О внесении изменений в постановление акимата Жалагашского района от 2 апреля 2012 года № 86 "О проведении призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Жалагашского района от 2 апреля 2012 года № 86 "О проведении призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года"
- Атауы (қаз.)
- "2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы" Жалағаш ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 2 сәуірдегі № 86 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 164
- Қабылданған күні
- 10.05.2012
- Көрсетілген редакция
- 17.01.2013 65479_203977.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.01.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12LF000212
- ЭКБ идентификаторы
- 65479
- Редакция идентификаторы
- 65479_203977
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:17
0 "2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы" Жалағаш ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 2 сәуірдегі N 86 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы N 213 Заңына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. "2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы" Жалағаш ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 2 сәуірдегі N 86 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 10-6-206 болып тіркелген, 2012 жылғы 11 сәуірінде аудандық "Жалағаш жаршысы" газетінің N 31 (8797) санында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
1
"1. Жалағаш ауданындағы әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімдерін өткермеген азаматтарды 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.".
2 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрлігі Қызылорда облысының
Ішкі істер департаменті Жалағаш ауданының
ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы
Абжапбаров Бағдат Әбшекенұлы
___________________________________
"07" мамыр 2012 жыл
Қызылорда облысының денсаулық сақтау
басқармасының "Жалағаш аудандық емханасы"
шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік
коммуналдық кәсіпорнының бас дәрігері
Каметов Ханзулла Садуақасұлы
___________________________________
"07" мамыр 2012 жыл
"Қызылорда облысы Жалағаш ауданының
Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Айтжанов Манас Айтжанұлы
_________________________________
"07" мамыр 2012 жыл