О внесении изменений в постановление акимата Казалинского района от 2 апреля 2012 года N 121 "Об организации проведения призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Казалинского района от 2 апреля 2012 года N 121 "Об организации проведения призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года"
- Атауы (қаз.)
- "2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізуді ұйымдастыру туралы" Қазалы ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 2 сәуірдегі N 121 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 318
- Қабылданған күні
- 30.10.2012
- Көрсетілген редакция
- 08.01.2013 AI68393_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.01.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12LD004336
- ЭКБ идентификаторы
- 68393
- Редакция идентификаторы
- AI68393_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 01:02
0 "2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізуді ұйымдастыру туралы" Қазалы ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 2 сәуірдегі N 121 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Әкімшілік рәсімдер туралы" және
"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Қазалы ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қазалы ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 2 сәуірдегі
N 121 "2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізуді ұйымдастыру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 10-4-171 санымен тіркелген, 2012 жылғы 11 сәуірде "Тұран Қазалы" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Қаулының 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
2 "2. Аудандық әскерге шақыру комиссиясының құрамы осы қаулының
1-қосымшасына сәйкес құрылсын.";
Қаулының 1-қосымшасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Аудандық әскерге шақыру комиссиясының құрамы".
2 2. Осы қаулының орындалуына бақылау Қазалы ауданы әкімінің орынбасары С.Мақашовқа жүктелсін.
3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қызылорда облысының денсаулық
сақтау басқармасының Қазалы
аудандық емханасы" шаруашылық жүргізу
құқығындағы мемлекеттік коммуналдық
кәсіпорны бас дәрігері
Қ. Әзіров ____________
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қызылорда облысы Қазалы
ауданының Қорғаныс істері
жөніндегі бөлімі" мемлекеттік
мекемесі бастығы
Б.Шаймерденов _______________
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қызылорда облысының ішкі істер департаменті
Қазалы аудандық ішкі істер бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
А. Бегалиев _______________