О внесении изменений и дополнения в постановление акимата от 2 декабря 2014 года № 599 "Об утверждении Положения о государственном учреждении "Управление здравоохранения акимата Костанайской области"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в постановление акимата от 2 декабря 2014 года № 599 "Об утверждении Положения о государственном учреждении "Управление здравоохранения акимата Костанайской области"
- Атауы (қаз.)
- Әкімдіктің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 599 "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына өзгерістер және толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 96
- Қабылданған күні
- 29.02.2016
- Көрсетілген редакция
- 10.02.2017 100495_157841.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.02.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16N0006225
- ЭКБ идентификаторы
- 100495
- Редакция идентификаторы
- 100495_157841
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 10:15
0 Әкімдіктің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 599 «Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына өзгерістер және толықтыру енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қостанай облысы әкімдігінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 599 «Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5240 болып тіркелген, 2014 жылғы 30 желтоқсанда «Қостанай таңы» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер және толықтыру енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген «Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
18-тармақтың 14) және 21) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«14) денсаулық сақтау саласындағы кадрларды даярлау, олардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау жөніндегі қызметті ұйымдастыру және үйлестіру;»;
«21) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес медициналық және фармацевтикалық қызметті, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет түрлерін лицензиялауды жүзеге асыру;»;
18-тармақ мынадай мазмұндағы 23-1) тармақшасымен толықтырылсын:
«23-1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;»;
30-тармақ «Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінен алынып тасталсын.