О внесении изменении в постановление акимата Жалагашского района от 2 апреля 2012 года N 86 "О проведении призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменении в постановление акимата Жалагашского района от 2 апреля 2012 года N 86 "О проведении призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года"
- Атауы (қаз.)
- Жалағаш ауданы әкімдігінің қаулысына 2012 жылғы 2 сәуірдегі N 86 "2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы" өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 397
- Қабылданған күні
- 23.11.2012
- Көрсетілген редакция
- 17.01.2013 AI69043_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.01.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12LF004360
- ЭКБ идентификаторы
- 69043
- Редакция идентификаторы
- AI69043_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 00:48
0 Жалағаш ауданы әкімдігінің қаулысына 2012 жылғы 2 сәуірдегі N 86 "2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы" өзгерістер енгізу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 27-бабы 3-тармағына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. "2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы" Жалағаш ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 2 сәуірдегі N 86 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 10-6-206 болып тіркелген, 2012 жылғы 11 сәуірде "Жалағаш жаршысы" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Аудандық әскерге шақыру комиссиясының құрамы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес құрылсын.";
қаулының 1-қосымшасының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Аудандық әскерге шақыру комиссиясының құрамы".
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары Қ. Мұстафаеваға жүктелсін.
3 3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Қорғаныс
министрлігі Қызылорда облысы
Жалағаш ауданының Қорғаныс істері
жөніндегі біріктірілген бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
________________ М. Айтжанов
"22" қараша 2012 жыл
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрлігі Қызылорда облысының
Ішкі істер департаменті Жалағаш
ауданының ішкі істер бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
__________________ А. Утегенов
"22" қараша 2012 жыл
"КЕЛІСІЛДІ"
Қызылорда облысының денсаулық
сақтау басқармасының "Жалағаш
аудандық емханасы" шаруашылық
жүргізу құқығындағы мемлекеттік
коммуналдық кәсіпорнының бас дәрігері
_________________ Х. Каметов
"22" қараша 2012 жыл