Құжат мәтініне өту

Об определении черты бедности на 2 квартал 2013 года

Бұйрық · № 125-ө-м · қабылданған 28.03.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2-2013/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об определении черты бедности на 2 квартал 2013 года Күшін жойған Бұйрық ·№ 125-ө-м ·28.03.2013
26.06.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.06.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении черты бедности на 2 квартал 2013 года

Күшін жойған Бұйрық ·№ 125-ө-м · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении черты бедности на 2 квартал 2013 года
Атауы (қаз.)
2013 жылғы 2 тоқсанға арналған кедейлік шегін анықтау туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
125-ө-м
Қабылданған күні
28.03.2013
Көрсетілген редакция
26.06.2013 AI71788_2.kaz
Соңғы өзгеріс
26.06.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1300008394
ЭКБ идентификаторы
71788
Редакция идентификаторы
AI71788_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 23:24

0 2013 жылғы 2 тоқсанға арналған кедейлік шегін анықтау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 8 сәуірдегі № 537 қаулысымен бекітілген Кедейлік шегін анықтау ережесінің 4-тармағына сәйкес атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін анықтау үшін Қазақстан Республикасының күнкөрісі төмен азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету өлшемдерін белгілеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қазақстан Республикасы бойынша 2013 жылғы 2 тоқсанға арналған кедейлік шегі Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі өткен тоқсанға есептеген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 пайызы мөлшерінде анықталсын.

2

2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «2013 жылдың 1 тоқсанына арналған кедейлік шегін анықтау туралы» 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 488-Ө-М бұйрығының (Нормативтік-құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 8213 тіркелген және 2013 жылғы 26 қаңтардағы «Казахстанская правда» № 30-31, 2013 жылғы 26 қаңтардағы «Егемен Қазақстан» № 54 газеттерінде жарияланған) күші жойылған деп танылсын.

3 3. Әлеуметтік көмек департаменті (Н.А. Крюкова) осы бұйрықтың:

1 1) заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын;

2 2) облыстық, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына жеткізуді қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Т.Б. Дүйсеноваға жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшiне енедi және 2013 жылғы 1 сәуірден бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

Қолданыстағы