О внесении изменений в решение Кентауского городского маслихата от 2 мая 2012 года № 29 "О размере и порядке оказания жилищной помощи в городе Кентау"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Кентауского городского маслихата от 2 мая 2012 года № 29 "О размере и порядке оказания жилищной помощи в городе Кентау"
- Атауы (қаз.)
- Кентау қалалық мәслихатының 2012 жылғы 2 мамырдағы № 29 "Кентау қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 134
- Қабылданған күні
- 20.12.2013
- Көрсетілген редакция
- 30.03.2017 76232_178596.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.03.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13UC002464
- ЭКБ идентификаторы
- 76232
- Редакция идентификаторы
- 76232_178596
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 21:28
0 Кентау қалалық мәслихатының 2012 жылғы 2 мамырдағы № 29 "Кентау қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 және "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларын бекіту туралы" 2012 жылғы 26 маусымдағы № 856 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қаулысына сәйкес, Кентау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Кентау қалалық мәслихатының 2012 жылғы 2 мамырдағы № 29 «Кентау қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-3-130 нөмірімен тіркелген, 2012 жылғы 12 мамырдағы «Кентау шұғыласы» газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Кентау қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде:
8 тармақтың 3) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай анықтамасы, не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын селолық және/немесе ауылдық әкімдердің анықтамасы;»,
17 тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) қатты отынды тұтынудың нақты шығыны қызмет ұсынушы мекемелердің шотын (түбіртек, жүкталап, счет-фактура) ұсынған жағдайда әлеуметтік шығын нормалары қатты отын (көмір) бір айда бір үйге 1000 килограмм есебінен артық емес мөлшерінде белгіленеді. Жылумен қамту мерзімі–5 ай. Тұрғын үй көмегін есептеу кезінде сол уақытта Кентау қаласындағы статистика басқармасы немесе қызмет көрсететін мекеменің мәліметтері бойынша қатты отынның бағасы белгіленеді;».