О внесении изменений и дополнения в постановление акимата от 2 октября 2014 года № 1808 "Об утверждении Положения о государственном учреждении "Рудненский городской отдел образования" акимата города Рудного"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в постановление акимата от 2 октября 2014 года № 1808 "Об утверждении Положения о государственном учреждении "Рудненский городской отдел образования" акимата города Рудного"
- Атауы (қаз.)
- Әкімдіктің 2014 жылғы 2 қазандағы № 1808 "Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 189
- Қабылданған күні
- 12.02.2015
- Көрсетілген редакция
- 04.05.2016 87908_118023.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.05.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15NB005433
- ЭКБ идентификаторы
- 87908
- Редакция идентификаторы
- 87908_118023
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:42
0 Әкімдіктің 2014 жылғы 2 қазандағы № 1808 «Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 25 тамыздағы № 898 "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы" Жарлығына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Рудный қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 2 қазандағы № 1808 «Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5140 болып тіркелген, 2014 жылғы 13 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
16-тармақ мынадай мазмұндағы 21-1) тармақшамен толықтырылсын:
«21-1) патронаттық тәрбиешілердің ағымдағы шоттарына ақша қаражатын аудару арқылы еңбегіне ақы төлейді;»;
Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесіне 19) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«19) Рудный қаласы әкімдігінің «Балалар тәрбиелеу-сауықтыру кешені» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.»;
Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесіне 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«2) Рудный қаласы әкімдігінің «№ 2 гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;».