О внесении изменения в постановление акимата Северо-Казахстанской области от 2 мая 2012 года № 129 "Об установлении перечня приоритетных сельскохозяйственных культур и нормативов субсидий на удешевление стоимости горюче-смазочных материалов и других товарно-материальных ценностей, необходимых для проведения весенне-полевых и уборочных работ на 2012 год"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата Северо-Казахстанской области от 2 мая 2012 года № 129 "Об установлении перечня приоритетных сельскохозяйственных культур и нормативов субсидий на удешевление стоимости горюче-смазочных материалов и других товарно-материальных ценностей, необходимых для проведения весенне-полевых и уборочных работ на 2012 год"
- Атауы (қаз.)
- "2012 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағармай материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға субсидия нормативтерін белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 2 мамырдағы № 129 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 205
- Қабылданған күні
- 31.07.2012
- Көрсетілген редакция
- 31.07.2012 67332_127908.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.07.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12S0001811
- ЭКБ идентификаторы
- 67332
- Редакция идентификаторы
- 67332_127908
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 01:40
0
"2012 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағармай материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға субсидия нормативтерін белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 2 мамырдағы № 129 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 27-бабының 1-тармағы 5) тармақшасына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 21-бабына, «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 мамырдағы № 604 қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «2012 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға субсидия нормативтерін белгілеу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 2 мамырдағы № 129 қаулысына (2012 жылғы 9 мамырдағы № 54 «Солтүстік Қазақстан», № 53 «Северный Казахстан» газеттерінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеудің № 1801 тізбесінде тіркелді,) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 2-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3 3. Осы қаулы оны алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Облыс әкімдігінің 2012 жылғы
31 шілдедегі № 205 қаулысына
қосымша
Облыс әкімдігінің 2012 жылғы
2 мамырдағы № 129 қаулысына
2 қосымша
2012 жылға арналған көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын
жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға субсидия нормативтері
№ р/н
Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы
1 гектарға арналған субсидиялар нормасы,теңге
1
Дәнді дақылдар және дәнді бұршақты дақылдар (субсидиялардың базалық нормасы)
550
2
Аймақтық ғылыми негізделген агротехнологияларды сақтай отырып өсірілген дәнді дақылдар және дәнді бұршақты дақылдар
750
3
Майлы дақылдар
3 400
4
Картоп
12 000
5
Ашық топырақтағы көкөністер мен бақша өнімдері
12 000
6
Өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйесін қолданып өсірілген көкөністер мен бақша өнімдері
24 000
7
Қорғалған топырақтағы көкөністер (бір дақыл айналымына)
1 300 000
Жемшөптік дақылдар:
8
Бірінші, екінші және үшінші жылғы көпжылдық бұршақ шөптер
800
9
Бірінші жылы егілген басқа да көпжылдық шөптер
800
10
Жүгері мен сүрлемдік күнбағыс
800
11
Біржылдық шөптер
800
12
Өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйесін қолданып өсірілген картоп
24 000