Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 июля 2013 года № 673 «Об утверждении Правил приватизации жилищ из государственного жилищного фонда»

Қаулы · № 442 · қабылданған 06.06.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2-2013-no-673-ekb-197379/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 июля 2013 года № 673 «Об утверждении Правил приватизации жилищ из государственного жилищного фонда» Қолданыста Қаулы ·№ 442 ·06.06.2024
06.06.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.06.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 июля 2013 года № 673 «Об утверждении Правил приватизации жилищ из государственного жилищного фонда»

Қолданыста Қаулы ·№ 442 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 июля 2013 года № 673 «Об утверждении Правил приватизации жилищ из государственного жилищного фонда»
Атауы (қаз.)
«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 673 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
442
Қабылданған күні
06.06.2024
Көрсетілген редакция
06.06.2024 197379_714039.kaz
Соңғы өзгеріс
06.06.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2400000442
ЭКБ идентификаторы
197379
Редакция идентификаторы
197379_714039
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 11:12

0 «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру қағидаларын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі
№ 673 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 673 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру қағидаларында:
2-тармақтың 16) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«16) мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы (бұдан әрі – портал) – Интернет желісінде www.e-qazyna.kz мекенжайы бойынша орналасқан, тұрғынжайды жекешелендіру туралы шарттар бойынша электрондық дерекқорға бірыңғай қол жеткізу нүктесін беретін интернет-ресурс;»;
10-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жалдаушылардың бірі сатып алуды жүзеге асыруға келіспеген жағдайда жекелеген тұрғынжайды жалдау шарттарына сәйкес бірнеше жалдаушыға жалға берілетін;»;
13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Тұрғынжайды жекешелендіру осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес үлгілік нысан бойынша тұрғын үйді жекешелендіру туралы шартпен ресімделеді.
14. Өтініш беруші жекешелендіру тәртібімен тұрғынжайларды меншікке сатып алу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) не «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы тұрғын үй комиссиясының қарауына мынадай құжаттарды ұсынады:
1) жалдаушының кәмелетке толған барлық отбасы мүшелері қол қойған өзі тұратын тұрғынжайды жекешелендіруге өтініш;
2) көрсетілетін қызметті алушы мен оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттар (сәйкестендіру үшін);
3) некеге тұру (бұзу), отбасы мүшелерінің қайтыс болуы, балалардың тууы туралы куәліктер (қажет болуына қарай, ақпараттық жүйеде мәліметтер болмаған жағдайда);
4) порталда тіркелген жалдау шарты не тұрғынжай ордері;
5) көрсетілетін қызметті алушының отбасы мүшелері деп басқа адамдар танылған жағдайда соңғысы өздерін көрсетілетін қызметті алушының отбасы мүшелері деп тану туралы сот шешімін ұсынады;
6) халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтар көрсетілетін қызметті алушының (отбасының) халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататынын растайтын құжатты қосымша ұсынады;
7) мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың жұмыскерлері, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, судьялар және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдар санатына жататын азаматтар жұмыс (қызмет) орнынан анықтаманы не жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін қосымша ұсынады;
8) ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер Қазақстан Республикасының Үкіметі беретін өздерінің мәртебесін растайтын құжатты ұсынады;
9) тұрғынжайды жалдау шарты бойынша берешектің жоқ екенін растайтын құжат;
10) Қағидалардың 7-тармағына сәйкес жекешелендірген жағдайда – мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды меншігіне өтеусіз алуға құқығы бар азаматтардың санатына жататынын растайтын құжат.
Жеке басты куәландыратын құжаттардың, некеге тұру немесе некені бұзу туралы (2008 жылғы 1 маусымнан кейін), қайтыс болуы туралы (2007 жылғы 13 тамыздан кейін), балалардың тууы туралы (2007 жылғы тамыздан кейін) куәліктердің мәліметтерін, меншік құқығында өздеріне тиесілі тұрғынжайдың (Қазақстан Республикасы бойынша) бар-жоғы туралы мәліметтерді, мекенжайы туралы мәліметтерді, басқа адамдарды көрсетілетін қызметті алушының отбасы мүшелері деп тану туралы сот шешімін, көрсетілетін қызметті алушының халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататынын растайтын құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден отбасының барлық мүшелеріне алады.»;
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Жекешелендіру туралы шешім шығарылғаннан кейін тұрғынжайды мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік тұрғын үй қорынан коммуналдық меншікке беру «Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 85 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32641 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншікті бір түрінен екіншісіне беру қағидаларына (бұдан әрі – Беру қағидалары) сәйкес беру туралы шешім шығарылған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде порталды пайдалану арқылы электрондық нысанда жүзеге асырылады.
Жекешелендіру туралы шешім шығарылғаннан кейін тұрғынжайды коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын мен коммуналдық мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан коммуналдық тұрғын үй қорына беру күнтізбелік он бес күн ішінде порталды пайдалану арқылы электрондық нысанда жүргізіледі.»;
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«22. Портал арқылы тұрғынжайды жекешелендіру туралы шарт жасалғаннан кейін, осы Қағидалардың 23-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, өтініш беруші күнтізбелік отыз күн ішінде жергілікті бюджетке төленуге тиіс тұрғынжайдың құнын төлейді.
Тұрғынжай меншікке өтеусіз алынған кезде төлем жүргізілмейді.».

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы