Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Кентауского городского маслихата от 2 мая 2012 года № 29 "О размере и порядке оказания жилищной помощи в городе Кентау"

Өзге акт · № 130 · қабылданған 11.12.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2-2012-no-29-ekb-75977/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Кентауского городского маслихата от 2 мая 2012 года № 29 "О размере и порядке оказания жилищной помощи в городе Кентау" Күшін жойған Өзге акт ·№ 130 ·11.12.2013
30.03.2017 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.03.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Кентауского городского маслихата от 2 мая 2012 года № 29 "О размере и порядке оказания жилищной помощи в городе Кентау"

Күшін жойған Өзге акт ·№ 130 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Кентауского городского маслихата от 2 мая 2012 года № 29 "О размере и порядке оказания жилищной помощи в городе Кентау"
Атауы (қаз.)
Кентау қалалық мәслихатының 2012 жылғы 2 мамырдағы № 29 "Кентау қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
130
Қабылданған күні
11.12.2013
Қолданысқа енгізілген күні
01.01.2014
Көрсетілген редакция
30.03.2017 75977_178594.kaz
Соңғы өзгеріс
30.03.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V13UC002443
ЭКБ идентификаторы
75977
Редакция идентификаторы
75977_178594
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 21:36

0 Кентау қалалық мәслихатының 2012 жылғы 2 мамырдағы № 29 "Кентау қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, «Қазақстан Республикасы кейбір заңнамалық актілеріне энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 2-бабының 7) тармақшасына сәйкес, Кентау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Кентау қалалық мәслихатының 2012 жылғы 2 мамырдағы № 29 «Кентау қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-3-130 нөмірімен тіркелген, 2012 жылғы 12 мамырдағы «Кентау шұғыласы» газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Кентау қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде:
2 және 3 тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен осы елді мекенде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;
2) тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;
3) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге.
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
3. Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.»;
8 тармақтың 9 тармақшасы алынып тасталсын.

2 2. Осы шешім 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қолданыстағы