпазымен осы маршрутқа қолданылатын шарт аяқталған күннен бастап күшіне енетін жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік тасымалдауды ұйымдастыру шартын жасасады.
Тасымалдаушы жергілікті атқарушы органға осы шарт бойынша қолданысын тоқтатқан куәліктерді береді.»;
мынадай мазмұндағы 179-1, 179-2-тармақтармен толықтырылсын:
«179-1. Автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті орган жолаушылар мен багажды тұрақты қалааралық облысаралық тасымалдауға берген куәліктердің қолданысын осы орган:
1) тасымалдаушының жазбаша өтініші;
2) егер тасымалдаушы автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті органның келісімінсіз маршруттардағы автобустардың қозғалыс кестесі мен схемасына өзгерістер енгізсе;
3) егер тасымалдаушы куәліктің қолданылу кезеңінде күнтізбелік 15 күн бойы маршрутта жолаушылар тасымалдауды орындамаса;
4) төмен жиілік (айына жетпіс пайыздан кем);
5) тасымалдаушының (тасымалдаушы жүргізушісінің) кінәсі бойынша адам өліміне соқтырған жол-көлік оқиғасының болуы;
6) маршрутта автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті орган берген куәліктерде көзделмеген автобустарды пайдалану;
7) маршрутта (маршруттарда) жұмыс істеу құқығын үшінші тарапқа беру жағдайларында тоқтатады.
179-2. Тасымалдаушы (жүргізуші) маршрутта тұрақты қалааралық облысаралық жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдау куәлігінің түпнұсқасын немесе егер осы куәліктің түпнұсқасын осы орган берген болса автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті орган растаған көшірмесін қолданады.»;
249-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«249. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалааралық облысаралық (астана мен республикалық маңызы бар қаланы қоса алғанда) тұрақты тасымалдауы көрсетілген жолаушылар мен багажды тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығы конкурсында жеңген және тиісті жергілікті атқарушы органдар мен тасымалдаушылар арасында жасалған шарттар негізінде осы Қағиданың 11-қосымшасына сәйкес нысан бойынша оларға қызмет көрсету құқығына куәлік алған тасымалдаушылар жүзеге асырады.»;
мынадай мазмұндағы 249-1-тармақпен толықтырылсын:
«249-1. Жылжымалы құрам, соның ішінде резервтегі бойынша куәлікке өзгерістер мен толықтырулар енгізуге тасымалдаушының өтініші бойынша және толықтырылатын немесе ауыстырылатын жылжымалы құрам класы және шығарылған жылы ұқсас (не одан жоғары) болып табылған жағдайда осы куәлікті берген орган рұқсат береді.»;
259-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«259. Осы Қағиданың 12-қосымшасына сәйкес нысан бойынша автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті орган растаған маршрут бойынша қозғалыс схемалары мен ол бойынша қозғалыс кестелерiн, жолаушылар мен багажды тасымалдауға арналған тарифтердi және жолаушылар мен багажды автомобильмен халықаралық тұрақты тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсатты (бұдан әрi – халықаралық тасымалдауға арналған рұқсат құжаттары) алу үшiн, сондай-ақ халықаралық тасымалдауға арналған рұқсат құжаттарының қолданылу мерзiмiн ұзарту үшiн тасымалдаушы автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті органға жеке папкаға ресiмделген мына құжаттарды қоса ұсынады:»;
268-тармақта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) ашылып жатқан бастапқы және аралық пункттері және қолданыстағы ұзақтығы 250 км асатын тұрақты халықаралық маршруттар бойынша қозғалыс кестесінің айырмашылығы 1 сағаттан аз уақытты құраса;»;
6) тармақшадағы «келісімі алынбаса бас тартылады.» деген сөздер «келісімі алынбаса;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) ашылып жатқан бастапқы және аралық пункттері және қолданыстағы ұзақтығы 250 км дейінгі халықаралық тұрақты маршруттар бойынша қозғалыс кестесінің айырмашылығы 15 минуттан аз уақытты құраса, бас тартылады.»;
272-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«272. Халықаралық қатынаста жол жүру үшін жол жүру құжаттарын (билеттерін) алу тәртiбi осы Қағидада белгіленген қалааралық облысаралық қатынаста билеттер алу тәртiбiне сәйкес болуға тиіс.
Бұл ретте, халықаралық қатынастағы жол жүру құжаттарын (билеттерін) сату билетте жолаушының тегі, аты, әкесінің аты көрсетілуі арқылы жүзеге асырылады.
Жолаушыны рейске отырғызу жолаушының жеке басын куәландыратын құжаттың негізінде билетте көрсетілген тегі, аты, әкесінің атын тексере отырып, жүзеге асырылады.
Багаждың багаж автомобильдерінде тасымалдануы, алып жүруі осы Қағиданың 6-тарауының 5-бөлімінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.»;
288-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«288. Жолаушылар мен багажды таксимен дара кәсіпкерлердің немесе заңды тұлғалардың (бұдан әрі – таксимен тасымалдаушы) тасымалдауы «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті органға белгіленген нысандағы хабарламаларды беру жолымен осы Қағиданың 26-30-тармақтарының талаптарына сәйкес жабдықталған жеңіл автомобильдермен жүзеге асырылады.
Таксимен жолаушылар мен багажды тасымалдауды ұйымдастыру кезінде қызметті хабарландыру тәртібінің талаптарын сақтамай жүзеге асыруға рұқсат етілмейді.»;
10-тараудың 2-бөлімінің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Таксимен тасымалдауды жүзеге асыру және диспетчерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру тәртібі»;
мынадай мазмұндағы 290-1, 290-2, 290-3, 290-4, 290-5, 290-6 және 290-7-тармақтармен толықтырылсын:
«290-1. Жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдауды ұйымдастыру кезінде таксимен тасымалдаушы:
1) автокөлік құралдарының рейс алдындағы техникалық байқаудан және такси жүргізушілерінің рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық тексерістен өтуін;
2) диспетчерлік қызметтің немесе диспетчерлік қызметті көрсету жөніндегі шарттың болуын;
3) таксидің ақауы болған жағдайда, оны уақтылы ауыстыруды қамтамасыз етеді.
290-2. Дара кәсіпкер немесе заңды тұлға байланыс қызметтерін диспетчерлік қызмет ретінде көрсету бойынша қызмет көрсету алдында «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес ұлттық ресурстардың және байланыс операторларының тізіліміне енгізілуі тиіс.
290-3. Диспетчерлік қызмет тапсырыста көрсетілген уақытқа қарай таксиді ұсыну бойынша тапсырыстардың орындалуына үздіксіз бақылауды, сондай-ақ таксимен тасымалдаудың технологиялық процесін үйлестіруді жүзеге асырады.
290-4. Диспетчерлік қызметі болмаған жағдайда таксимен тасымалдаушының қызмет көрсетуіне рұқсат етілмейді.
290-5. Диспетчерлік қызмет «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен берілген таксимен тасымалдау бойынша қызметтің басталғандығы туралы ескертпе талоны бар, сондай-ақ жеңіл автомобильдері осы Қағиданың 26-30-тармақтарының талаптарына сәйкес жабдықталған таксимен тасымалдаушымен шарт жасасады.
290-6. Диспетчерлік қызметтің негізгі функциялары:
1) жеке және заңды тұлғалардың такси қызметіне тапсырыстарын қолжетімді байланыс құралдары арқылы қабылдау және тапсырыстарды такси жүргізушілерінің арасында бөлу;
2) таксиге тапсырыс берген жолаушыға жіберілген таксидің нөмірін, тапсырыстың бағасын және келетін уақытын хабарлау;
3) тапсырыс бойынша таксидің кетуін және уақтылы келуін қадағалау;
4) жолаушыларды маршрут бойынша жол жүрудің қиындықтары, оның ішінде ауа райы-климаттық немесе жолдағы басқа жағдайларға байланысты қозғалыстағы шектеулер мен тыйымдар туралы хабардар ету;
5) жүргізушілерге маршруттағы қозғалыстың, оның ішінде жолда болатын ауа райы-климаттық немесе басқа да жағдайларға байланысты ерекшеліктері туралы нұсқау беру;
6) ауа райы-климаттық немесе басқа да жағдайларға байланысты жолда болатын қозғалыс шектеулері немесе тыйымдар кезінде жолаушыларды жеткізу бойынша шаралар қабылдау;
7) жол жүру құжаттамасын ресімдеу және диспетчерлік журнал жүргізу болып табылады.
290-7. Диспетчерлік қызметтер жолаушыларды таксимен тасымалдаушыларға байланыс қызметін көрсету кезінде:
1) жүргізушінің рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық тексеруден өтпей немесе автомобиль-таксиді техникалық байқаудан өткізбей желіге шығуын;
2) такси жүргізушілерінің еңбек және демалыс режимін бұзуын болдырмайды.»;
294 және 295-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«294. Такси жіберуге тапсырыстар қабылдауды тасымалдаушы орталықтандырылған түрде қолжетiмдi байланыс құралдары бойынша диспетчерлiк қызмет арқылы ұйымдастырады.
295. Жолаушының таксиге отыруы және одан түсуі толық тоқтағаннан кейiн жүзеге асырылады. Жолда тоқтау кезінде отырғызу және түсіру автокөліктің оң жағынан жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы 295-1-тармақпен толықтырылсын:
«295-1. Жолаушы тасымалдау шартын бұзбай таксиден түсіп кеткен жағдайда жүргізуші таксидің жолаушыны күтіп тұрып қалған алдын ала келісілген бүкіл кезеңіне ақшалай кепілдік талап етеді.
Егер жолаушы оны күтiп тұрған такси-автомобильге алдын ала келiсiлген уақыт iшiнде қайтып келмесе, тасымалдау шарты тоқтатылды деп есептеледi.»;
296 және 297-тармақтар алынып тасталсын;
300-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«300. Такси жіберуге тапсырыстың құнын жолаушы сапар аяқталған соң төлейдi. Таксимен жол жүру төлемiн жолаушы таксометр көрсеткіштеріне сәйкес өзi жүрiп өткен қашықтық үшiн қолданылып жүрген тарифке сәйкес немесе кассалық бақылау машинаны қолданумен сапарды ұйымдастыру туралы ауызша шарттың негізінде сапар аяқталған және багаж түсiрiлген соң төлейдi. Аяқталған сапар үшiн төлем туралы түбiртектер мен анықтамалар жолаушылардың талабы бойынша беріледі.»;
306-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«306. Барлық жолаушылар жиналатын пункттерде (әуежай, вокзалдар, iрi сауда және мәдениет орталықтары), сондай-ақ даңғылдарда, көшелерде, кварталдарда, тұйық көшелерде облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасының автомобиль көлігі туралы заңнамасына сәйкес такси тұрақтарының ұйымдастырылуын және жабдықталуын қамтамасыз етеді.
Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары уәкілетті органмен такси тұрақтарын ұйымдастыру және жабдықтау бойынша жоспар мен схемасын келіседі.»;
көрсетілген Қағидаға 1, 4, 8, 10, 11 және 12-қосымшалар осы қаулыға 1, 2, 3, 4, 5 және 6-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Жол жүру құжаттарының (билеттерiнiң) және багаж түбiртектерiнiң нысандары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 28 ақпандағы
№ 199 қаулысына
1-қосымша
Автомобиль көлігімен жолаушылар
мен багажды тасымалдау қағидасына
1-қосымша
Жол жүру құжаттарының (билеттерiнiң) және багаж түбiртектерiнiң нысандары

1 1. Қалалық қатынаста жол жүруге арналған жол жүру құжаттарының (билеттерiнiң) нысандары:

1 1) жолаушылардың жол жүруіне арналған бiр реттiк бақылау билетi – билеттiң жазулары көк түспен ресімделеді:

кемінде 35 мм
АВ­ТО­БУС
(ша­ғын ав­то­бус)
_________ қа­ла­сы
Жо­ла­у­шы­лар­дың қа­ла­лық қа­ты­на­ста жол жү­ру­іне ар­нал­ған
Се­ри­я­сы ___________
№ 0000000
00 тең­ге
20__ жыл
ке­мін­де 60 мм

2 2) балалардың жол жүруіне арналған бiр реттiк бақылау билетi – билеттiң жазулары қызыл түспен ресімделеді:

кемінде 35 мм
АВ­ТО­БУС
(ша­ғын ав­то­бус)
_________ қа­ла­сы
Жо­ла­у­шы­лар­дың қа­ла­лық қа­ты­на­ста жол жү­ру­іне ар­нал­ған
ба­ла­лар би­ле­ті
Се­ри­я­сы ___________
№ 0000000
00 тең­ге
20__ жыл
ке­мін­де 60 мм

3 3) белгiленген нормадан тыс қол жүгiн және багажды алып жүруге арналған билет – билеттiң жазулары жасыл түспен ресімделеді:

кемiнде 35 мм
АВ­ТО­БУС
(ша­ғын ав­то­бус)
________ қа­ла­сы
Қа­ла­лық қа­ты­на­ста ба­гаж алып жү­ру­ге ар­нал­ған
Се­ри­я­сы __________
№ 0000000
00 тең­ге
20__ жыл
ке­мін­де 60 мм

4 4) жолаушылардың жол жүруіне арналған ұзақ пайдаланылатын жол жүру билетi (көлемi А7) - ресімделуі мен қорғаныс дәрежесiн жергiлiктi атқарушы органдар белгiлейдi:

___________ қа­ла­сы             Се­ри­я­сы ______
№ 0000000
Ұзақ пай­да­ла­ны­ла­тын жол жү­ру би­летi
_______________ жа­рам­ды
0000 тең­ге
___________ негiзiн­де
_____________ берiл­дi

2 2. Жолаушылардың қала маңындағы қатынаста жол жүруіне арналған жол жүру құжаттарының (билеттерiнiң) нысаны:

1 1) жолаушылардың жол жүруіне арналған билет – ашық түстi ұсақ торкөздi арнайы билет қағазында қара түстi жазулармен ресiмделедi (көлемiн және торкөз түсiн автовокзалдар мен автостанциялар белгiлейдi):

кемінде 45 мм
АВ­ТО­БУС
(ша­ғын ав­то­бус)
Жо­ла­у­шы­лар­дың қа­ла ма­ңын­да­ғы қа­ты­на­ста жол жү­ру­іне ар­нал­ған
би­лет
Се­ри­я­сы _______________
№ 0000000
са­пар кү­ні ________________
са­пар уа­қы­ты ______________
жө­нел­ту пунк­ті ____________
ме­же­лі пунк­ті _____________
Жол жү­ру құ­ны
00,00 тең­ге
ке­мін­де 40 мм

2 2) кондуктор (жүргiзушi) маршруттың аралық пунктiнде отырғызу кезiнде беретiн тарифтер кестесіне сәйкес сомаға қосымша түбiршектерi бар жолаушылардың жол жүруіне арналған билет – билеттiң жазулары қара түспен ресімделеді:

кемінде 35 мм
АВ­ТО­БУС
(ша­ғын ав­то­бус)
Жо­ла­у­шы­лар­дың қа­ла ма­ңын­да­ғы қа­ты­на­ста жол жү­ру­іне ар­нал­ған
би­лет
Се­ри­я­сы ____________
№ 0000000
Та­риф­тер кесте­сіне сәй­кес қо­сым­ша тү­бір­шек­тер болған­да жа­рам­ды
20__ жыл
ке­мін­де 60 мм
кемінде 35 мм
АВ­ТО­БУС
(ша­ғын ав­то­бус)
Жо­ла­у­шы­лар­дың қа­ла ма­ңын­да­ғы қа­ты­на­ста жол жү­ру­іне ар­нал­ған би­лет­ке
қо­сым­ша тү­бір­шек
Се­ри­я­сы ____________
№ 0000000
00 тең­ге
20__ жыл
ке­мін­де 60 мм
Жолаушылардың қала маңындағы қатынаста жол жүруіне арналған билеттерге қосымша түбiршектер 1, 5, 10, 50 теңге сомасына ресiмделедi.

3 3. Жолаушылардың қалааралық облысiшiлiк және қалааралық облысаралық қатынастарда жол жүруіне арналған жол жүру құжаттарының (билеттерiнiң) нысаны:

1 1) жолаушылардың жол жүруіне арналған билет – ашық түстi ұсақ торкөздi арнайы билет қағазында қара түстi жазулармен ресiмделедi (көлемiн және торкөз түсiн автовокзалдар мен автостанциялар белгiлейдi):

кемінде 45 мм
АВ­ТО­БУС
(ша­ғын ав­то­бус)
Жо­ла­у­шы­лар­дың қа­ла­ара­лық қа­ты­на­ста жол жү­ру­іне ар­нал­ған
би­лет
Се­ри­я­сы _________
№ 0000000
са­пар кү­ні ___.___.___ ж.
жө­нел­ту уа­қы­ты ___ с. ____ м.
жө­нел­ту пунк­ті ______________
ме­же­лі пунк­ті _______________
Рейс нө­мі­рі _________________
Орын нө­мі­рі _________________
Жол жү­ру құ­ны
00,00 тең­ге
Ко­мис­сия алы­мы 00,00 тең­ге
Сақ­тан­ды­ру алы­мы 00,00 тең­ге
ЖИЫН­ТЫҒЫ 00,00 тең­ге
Би­лет­тің бе­рі­л­ген кү­ні __.__.__ ж.
ке­мін­де 90 мм

2 2) кондуктор (жүргiзушi) маршруттың аралық пунктiнде отырғызу кезiнде беретін жолаушылардың жол жүруіне арналған билет – жазулары қара түспен ресімделеді:

Би­лет ТҮ­БІР­ШЕ­ГІ
ТО­ЛЫҚ
БА­ЛА­ЛАР­ҒА АР­НАЛ­ҒАН
(қа­жет емесiн сызып та­стау)
са­пар күнi ___________________
жө­нел­ту уа­қы­ты __ сағ. __ мин.
__________________________ дан
________________________ дей­iн
Рейс нө­мiрi __________________
Орын нө­мiрi __________________
Жол жү­ру құ­ны __________ тең­ге
Се­ри­я­сы ____________ N 0000000
Би­лет­тiң берiл­ген күнi _______
Жалғасы
9
8
7
6
5
4
3
2
1
90
80
70
60
50
40
30
20
10
900
800
700
600
500
400
300
200
100
9000
8000
7000
6000
5000
4000
3000
2000
1000
Жалғасы
Жо­ла­у­шы­лар­дың қа­ла­ара­лық қа­ты­на­ста жол жү­ру­іне ар­нал­ған би­лет
ТО­ЛЫҚ
БА­ЛА­ЛАР­ҒА АР­НАЛ­ҒАН
(қа­жет емесiн сызып та­стау)
са­пар күнi _______________________
жө­нел­ту уа­қы­ты ____ сағ. ____ мин.
______________________________ дан
____________________________ дей­iн
Рейс нө­мiрi ______________________
Орын нө­мiрi ______________________
Жол жү­ру құ­ны ______________ тең­ге
Се­ри­я­сы ________________ N 0000000
Би­лет­тiң берiл­ген күнi ___________
Ав­то­бус
(ша­ғын ав­то­бус)
Жол жүру құнын кондуктор (жүргiзушi) жолаушы үшiн тарифтер кестесіне сәйкес сомаға кеседi.

3 3) Қала маңы, қалааралық облысiшiлiк, қалааралық облысаралық және халықаралық қатынастардағы багаж түбiртектерiнiң нысаны - ашық түстi ұсақ торкөздi арнайы билет қағазында қара түстi жазулармен ресiмделедi (көлемiн және торкөз түсiн автовокзалдар мен автостанциялар белгiлейдi):

кемінде 45 мм
АВ­ТО­БУС
(ша­ғын ав­то­бус)
Ба­гаж тү­бір­те­гі
Се­ри­я­сы _______________
№ 0000000
са­пар кү­ні ___.___.___ ж.
са­пар уа­қы­ты ___ сағ. ____ мин.
жө­нел­ту пунк­ті ________________
ме­же­лі пунк­ті _________________
Ба­гаж орын­да­ры­ның са­ны ________
Ба­гаж­дың құн­ды­лы­ғы ____________
Құ­ны 00,00 тең­ге
Ко­мис­сия алы­мы 00,00 тең­ге
Ба­ға­лау алы­мы 00,00 тең­ге
ЖИЫН­ТЫҒЫ 00,00 тең­ге
Ба­гаж орын­да­ры­ның нө­мір­ле­рі _________
(ти­еу ке­зін­де тол­ты­ры­ла­ды)
ке­мін­де 90 мм

4 4. Жолаушылардың халықаралық қатынастарда жол жүруіне арналған жол жүру құжаттарының (билеттерiнiң) нысаны:

1 1) жолаушылардың жол жүруіне арналған билет – ашық түстi ұсақ торкөздi арнайы билет қағазында қара түстi жазулармен ресiмделедi (көлемiн және торкөз түсiн автовокзалдар мен автостанциялар белгiлейдi):

кемінде 45 мм
АВ­ТО­БУС
(ша­ғын ав­то­бус)
Жо­ла­у­шы­лар­дың қа­ла­ара­лық қа­ты­на­ста жол жү­ру­іне ар­нал­ған
би­лет
Се­ри­я­сы ______________
№ 0000000
Те­гі ________________________
Аты _________________________
Әке­сі­нің аты ________________
са­пар кү­ні ___.___. ____ ж.
жө­нел­ту уа­қы­ты ___ с. ____ м.
жө­нел­ту пунк­ті ______________
ме­же­лі пунк­ті _______________
Рейс нө­мі­рі _________________
Орын нө­мі­рі _________________
Жол жү­ру құ­ны 00,00 тең­ге
Ко­мис­сия алы­мы 00,00 тең­ге
Сақ­тан­ды­ру алы­мы 00,00 тең­ге
ЖИЫН­ТЫҒЫ 00,00 тең­ге
Би­лет­тің бе­рі­л­ген кү­ні __.__.__ ж.
ке­мін­де 90 мм
Осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген билет ашық түстi ұсақ торкөздi қара түстi жазулары бар арнайы билет қағазын пайдалануға, сондай-ақ өлшеміне қатысты талаптар байланыс құралдары арқылы сатып алынатын билеттерге қолданылмайды;

2 2) Кондуктор (жүргiзушi) маршруттың аралық пунктiнде отырғызу кезiнде беретін жолаушылардың жол жүруіне арналған билет - жазулары қара түспен ресімделеді:

Би­лет ТҮ­БІР­ШЕ­ГІ
ТО­ЛЫҚ
БА­ЛА­ЛАР­ҒА АР­НАЛ­ҒАН
(қа­жет емесiн сызып та­стау)
Те­гі _________________________
Аты __________________________
Әке­сі­нің аты _________________
са­пар күнi ___________________
жө­нел­ту уа­қы­ты __ сағ. __ мин.
__________________________ дан
________________________ дей­iн
Рейс нө­мiрi __________________
Орын нө­мiрi __________________
Жол жү­ру құ­ны __________ тең­ге
Се­ри­я­сы ____________ N 0000000
Би­лет­тiң берiл­ген күнi _______
Жалғасы
9
8
7
6
5
4
3
2
1
90
80
70
60
50
40
30
20
10
900
800
700
600
500
400
300
200
100
9000
8000
7000
6000
5000
4000
3000
2000
1000
Жалғасы
Жо­ла­у­шы­лар­дың қа­ла­ара­лық қа­ты­на­ста жол жү­ру­іне ар­нал­ған
би­лет
ТО­ЛЫҚ
БА­ЛА­ЛАР
(қа­жет емесiн сызып та­стау)
Те­гі __________________________
Аты ___________________________
Әке­сі­нің аты __________________
са­пар күнi ____________________
жө­нел­ту уа­қы­ты __ сағ. ___ мин.
___________________________ дан
_________________________ дей­iн
Рейс нө­мiрi ___________________
Орын нө­мiрi ___________________
Жол жү­ру құ­ны ___________ тең­ге
Се­ри­я­сы _____________ N 0000000
Би­лет­тiң берiл­ген күнi ________
Ав­то­бус
(ша­ғын ав­то­бус)
Жол жүру құнын кондуктор (жүргiзушi) жолаушы үшiн тарифтер кестесіне сәйкес сомаға кеседi.

3 3) Қала маңы, қалааралық облысiшiлiк, қалааралық облысаралық және халықаралық қатынастардағы багаж түбiртектерiнiң нысаны - ашық түстi ұсақ торкөздi арнайы билет қағазында қара түстi жазулармен ресiмделедi (көлемiн және торкөз түсiн автовокзалдар мен автостанциялар белгiлейдi):

кемінде 45 мм
АВ­ТО­БУС
(ша­ғын ав­то­бус)
Ба­гаж тү­бір­те­гі
Се­ри­я­сы ______________________
№ 0000000
Те­гі _________________________
Аты __________________________
Әке­сі­нің аты _________________
са­пар кү­ні ___.___.___ ж.
са­пар уа­қы­ты ___ сағ. ___ мин.
жө­нел­ту пунк­ті _______________
ме­же­лі пунк­ті ________________
Ба­гаж орын­да­ры­ның са­ны _______
Ба­гаж­дың құн­ды­лы­ғы ___________
Құ­ны 00,00 тең­ге
Ко­мис­сия алы­мы 00,00 тең­ге
Ба­ға­лау алы­мы 00,00 тең­ге
ЖИЫН­ТЫҒЫ 00,00 тең­ге
Ба­гаж орын­да­ры­ның нө­мір­ле­рі _________
(ти­еу ке­зін­де тол­ты­ры­ла­ды)
ке­мін­де 90 мм

2 Конкурстық ұсыныстарды бағалау шкаласы

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 28 ақпандағы
№ 199 қаулысына
2-қосымша
Автомобиль көлігімен жолаушылар
мен багажды тасымалдау қағидасына
4-қосымша
Конкурстық ұсыныстарды бағалау шкаласы

1 1. Жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсетуге конкурстық ұсыныстарды бағалау шкаласы

р/с

Көр­сет­кіш
Бал­дар са­ны
Ұсы­ны­л­ған жы­л­жы­ма­лы құ­рам­дар үле­сі 30% кем
Ұсы­ны­л­ған жы­л­жы­ма­лы құ­рам­дар үле­сі 30 %-дан 60 %-ға дей­ін
Ұсы­ны­л­ған жы­л­жы­ма­лы құ­рам­дар үле­сі 60% астам
1.*
Ав­то­бу­стар­ды, ша­ғын ав­то­бу­стар­ды пай­да­ла­ну мер­зі­мі:
5 жы­л­ға дей­ін
+4
+8
+10
5 жыл­дан 9 жы­л­ға дей­ін
+3
+2
+1
9 жыл­дан 12 жы­л­ға дей­ін
+2
+1
+0,5
12 жыл­дан ар­тық
0
0
0
Пай­да­ла­ну мер­зі­мі 3 жы­л­ға дей­ін­гі ав­то­бу­стар, ша­ғын ав­то­бу­стар болған кез­де
(қо­сым­ша)
+1 (әр бір­лік үшін)
Отан­дық өн­ді­рі­сте­гі ав­то­бу­стар, ша­ғын ав­то­бу­стар болған кез­де (қо­сым­ша)
+0,5 (әр бір­лік үшін)
- Же­ке мен­шік­те­гі;
- та­сы­мал­да­у­шы кре­дит­ке неме­се ли­зинг­ке ал­ған ав­то­бу­стар, ша­ғын ав­то­бу­стар болған­да
+1,5 (әр бір­лік үшін)
+1 (әр бір­лік үшін)
2.
Та­сы­мал­да­у­шы­ның жо­ла­у­шы­лар та­сы­мал­дау са­ла­сын­да­ғы жұ­мыс өті­лі:
3 жы­л­ға дей­ін
+1
3 жыл­дан 8 жы­л­ға дей­ін
+3
8 жыл­дан астам
+5
3.
Өн­ді­рі­стік-тех­ни­ка­лық ба­за­ның бо­луы
же­ке
жал­ға алын­ған
шарт негі­зін­де қыз­мет көр­се­ту
Өн­ді­рі­стік кор­пус
- ТҚК ке­ше­ні (ай­мақ, учас­ке)
+3
+0,7
+0,2
- АЖ ке­ше­ні:
- по­ст­тар
+3
+0,7
+0,2
- өн­ді­рі­стік учас­ке­лер және цех­тар
+3
+0,7
+0,2
Қой­ма үй-жай­ла­ры
+1
+0,5
+0,2
Ав­то­тұ­рақ, со­ның ішін­де:
- ашық;
+1,5
+0,7
+0,3
- жа­бық
+2,5
+1
+0,5
Жи­на­сты­ру-жуу ке­ше­ні:
- қол­мен жуу;
+1
+0,3
+0,1
- ме­ха­ни­ка­лан­ды­ры­л­ған жуу
+2
+0,5
+0,2
Ба­қы­лау-тех­ни­ка­лық пунк­ті
+0,7
+0,2
+0,1
Әкім­ші­лік ғи­ма­рат (үй-жай)
- со­ның ішін­де мед­пункт бөл­ме­сі
+0,3
+0,5
+0,1
+0,3
0
+0,2
Тұр­мыстық кор­пу­стар және жұ­мыс­шы­лар­ға қыз­мет көр­се­ту­ге ар­нал­ған үй-жай­лар
+0,3
+0,1
0
4.
Ав­то­бу­стар­ды, ша­ғын ав­то­бу­стар­ды ал­ма­сты­ру ша­ра­ла­ры жүй­е­сі:
- ре­зерв­ті жы­л­жы­ма­лы құ­рам жоқ, ал­ма­сты­ру іс­ке асы­рыл­май­ды;
-2
- ре­зерв­ті жы­л­жы­ма­лы құ­рам бар
+2
5.
Жо­ла­у­шы­лар­ды та­сы­мал­дау жағ­дай­ын жақ­сар­та­тын қо­сым­ша ұсы­ны­стар:
- жол үст­ін­де бейне сүй­е­мел­деу мүм­кін­ді­гі;
+0,5 (әр бір­лік үшін)
- крес­ло-ар­ба­мен қоз­ға­ла­тын мү­ге­дек­тер­ді та­сы­мал­да­у­ға ың­ғай­ла­сты­ры­л­ған жы­л­жы­ма­лы құ­рам­ның бо­луы;
+1 (әр бір­лік үшін)
- та­сы­мал­да­уды жү­зе­ге асы­ру­да ав­то­бу­ста нақ­ты уа­қыт ре­жи­мін­де бай­ла­ныс ар­на­ла­ры ар­қы­лы үз­бей де­ректер бе­ру жүй­е­сі­нің бо­луы
+1 (әр бір­лік үшін)

2 2. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдаудың тұрақты қалалық маршруттарына қызмет көрсетуге конкурстық ұсыныстарды бағалау шкаласы

р/с

Көр­сет­кіш
Бал­дар са­ны
Ұсы­ны­л­ған жы­л­жы­ма­лы құ­рам­дар үле­сі 30% кем
Ұсы­ны­л­ған жы­л­жы­ма­лы құ­рам­дар үле­сі 30 %-дан 60 %-ға дей­ін
Ұсы­ны­л­ған жы­л­жы­ма­лы құ­рам­дар үле­сі 60% астам
1.*
Ав­то­бу­стар­ды, ша­ғын ав­то­бу­стар­ды пай­да­ла­ну мер­зі­мі:
5 жы­л­ға дей­ін
+4
+8
+10
5 жыл­дан 9 жы­л­ға дей­ін
+3
+2
+1
9 жыл­дан 12 жы­л­ға дей­ін
+2
+1
+0,5
12 жыл­дан астам
0
0
0
Пай­да­ла­ну мер­зі­мі 3 жы­л­ға дей­ін­гі ав­то­бу­стар, ша­ғын ав­то­бу­стар болған кез­де (қо­сым­ша)
+1 (әр бір­лік үшін)
Отан­дық өн­ді­рі­сте­гі ав­то­бу­стар, ша­ғын ав­то­бу­стар болған кез­де (қо­сым­ша)
+0,5 (әр бір­лік үшін)
- Же­ке мен­шік­те­гі;
- та­сы­мал­да­у­шы кре­дит­ке неме­се ли­зинг­ке ал­ған ав­то­бу­стар, ша­ғын ав­то­бу­стар болған кез­де
+1,5 (әр бір­лік үшін)
+1 (әр бір­лік үшін)
2.
Та­сы­мал­да­у­шы­ның жо­ла­у­шы­лар та­сы­мал­дау са­ла­сын­да­ғы жұ­мыс өті­лі:
3 жы­л­ға дей­ін
+1
3 жыл­дан 8 жы­л­ға дей­ін
+3
8 жыл­дан астам
+5
3.
Өн­ді­рі­стік-тех­ни­ка­лық ба­за­ның бо­луы
же­ке
жал­ға алын­ған
шарт негі­зін­де қыз­мет көр­се­ту
Өн­ді­рі­стік кор­пус:
- ТҚК ке­ше­ні (ай­мақ, учас­ке);
+3
+0,7
+0,2
- АЖ ке­ше­ні:
- по­ст­тар;
+3
+0,7
+0,2
- өн­ді­рі­стік учас­ке­лер және цех­тар
+3
+0,7
+0,2
Қой­ма үй-жай­ла­ры
+2
+0,3
+0,1
Ав­то­тұ­рақ, со­ның ішін­де:
- ашық;
+1,5
+0,7
+0,3
- жа­бық
+2,5
+1
+0,5
Жи­на­сты­ру-жуу ке­ше­ні:
- қол­мен жуу;
+0,7
+0,5
+0,2
- ме­ха­ни­ка­лан­ды­ры­л­ған жуу
+1
+0,7
+0,5
Ба­қы­лау-тех­ни­ка­лық пунк­ті
+0,7
+0,2
+0,1
Әкім­ші­лік ғи­ма­рат (үй-жай)
- со­ның ішін­де мед­пункт бөл­ме­сі
+0,3
+0,5
+0,1
+0,3
0
+0,2
Тұр­мыстық кор­пу­стар және жұ­мыс­шы­лар­ға қыз­мет көр­се­ту­ге ар­нал­ған үй-жай­лар
+0,3
+0,1
0
4.
Ав­то­бу­стар­ды, ша­ғын ав­то­бу­стар­ды ал­ма­сты­ру ша­ра­ла­ры жүй­е­сі:
- ре­зерв­ті жы­л­жы­ма­лы құ­рам жоқ, ал­ма­сты­ру іс­ке асы­рыл­май­ды;
-2
- ре­зерв­ті жы­л­жы­ма­лы құ­рам бар
+2
5.
Жо­ла­у­шы­лар та­сы­мал­да­рын жақ­сар­ту үшін қо­сым­ша ұсы­ны­стар: аял­да­ма­лар­ды ха­бар­лау және жо­ла­у­шы­лар­ды ха­бар­лан­ды­ру тә­сі­лі:
- маг­нит­тік жа­з­ба ар­қы­лы;
+1
- АДҚ ар­қы­лы;
+0,7
- кон­дук­тор неме­се жүр­гі­зу­ші ха­бар­лай­ды;
+0,1
Крес­ло-ар­ба­мен қоз­ға­ла­тын мү­ге­дек­тер­ді та­сы­мал­да­у­ға ың­ғай­ла­сты­ры­л­ған жы­л­жы­ма­лы құ­рам­ның бо­луы
+1 (әр бір­лік үшін)
Та­сы­мал­да­уды жү­зе­ге асыр­ған кез­де ав­то­бу­ста (ша­ғын ав­то­бу­ста) нақ­ты уа­қыт ре­жи­мін­де бай­ла­ныс ар­на­ла­ры ар­қы­лы үз­бей де­ректер бе­ру жүй­е­сі­нің бо­луы
+1 (әр бір­лік үшін)
* Пайдалану мерзімі бойынша әр автобус (шағын автобус) бағаланады (резервті есептемегенде), балдар қосылып, автобустардың (шағын автобустардың) санына бөлінеді, яғни орташа балл шығарылады.

3 Жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткiзу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 28 ақпандағы
№ 199 қаулысына
3-қосымша
Автомобиль көлігімен жолаушылар
мен багажды тасымалдау қағидасына
8-қосымша
Жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік тұрақты
тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған
конкурсты өткiзу туралы хабарландыру
1. __________________ қаласы (облысы, ауданы) әкiмiнiң аппараты
200__ жылғы ______________ ________________________ мекенжайы бойынша
жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаiшiлiк тасымалдау
маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткiзу
туралы хабарлайды.
2. Конкурсқа мынадай маршруттардың пакеттерi (маршруттар)
шығарылады:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
3. Конкурсқа меншiк нысанына қарамастан, меншiк құқығында
немесе өзге де заңды негiздерде автокөлiк құралдары бар кез келген
жеке және заңды тұлғалар қатысады.
4. Конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрушiлер қала (облыс, аудан)
әкiмiнiң аппаратына конкурстық құжаттардың жиынтығын алуға
жазбаша өтiнiмдi __________________________________________ мекенжайы
бойынша ұсынуы тиiс.
5. Конкурстық құжаттар жиынтығының құны: ______________________
(сома жазбаша) құрайды.
6. Конкурстық құжаттарды алуға өтiнiмдердi қабылдаудың және
Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қабылдаудың соңғы мерзiмi: 200__
жылғы «___» ________________.
7. 200__ жылғы ___________ конкурстық Комиссия конкурсты өткiзу
мәселелерi жөнiндегi конкурс алдындағы конференцияны өткiзедi.
8. Анықтама алу үшiн телефондар: _____________________________.

4 Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған куәлiк Сериясы ХХХ N 000000

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 28 ақпандағы
№ 199 қаулысына
4-қосымша
Автомобиль көлігімен жолаушылар
мен багажды тасымалдау қағидасына
10-қосымша
Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау
маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған куәлiк
Сериясы ХХХ N 000000
_____________________________________________________________ берiлдi
(мемлекеттiк органның атауы)
_____________________________________________________________________
(куәлiк берген тұлғаның Т.А.Ә. және лауазымы)
М.О.
Тасымалдаушылар қызмет көрсететiн маршруттар:
Марш­рут­тар­дың ата­уы
Қыз­мет көр­се­ту ке­зеңi
Қыз­мет көр­се­ту мерзi­мi
Маршруттарға осы куәлiктiң қосымшасында көрсетiлген автобустар (шағын автобустар) қызмет көрсетедi.
Та­сы­мал­да­у­шы ту­ра­лы де­ректер:
Ата­уы
Ме­кен­жайы
Тел. ____________
Факс ____________
Бас­шы­ның Т.А.Ә.
Та­сы­мал­да­уды ұй­ым­да­сты­ру үшiн жа­у­ап­ты тұл­ға­ның Т.А.Ә.
Тел. ____________
Факс ____________
Ку­әлiк­тiң берiл­ген күнi
_____ жы­л­ғы «___» ___________________

1 1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары бекіткен қозғалыс кестелерi, қозғалыс маршруттарының схемалары, сондай-ақ тариф кестелері (түпнұсқалары) куәлiкке қоса беріледі.

2 2. Осы куәлiк тасымалдаушыны Жолаушылар мен багажды автомобиль көлiгiмен тасымалдау қағидасын және жол қозғалысы қауiпсiздiгiнiң талаптарын орындау бойынша мiндеттерден босатпайды.

3 Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған Сериясы ХХХ N 000000 куәлiкке қосымша

3. Осы куәлiктi үшiншi тұлғаға беруге рұқсат етiлмейдi.
Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау
маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған
Сериясы ХХХ N 000000 куәлiкке қосымша
_____________________________________________________________ берiлді
(мемлекеттiк органның атауы)
_____________________________________________________________________
(куәлiк берген тұлғаның Т.А.Ә. және лауазымы)
М.О.
Жы­л­жы­ма­лы құ­рам ту­ра­лы мә­лі­мет­тер:
Ав­то­бу­стар­дың (ша­ғын ав­то­бу­стар­дың) үл­гiсi мен кла­сы
Мем­ле­кет­тік нө­мiрi
Шы­ға­ры­л­ған жы­лы
Ав­то­бу­стар­дың (ша­ғын ав­то­бу­стар­дың) үл­гiсi мен кла­сы
Мем­ле­кет­тік нө­мiрi
Шы­ға­ры­л­ған жы­лы
(__ парақтың __ парағы)
Куәлікте көрсетілген автобустар немесе шағын автобустардың орнына маршрутқа қызмет көрсететін тасымалдаушының меншігіндегі немесе лизингке алынған автобустардың немесе шағын автобустардың ұқсас үлгісі мен класын (не одан жоғары) маршрутта қолдануға рұқсат беріледі.

5 Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалааралық облысаралық (астана және республикалық маңызы бар қаланы қоса алғанда) тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған куәлiк Сериясы ХХХ N 000000

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 28 ақпандағы
№ 199 қаулысына
5-қосымша
Автомобиль көлігімен жолаушылар
мен багажды тасымалдау қағидасына
11-қосымша
Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалааралық облысаралық
(астана және республикалық маңызы бар қаланы қоса алғанда)
тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған куәлiк
Сериясы ХХХ N 000000
_____________________________________________________________ берiлдi
(мемлекеттiк органның атауы)
_____________________________________________________________________
(куәлiк берген тұлғаның Т.А.Ә. және лауазымы)
М.О.
Марш­рут бой­ын­ша:
Рей­стер­дің орын­да­лу тұ­рақ­ты­лы­ғы
Ап­та күн­де­рі бой­ын­ша
Жө­нел­ті­лу уа­қы­ты
Ба­стап­қы пункт­тен
Соң­ғы пункт­тен
Негіз­гі жы­л­жы­ма­лы құ­рам ту­ра­лы мә­лі­мет­тер:
Ав­то­бу­стар­дың (ша­ғын ав­то­бу­стар­дың) үл­гiсi мен кла­сы
Мем­ле­кет­тік нө­мiрi
Шы­ға­ры­л­ған жы­лы
Ав­то­бу­стар­дың (ша­ғын ав­то­бу­стар­дың) үл­гiсi мен кла­сы
Мем­ле­кет­тік нө­мiрi
Шы­ға­ры­л­ған жы­лы
Ре­зерв­тік жы­л­жы­ма­лы құ­рам ту­ра­лы мә­лі­мет­тер:
Ав­то­бу­стар­дың (ша­ғын ав­то­бу­стар­дың) үл­гiсi мен кла­сы
Мем­ле­кет­тік нө­мі­рі
Шы­ға­ры­л­ған жы­лы
Ав­то­бу­стар­дың (ша­ғын ав­то­бу­стар­дың) үл­гiсi мен кла­сы
Мем­ле­кет­тік нө­мі­рі
Шы­ға­ры­л­ған жы­лы
сыртқы жағы
Та­сы­мал­да­у­шы ту­ра­лы де­ректер
Ата­уы
Ме­кен­жайы
Тел. ___________
Факс ___________
Бас­шы­ның Т.А.Ә.
Та­сы­мал­да­уды ұй­ым­да­сты­ру үшін жа­у­ап­ты тұл­ға­ның Т.А.Ә.
Тел. ___________
Факс ___________
Та­сы­мал­да­уды орын­дау ке­зе­ңі
_______ ба­стап _________ дей­ін
_______ ба­стап _________ дей­ін
_______ ба­стап _________ дей­ін
_______ ба­стап _________ дей­ін
_______ ба­стап _________ дей­ін
_______ ба­стап _________ дей­ін
Ку­ә­лік­тің бе­рі­л­ген кү­ні
____ жы­л­ғы «__» _______________
Ку­ә­лік жа­рам­ды
____ жы­л­ғы «__» _______________

1 1. Куәлікке мыналар қоса берілуі тиіс:

1 1) автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті орган бекіткен қозғалыс кестесі, қозғалыс маршрутының схемасы (түпнұсқалар);

2 2) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының атқарушы органдарымен келісілген тарифтік кесте (түпнұсқа).

2 2. Осы куәлiк тасымалдаушыны Жолаушылар мен багажды автомобиль көлiгiмен тасымалдау қағидасын және жол қозғалысы қауiпсiздiгiнiң талаптарын орындау бойынша мiндеттерден босатпайды.

3 3. Осы куәлiктi үшiншi тұлғаға беруге рұқсат етiлмейдi.

6 Жолаушылар мен багажды автомобильмен халықаралық тұрақты тасымалдауды жүзеге асыруға арналған рұқсат қағазы Сериясы ХХХ N 000000

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 28 ақпандағы
№ 199 қаулысына
6-қосымша
Автомобиль көлігімен жолаушылар
мен багажды тасымалдау қағидасына
12-қосымша
Жолаушылар мен багажды автомобильмен халықаралық тұрақты тасымалдауды жүзеге
асыруға арналған рұқсат қағазы
Сериясы ХХХ N 000000
_____________________________________________________________ берiлдi
(мемлекеттiк органның атауы)
_____________________________________________________________________
(куәлiк берген тұлғаның Т.А.Ә. және лауазымы)
М.О.
Марш­рут бой­ын­ша:
Рей­стер­дің орын­да­лу тұ­рақ­ты­лы­ғы
Ап­та күн­де­рі бой­ын­ша
Жө­нел­ті­лу уа­қы­ты
Ба­стап­қы пункт­тен
Соң­ғы пункт­тен
Негіз­гі жы­л­жы­ма­лы құ­рам ту­ра­лы мә­лі­мет­тер:
Ав­то­бу­стар­дың (ша­ғын ав­то­бу­стар­дың) үл­гiсi мен кла­сы
Мем­ле­кет­тік нө­мiрi
Шы­ға­ры­л­ған жы­лы
Ав­то­бу­стар­дың (ша­ғын ав­то­бу­стар­дың) үл­гiсi мен кла­сы
Мем­ле­кет­тік нө­мiрi
Шы­ға­ры­л­ған жы­лы
Ре­зерв­тік жы­л­жы­ма­лы құ­рам ту­ра­лы мә­лі­мет­тер:
Ав­то­бу­стар­дың (ша­ғын ав­то­бу­стар­дың) үл­гiсi мен кла­сы
Мем­ле­кет­тік нө­мі­рі
Шы­ға­ры­л­ған жы­лы
Ав­то­бу­стар­дың (ша­ғын ав­то­бу­стар­дың) үл­гiсi мен кла­сы
Мем­ле­кет­тік нө­мі­рі
Шы­ға­ры­л­ған жы­лы
сыртқы жағы
Та­сы­мал­да­у­шы ту­ра­лы де­ректер
Ата­уы
Ме­кен­жайы
Тел. ___________
Факс ___________
Бас­шы­ның Т.А.Ә.
Та­сы­мал­да­уды ұй­ым­да­сты­ру үшін жа­у­ап­ты тұл­ға­ның Т.А.Ә.
Тел. ___________
Факс ___________
Та­сы­мал­да­уды орын­дау ке­зе­ңі
_________ ба­стап ________ дей­ін
_________ ба­стап ________ дей­ін
_________ ба­стап ________ дей­ін
_________ ба­стап ________ дей­ін
_________ ба­стап ________ дей­ін
_________ ба­стап ________ дей­ін
Рұқ­сат қа­ға­зы­ның бе­рі­л­ген кү­ні
____ жы­л­ғы «__» _______________
Рұқ­сат қа­ға­зы жа­рам­ды
____ жы­л­ғы «__» _______________

1 1. Автомобиль көлігі саласындағы уәкiлеттi орган келіскен қозғалыс кестелерi, қозғалыс маршруттарының схемалары, тариф кестелері (түпнұсқалары) рұқсат қағазына қоса берiлуi тиiс.

2 2. Осы рұқсат қағазы тасымалдаушыны Жолаушылар мен багажды автомобиль көлiгiмен тасымалдау қағидасын және жол қозғалысы қауiпсiздiгiнiң талаптарын орындау бойынша мiндеттерден босатпайды.

3 3. Осы рұқсат қағазды үшiншi тұлғаға беруге рұқсат етiлмейдi.

Қолданыстағы