О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 июля 2014 года № 762 «Об утверждении форм, Правил и сроков формирования реестра требований кредиторов»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 июля 2014 года № 762 «Об утверждении форм, Правил и сроков формирования реестра требований кредиторов»
- Атауы (қаз.)
- «Кредиторлар талаптары тiзiлiмiнің нысандарын, оны қалыптастыру қағидалары мен мерзімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 762 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 726
- Қабылданған күні
- 01.09.2015
- Көрсетілген редакция
- 20.05.2020 93448_463278.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.05.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1500000726
- ЭКБ идентификаторы
- 93448
- Редакция идентификаторы
- 93448_463278
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 13:32
0 «Кредиторлар талаптары тiзiлiмiнің нысандарын, оны қалыптастыру қағидалары мен мерзімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 762 қаулысына
өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Кредиторлар талаптары тiзiлiмiнің нысандарын, оны қалыптастыру қағидалары мен мерзімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 762 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 45, 442-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1 1) көрсетілген қаулымен бекітілген банкроттық рәсіміндегі кредиторлар талаптары тізілімінің нысанында:
«Екінші кезек» деген 2-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
«
2.
Екінші кезек
1)
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделген банкрот мүлкінің кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемелері бойынша кредиторлардың талаптары
…
Жиыны
2)
Банкроттық рәсімін жүргізу кезеңінде банкроттықты басқарушының кредит алуы нәтижесінде туындаған кредиторлардың талаптары
…
Жиыны
Екінші кезек бойынша жиыны:
2 2) көрсетілген қаулымен бекітілген Кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыру қағидалары мен мерзімінде:
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«28. Тізілім Заңның 100; 101; 102; 103; 104; 105; 106; 107-баптарында белгіленген кезектілікті сақтай отырып қалыптастырылады.»;
мынадай мазмұндағы 31-1-тармақпен толықтырылсын:
«31-1. Банкроттық рәсімін жүргізу кезеңінде банкроттықты басқарушы кредит алған жағдайда, кредиторлар талаптарының қалыптастырылған тізіліміне алынған кредитті қайтару бойынша кредиторлар талаптарының екінші кезегінің құрамына қосу арқылы өзгерістер енгізіледі.».