О внесении изменений и дополнений в постановление акимата района от 2 октября 2013 года № 347 "Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры, ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности, имеющих право на повышенные не менее чем на двадцать пять процентов должностные оклады и тарифные ставки"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление акимата района от 2 октября 2013 года № 347 "Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры, ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности, имеющих право на повышенные не менее чем на двадцать пять процентов должностные оклады и тарифные ставки"
- Атауы (қаз.)
- Аудан әкімдігінің 2013 жылғы 2 қазандағы № 347 "Кемінде жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, ветеринария саласындағы мамандар лаузымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 75
- Қабылданған күні
- 06.04.2015
- Көрсетілген редакция
- 06.04.2015 89337_76327.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.04.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15NG005550
- ЭКБ идентификаторы
- 89337
- Редакция идентификаторы
- 89337_76327
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:36
0
Аудан әкімдігінің 2013 жылғы 2 қазандағы № 347 «Кемінде жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, ветеринария саласындағы мамандар лаузымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 18-бабының 2) тармақшасына сәйкес Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Аудан әкімдігінің 2013 жылғы 2 қазандағы № 347 «Кемінде жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, ветеринария саласындағы мамандар лаузымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4268 тіркелген, аудандық «Әулиекөл» газетінде 2013 жылғы 31 қазанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) көрсетілген қаулының атауы жаңа редакцияда жазылсын:
«Кемінде жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лаузымдарының тізбесін айқындау туралы»;
2) көрсетілген қаулының 1- тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Аудандық бюджет қаражаты есебінен кемінде жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лаузымдарының тізбесі, осы қаулының қосымшасына сәйкес анықталсын.»;
3) қосымшада тақырып жаңа редакцияда жазылсын:
«Аудандық бюджет қаражаты есебінен кемінде жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі»;
мынадай мазмұндағы 36, 37 тармақтарымен толықтырылсын:
«36. жаттықтырушы;
37. арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер.».
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.С. Нұғмановаға жүктелсін.
3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Әулиекөл аудандық
мәслихатының хатшысы
_________________ Бондаренко А.И.
«6» сәуір 2015 жыл