О внесении изменений в постановление акимата района от 2 августа 2012 года № 527 "Об утверждении регламентов государственных услуг, в сфере социальной защиты населения по Тайыншинскому району"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата района от 2 августа 2012 года № 527 "Об утверждении регламентов государственных услуг, в сфере социальной защиты населения по Тайыншинскому району"
- Атауы (қаз.)
- "Тайынша ауданы бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы көрсетілетін мемлкеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" аудан әкімдігінің 2012 жылғы 2 тамыздағы № 527 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 694
- Қабылданған күні
- 24.09.2012
- Көрсетілген редакция
- 24.05.2013 68082_217726.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.05.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12SK001897
- ЭКБ идентификаторы
- 68082
- Редакция идентификаторы
- 68082_217726
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 01:17
0 "Тайынша ауданы бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы көрсетілетін мемлкеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" аудан әкімдігінің 2012 жылғы 2 тамыздағы № 527 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 тамыздағы № 1059 қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Тайынша ауданы бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 2 тамыздағы № 527 қаулысына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 13-11-242 Мемлекеттік тізілімінде тіркелген, 2012 жылғы 14 қыркүйектегі «Тайынша таңы» № 44 және 2012 жылғы 14 қыркүйектегі «Тайыншинские вести» № 44 газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген «18 жасқа дейiнгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік қызмет регламентінде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.»;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген «Қозғалуға қиындығы бар бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту бойынша мүгедектерге қолмен көрсететін тіл маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет регламентінде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.»;
3) көрсетілген қаулымен бекітілген «Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттік қызмет регламентінде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.»;
4) көрсетілген қаулымен бекітілген «Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттік қызмет регламентінде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.»;
5) көрсетілген қаулымен бекітілген «Жергiлiктi өкiлді органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау және төлеу» мемлекеттік қызмет регламентінде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.».