Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 июля 2013 года № 673 «Об утверждении Правил приватизации жилищ из государственного жилищного фонда»

Қаулы · № 859 · қабылданған 04.10.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2-2013-no-673-ekb-186832/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 июля 2013 года № 673 «Об утверждении Правил приватизации жилищ из государственного жилищного фонда» Қолданыста Қаулы ·№ 859 ·04.10.2023
04.10.2023 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.10.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 июля 2013 года № 673 «Об утверждении Правил приватизации жилищ из государственного жилищного фонда»

Қолданыста Қаулы ·№ 859 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 июля 2013 года № 673 «Об утверждении Правил приватизации жилищ из государственного жилищного фонда»
Атауы (қаз.)
«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 673 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
859
Қабылданған күні
04.10.2023
Көрсетілген редакция
04.10.2023 186832_659018.kaz
Соңғы өзгеріс
04.10.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2300000859
ЭКБ идентификаторы
186832
Редакция идентификаторы
186832_659018
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 16:30

0 «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 673 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 673 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-1-бабының 6-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру тәртібін айқындайды.»;
2-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) қызметтік тұрғын үй – мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан берілетін және өздерінің еңбек қатынастарының сипатына байланысты міндеттерін орындау кезеңінде, оның ішінде мемлекеттік қызметшілерді ротациялау жүзеге асырылған кезде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтарын қоныстандыруға арналған айрықша құқықтық режимі бар тұрғын үй;»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік мекемелердің жұмыскерлері мен судьялар мемлекеттік қызметте, бюджеттік ұйымдарда, мемлекеттік кәсіпорындарда немесе судья лауазымында (мемлекеттік сайланбалы қызметте болу мерзімін қоса алғанда) кемінде он жыл (жиынтығында) жұмыс істесе, сондай-ақ егер еңбек қатынастары мынадай негіздер бойынша:
1) ұйымның таратылуы, жұмыскерлер санының немесе штатының қысқартылуы;
2) одан әрі жұмыс істеуге кедергі келтіретін сырқатына байланысты;
3) зейнеткерлікке шығуына байланысты тоқтатылса, жұмыс істеген мерзіміне қарамастан, өздері тұратын қызметтік тұрғын үйді қалдық құны бойынша жекешелендіре алады.
Қызметтік тұрғын жай берілген жұмыскер қайтыс болған жағдайда жекешелендіру құқығы қайтыс болған (қаза тапқан) адамның жұмыс істеген мерзіміне қарамастан, қайтыс болған (қаза тапқан) адамның отбасы мүшелеріне өтеді.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушы ретінде қызметтік тұрғын үйлер берілген Қазақстан Республикасының азаматтары мен қандастар, егер олар қызметтік тұрғын үйде кемінде бес жыл тұрған болса, өздері тұратын қызметтік тұрғын үйлерді қалдық құны бойынша жекешелендіре алады.
2013 жылғы 1 қаңтарға дейін күнтізбемен есептегенде он және одан да көп жыл әскери қызметте болған әскери қызметшілер мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген қызметтік тұрғын үйді осы Қағидаларда көзделген шарттарда және тәртіппен (жабық және оқшауландырылған әскери қалашықтарда, шекара бөлімшелерінде және өзге де жабық объектілерде орналасқан тұрғын үйлерді қоспағанда) жекешелендіруге құқылы.
2013 жылғы 1 қаңтарға дейін күнтізбемен есептегенде он бес және одан да көп жыл әскери қызметте болған әскери қызметшілер күнтізбемен есептегенде әскери қызметтің жиырма жылы өткеннен кейін қызметтік тұрғын үйді өтеусіз жекешелендіруге құқылы.»;
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Жекешелендіру туралы шешім шығарылғаннан кейін тұрғын үйді мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік тұрғын үй қорынан коммуналдық меншікке беруі «Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 85 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32641 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидаларына (бұдан әрі – Беру қағидалары) сәйкес шешім шығарылған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде жүзеге асырылады.
Жекешелендіру туралы шешім шығарылғаннан кейін коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын мен коммуналдық мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан коммуналдық тұрғын үй қорына тұрғын үйді беру он бес күн күнтізбелік ішінде жүргізіледі.».

2 2. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы