Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в совместное постановление акимата города Сатпаев от 2 апреля 2014 года № 06/01 и решение Сатпаевского городского маслихата от 31 марта 2014 года № 223 "О льготном проезде отдельных категорий граждан города Сатпаев для проезда на внутригородском общественном транспорте (кроме такси)"

Қаулы · № 33/01 · қабылданған 31.05.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2-2014-no-0601-31-2014-no-223-ekb-132314/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О внесении изменения в совместное постановление акимата города Сатпаев от 2 апреля 2014 года № 06/01 и решение Сатпаевского городского маслихата от 31 марта 2014 года № 223 "О льготном проезде отдельных категорий граждан города Сатпаев для проезда на внутригородском общественном транспорте (кроме такси)" Күшін жойған 20.03.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменения в совместное постановление акимата города Сатпаев от 2 апреля 2014 года № 06/01 и решение Сатпаевского городского маслихата от 31 марта 2014 года № 223 "О льготном проезде отдельных категорий граждан города Сатпаев для проезда на внутригородском общественном транспорте (кроме такси)"

Күшін жойған Қаулы № 33/01 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в совместное постановление акимата города Сатпаев от 2 апреля 2014 года № 06/01 и решение Сатпаевского городского маслихата от 31 марта 2014 года № 223 "О льготном проезде отдельных категорий граждан города Сатпаев для проезда на внутригородском общественном транспорте (кроме такси)"
Атауы (қаз.)
Сәтбаев қаласының әкімдігінің 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 06/01 және Сәтбаев қалалық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 223 «Сәтбаев қаласы азаматтарының жекелеген санаттарының қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы» бірлескен қаулысына және шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
33/01
Қабылданған күні
31.05.2019
Көрсетілген редакция
20.03.2026 132314_815040.kaz
Соңғы өзгеріс
20.03.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19KF005378
ЭКБ идентификаторы
132314
Редакция идентификаторы
132314_815040
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:42
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Сәтбаев қаласының әкімдігінің 2014 жылғы 2 сәуірдегі

№ 06/01 және Сәтбаев қалалық мәслихатының 2014 жылғы 31
наурыздағы № 223 «Сәтбаев қаласы азаматтарының жекелеген
санаттарының қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа)
жеңілдікпен жол жүруі туралы» бірлескен қаулысына және
шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Заңының 13 бабына сәйкес Сәтбаев қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1. Сәтбаев қаласының әкімдігінің 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 06/01 және Сәтбаев қалалық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 223 «Сәтбаев қаласы азаматтарының жекелеген санаттарының қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы» бірлескен қаулысына және шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2601 болып тіркелген, «Шарайна» газетінің 2014 жылғы 25 сәуірдегі № 16 (2103), «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 5 мамырда жарияланды) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«1. Сәтбаев қаласы азаматтарының төмендегі санаттарына қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүру белгіленсін:
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген,
мәртебесі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6, 8 баптарымен белгіленген адамдарға – тегін жол жүру;
2) Ұлы Отан соғысы жылдарында қажырлы еңбегі үшін ордендермен
және медальдармен марапатталған адамдарға – тегін жол жүру;
3) Ұлы Отан соғысы жылдарында кемінде алты ай жұмыс істеген
адамдарға – тегін жол жүру;
4) зейнетақының ең төменгі мөлшерін алатын зейнеткерлерге – тегін жол
жүру;
5) бірінші, екінші топтағы мүгедектерге – тегін жол жүру;
6) он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға – тегін жол жүру;
7) бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары, оның
ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар аналарға, «Күміс алқа», «Алтын алқа» алқаларымен марапатталған аналарға – тегін жол жүру.».

2. Осы бірлескен Сәтбаев қаласының әкімдігінің қаулысы және Сәтбаев қалалық мәслихатының шешімі алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.