Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в совместное постановление акимата города Сатпаев от 2 апреля 2014 года № 06/01 и решение Сатпаевского городского маслихата от 31 марта 2014 года № 223 «О льготном проезде отдельных категорий граждан города Сатпаев для проезда на внутригородском общественном транспорте (кроме такси)»

Қаулы · № 61/01 · қабылданған 21.09.2023
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2-2014-no-0601-31-2014-no-223/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О внесении изменения в совместное постановление акимата города Сатпаев от 2 апреля 2014 года № 06/01 и решение Сатпаевского городского маслихата от 31 марта 2014 года № 223 «О льготном проезде отдельных категорий граждан города Сатпаев для проезда на внутригородском общественном транспорте (кроме такси)» Күшін жойған 20.03.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменения в совместное постановление акимата города Сатпаев от 2 апреля 2014 года № 06/01 и решение Сатпаевского городского маслихата от 31 марта 2014 года № 223 «О льготном проезде отдельных категорий граждан города Сатпаев для проезда на внутригородском общественном транспорте (кроме такси)»

Күшін жойған Қаулы № 61/01 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в совместное постановление акимата города Сатпаев от 2 апреля 2014 года № 06/01 и решение Сатпаевского городского маслихата от 31 марта 2014 года № 223 «О льготном проезде отдельных категорий граждан города Сатпаев для проезда на внутригородском общественном транспорте (кроме такси)»
Атауы (қаз.)
Сәтбаев қаласының әкімдігінің 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 06/01 және Сәтбаев қалалық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 223 «Сәтбаев қаласы азаматтарының жекелеген санаттарының қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы» бірлескен қаулысына және шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
61/01
Қабылданған күні
21.09.2023
Көрсетілген редакция
20.03.2026 186620_815036.kaz
Соңғы өзгеріс
20.03.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V23HB005420
ЭКБ идентификаторы
186620
Редакция идентификаторы
186620_815036
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 16:43
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0

Сәтбаев қаласының әкімдігінің 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 06/01 және Сәтбаев қалалық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы №223 «Сәтбаев қаласы азаматтарының жекелеген санаттарының қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы» бірлескен қаулысына және шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Сәтбаев қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Сәтбаев қаласының әкімдігінің 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 06/01 және Сәтбаев қалалық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 223 «Сәтбаев қаласы азаматтарының жекелеген санаттарының қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы» бірлескен қаулысына және шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2601 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«1. Сәтбаев қаласы азаматтарының келесі санаттарына қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүру белгіленсін:
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне – тегін жол жүру;
2) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне – тегін жол жүру;
3) мәртебесі «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1) тармақшасында айқындалған, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдарға – тегін жол жүру;
4) еңбек ардагерлеріне – тегін жол жүру;
5) зейнетақының ең төменгі мөлшерін алатын зейнеткерлерге – тегін жол жүру;
6) бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – тегін жол жүру;
7) жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға, жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға – тегін жол жүру;
8) бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы, оның ішінде он сегіз жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға және  «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға – тегін жол жүру.».

2. Осы бірлескен қаулы және шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.