О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 2 декабря 2014 года № 862 "Об утверждении Правил государственной регистрации и учета отдельных видов транспортных средств по идентификационному номеру транспортного средства, подготовки водителей механических транспортных средств, приема экзаменов и выдачи водительских удостоверений"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 2 декабря 2014 года № 862 "Об утверждении Правил государственной регистрации и учета отдельных видов транспортных средств по идентификационному номеру транспортного средства, подготовки водителей механических транспортных средств, приема экзаменов и выдачи водительских удостоверений"
- Атауы (қаз.)
- "Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу, Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау, Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 73
- Қабылданған күні
- 26.01.2016
- Көрсетілген редакция
- 26.01.2016 99687_65351.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.01.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1600013234
- ЭКБ идентификаторы
- 99687
- Редакция идентификаторы
- 99687_65351
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 10:53
0
«Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу, Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау, Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу, Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау, Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10056 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 12 (28490) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):
3-тармақтың 16) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«16) тіркеу-емтихан пункті (бұдан әрі – ТЕП) – көлік құралдарын тіркеу және есепке алу бойынша рәсімдерді жүзеге асыратын, оның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) ғимараттары мен үй-жайларында орналастырылған ІІО бөлінісі.»;
11-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Көлік құралын байқау нәтижелері осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көлік құралын тіркеу (есептен шығару) актісінде көрсетіледі және тегін, күнін көрсете отырып, байқауды жүргізген лауазымды адамның қолымен расталады, Мемлекеттік корпорацияда байқау нәтижелері ақпараттық жүйеде қалыптастырылады және көлік құралын байқауды жүзеге асыруға уәкілетті қызметкердің электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталады.»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. ТЕП лауазымды адамдары және Мемлекеттік корпорация жұмыскерлері тіркеу іс-қимылдарын жасау кезiнде жеке басты куәландыратын құжаттың негізiнде көлiк құралдары иелерiнің жеке басын сәйкестендіреді.»;
16-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) мыналарды:
«Салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (бұдан әрі – Салық кодексі) белгіленген баждар мен алымдардың төленгенін;
Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде белгіленген, көлік құралдарын бастапқы тіркеу кезінде өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерді орындағанын растайтын құжаттарды;»;
16-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Көлік құралының иесі Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде осы тармақтың 1) және 6) тармақшаларында көрсетілген құжаттар ұсынылмайды.»;
25, 26-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«25. Көлік құралдары иелерінің қолда бар жоғары сұранысқа ие МТНБ тізбесіне (бұдан әрі ‒ тізбе) қолжетімділігі тиісті ақпаратты ТЕП пен Мемлекеттік корпорация үй-жайларында стендтерде және ақпараттық тақталарда орналастыру жолымен ұйымдастырылады.
26. Көлік құралының иесі жүгінген кезде ТЕП-тің лауазымды адамы мен Мемлекеттік корпорация жұмыскері көлік құралының иесі көрсеткен жоғары сұранысқа ие МТНБ-ны тізбеден алуды жүргізеді және ақпаратты БАЖ-ға енгізеді.»;
57-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«57. Көлік құралын есептен шығару үшін олардың иелері (иелерінің өкілдері) ТЕП-ке осы Қағидалардың 16-тармағының 1), 2), 6), 7), 10) - 13) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынады, сондай-ақ ТЕП-ке МТНБ-ны тапсырады. КҚТК-де көлік құралын есептен шығарудың мән-жайларына сәйкес жазбалар жасалады, олар жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның мөрімен расталады.
Көлік құралының иесі Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде осы Қағидалардың 16-тармағының 2), 7), 9) - 13) тармақшаларында көрсетiлген құжаттар ұсынылады.
Жеке тұлғалардың көлік құралдарын есептен шығару салық төлеушілер үшін Салық кодексінде белгіленген тәртіппен көлік құралына салық төленгенін растайтын құжатты немесе салық төлеуден босату құқығын растайтын құжатты ұсынғаннан кейін жүзеге асырылады.
Иелері байқау сәтінде көлік құралының нақты орналасқан жері бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамы берген, мөрмен расталған байқау актісін ұсынған жағдайда, тіркелген орны бойынша көлік құралын байқауға әкелмей, есептен шығаруға жол беріледі.
Есептен шығару көлік құралының бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығаруға қандай да бір шектеулердің жоқ екені туралы сұрау салулар орындалғаннан, көлік құралының есепке алу деректері мен оның иесі туралы мәліметтер нақтыланғаннан кейін ғана жүргізіледі.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның лауазымды адамы көлiк құралын есептен шығару туралы шешiм қабылдағаннан кейін бұл туралы ақпарат көлік құралының бұрын тiркелген жері бойынша ТЕП-ке дереу жіберіледі.»;
59-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«59. Кәдеге жаратуға жататын көлік құралы осы Қағидалардың 16-тармағының 1), 2), 7) және 11) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынған кезде, байқаудан өткізілмей, есептен шығарылады. КҚТК мен МТНБ ТЕП-ке тапсырылады. Кәдеге жаратылатын көлік құралының КҚТК, МТНБ болмаған кезде көлік құралының иесі жазбаша нысанда оларды жоғалту мән-жайларын көрсетеді. Бұл ретте ІІО-ның ақпараттық ресурстары бойынша тексеру жүзеге асырылады.
Көлік құралының иесі Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде осы Қағидалардың 16-тармағының 2), 7), 11) тармақшаларында көрсетiлген құжаттар ұсынылады.»;
64-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«64. Заңды тұлғалардың көлік құралдарын жеке тұлғаларға сату кезінде есептен шығару осы Қағидалардың 16-тармағының 1), 6), 7), 9), 11), 12) және 13) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың, заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік (коммуналдық) меншік құқығы субъектісінің (мемлекеттік меншіктегі заңды тұлғалар үшін) функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік (коммуналдық) органдар рұқсатының негізінде жүргізіледі. Бұл ретте тіркеу құжатына жазба енгізіледі: «Автомобиль азамат Т.А.Ә. (болған жағдайда) сатуға байланысты есептен шығарылды, тұрғылықты тұратын мекенжайы, жеке басты куәландыратын құжатының сериясы, нөмірі.».
Көлік құралының иесі Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде осы Қағидалардың 16-тармағының 1), 6) тармақшаларында көрсетiлген құжаттар ұсынылмайды.»;
Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Емтихандар қабылдауды, азаматтарға «А», «В», «С», «D», «ВЕ», «СЕ», «DЕ», «Tm», «Tb» санаттарындағы, «A1, B1, C1, D1, С1Е және D1E» кіші санаттарындағы жүргізуші куәліктерін беруді ішкі істер органдарының, оның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) ғимараттары мен үй-жайларында орналастырылған тіркеу-емтихан бөліністері (бұдан әрі – ТЕБ) жүзеге асырады.»;
34-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) Мемлекеттік корпорацияның автоматтандырылған ақпараттық жүйелерімен біріктіруді қамтамасыз етеді.»;
77-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;
77-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген құжат ұсынылмайды.»;
80, 81-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«80. Жүргізуші куәлігін ауыстыруға байланысты оны алу үшін адам:
1) ТЕБ-ке жүгінген кезде – осы Қағидалардың 77-тармағының 1), 2), 4), 6), 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды және бұрын берілген жүргізуші куәлігін, ал тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда) өзгерткен кезде сауалнамалық деректері өзгергенін растайтын құжатты;
2) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде – осы Қағидалардың 77-тармағының 2), 4), 6), 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды және бұрын берілген жүргізуші куәлігін, ал тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда) өзгерткен кезде сауалнамалық деректері өзгергенін растайтын құжатты;
3) «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүгінген кезде – осы Қағидалардың 77-тармағының 2), 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды, ал тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда) өзгерткен кезде сауалнамалық деректері өзгергенін растайтын құжатты ұсынады.
Жүргізуші куәлігінің қолданылу мерзімі өткен кезде көлік құралдарын басқару құқығы теориялық және практикалық емтихандар тапсырғаннан кейін қалпына келтіріледі. Бұл ретте, практикалық емтихан жоғары санаттағы көлік құралында қабылданады.
81. Қосымша санаттар, кіші санаттар алуға байланысты жүргізуші куәлігін алу үшін тұлға осы Қағидалардың 77-тармағының 1), 2), 4) - 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды, сондай-ақ бұрын берілген жүргізуші куәлігін ұсынады.»;
82-тармақтың 4) тармақшасы алып тасталсын;
85-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«85. «Жол жүрісі туралы» (1968 жылғы 8 қарашадағы) Біріккен Ұлттар Ұйымы (бұдан әрі ‒ БҰҰ) Конвенциясының талаптарына жауап беретін, болатын елдің жүргізуші куәлігін шет елде алған, осы Қағидалардың 84-тармағында көрсетілген адамдар оларды жүргізуші куәлігі түпнұсқасының, оның мемлекеттік немесе орыс тілдеріне нотариаттық расталған аудармасының, осы Қағидалардың 77-тармағының 1), 2), 4), 6), 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың негізінде, ТЕБ-ке теориялық және практикалық емтихандар тапсырмай, Қазақстан Республикасының жүргізуші куәлігіне ауыстырады.»;
89-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«89. Жүргізуші куәлігін оның жоғалуына байланысты алу үшін тұлға осы Қағидалардың 77-тармағының 1), 2), 4), 6), 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынады.»;
97-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«97. Басқару құқығынан айырғаннан кейін сақтау мерзімі өтуіне байланысты жойылған жүргізуші куәлігін қалпына келтіру оларды жою туралы ТЕБ ақпаратының, сондай-ақ осы Қағидалардың 77-тармағының 1), 2), 4), 6) тармақшаларына сәйкес құжаттарды ұсыну және теориялық және практикалық емтихандар тапсыру негізінде жүргізіледі. Бұл ретте, практикалық емтихан жоғары санаттағы көлік құралында қабылданады.»;
Қағидаларға 7-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жолдауды;
3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
4 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
5
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Облыстардың, Алматы және Астана қалалары ішкі істер департаменттерінің бастықтары:
1 1) ішкі істер органдары жеке құрамының осы бұйрықты зерделеуін және талаптарын сақтауын қамтамасыз етсін;
2 2) ішкі істер органдарының жұмысын осы бұйрықтың талаптарына сәйкес ұйымдастырсын.
4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің орынбасары Е.З.Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетіне (И.В.Лепеха) жүктелсін.
5 5. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
міндетін атқарушы
____________Ж. Қасымбек
2016 жылғы «27» қантар
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
____________ Е. Досаев
2016 жылғы «01» ақпан
1 Көлік құралы туралы мәліметтер
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2016 жылғы 26 қаңтардағы
№ 73 бұйрығына 1-қосымша
Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі
бойынша көлік құралдарының
жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу
және есепке алу қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Көлік құралын тіркеу (есептен шығару) актісі
ТЕП-ке/ Мемлекеттік корпорацияға _________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) /заңды тұлғаның атауы)
үшін мынадай құжаттарды ұсынды____________________________________________________________
ұсынылған құжаттар
(БСН) ЖСК________________Туған күні (жеке тұлғалар үшін)__________________________________
(күні, айы, жылы)
Жеке басты куәландыратын құжат (әділет органдарында тіркелген күні)
__________________________________________________________________________________________
(атауы, сериясы, нөмірі, қашан және кім берді)
Мекенжайы_________________________________________________________________________________
__________________________________________________________ Телефоны ______________________
Көлік құралы туралы мәліметтер
VIN ______________________________________________________________________________________
Мем. нөмірі _____________________________ Шасси нөмірі ___________________________________
Маркасы, моделі _________________________ Шанақ нөмірі ___________________________________
Дайындаушы кәсіпорын ____________________ Түсі ___________________________________________
КҚ түрі ______________________ Қозғалтқыш қуаты (кВт/ж.к. V см³)__________________________
КҚ санаты ______________ Рұқсат етілген ең жоғары салмағы, kg_____________________________
Шығарылған жылы ____________________Жүктемесіз салмағы, kg________________________________
КҚ тіркеу куәлігі_________________________________________________________________________
(сериясы, нөмірі, берілген күні)
Иесінің өкілі
__________________________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Туған күні __________________ Жеке басты куәландыратын құжат______________________________
(күні, айы, жылы) (атауы, сериясы,
__________________________________________________________________________________________
нөмірі, қашан, кім берген)
__________________________________тұрады. Телефоны _______________________________________
Сенімхат _________________________________________________________________________________
(қашан, кім берген, тізілім нөмірі)
20__жылғы «___»___________________Иесінің қолы __________________________________________
__________________МТНБ _____________________________________________________КҚТК берілді.
ІІО лауазымды адамының қызметтік белгілері
ІІО лауазымды адамының қорытындысы
Байқау нәтижелері бойынша көлік құралы туралы мәліметтер:
МТНБ _______________________Дайындаушы кәсіпорын _________________________________________
КҚ санаты ______________________________________________________________________________
Сәйкестендіру нөмірі (VIN)________________________________________________________________
Шығарылған жылы ____________ Маркасы, моделі______________________________________________
Шасси (рама) нөмірі_______________________________________________________________________
Шанақ нөмірі _____________________________________________________________________________
Түсі______________ Байқау нәтижесі _____________________________________________________
(ақаусыз, ақауы бар)
ІІО лауазымды адамы_______________________________________________________________________
(қолы немесе коды) (тегі)
Айдап әкетілген және ұрланған автокөлік базасы бойынша тексеру жүргізілді
__________________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________
(нәтижесі, күні, уақыты)
__________________________________________________________________________________________
(тексеру жүргізген жауапты қызметкердің қолы, тегі)
Иесінен қабылданды
______________________________________ сериясы ______№ ___________________________________
(тіркеу құжатының атауы)
Тіркеу белгілері ____________________________саны ________________________________________
КҚ паспортының сериясы _________ №_________ ______________________________________________
_____________________________________ сериясы_________ № _________________________________
(меншік құқығын растайтын құжат)
«Транзит» белгісі __________________________ саны_________________ ______________________
Кепілді тіркеу туралы куәлік______________________________________________________________
Төлем туралы түбіртектер (есеп шот- фактура) № ___________________________________________
__________________________________________________________________________________________
Өзге құжаттар:____________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________ қабылданды.
(тіркеу әрекеттерін жүргізу немесе жүргізуден бас тарту туралы жауапты қызметкердің
қорытындысы)
20__жылғы «___»______________________(қолы)
Иесіне берілді
Сериясы ________________ № _______________________________________________________________
(тіркеу құжатының атауы)
Тіркеу белгілері _________________«Транзит» белгісі ______________________________________
ҚК паспорты сериясы ______________№ _____________________________________________________
Өзге де құжаттар _________________________________________________________________________
____________________________20_____ жылғы « » ___________________________________берілді.
ІІО лауазымды адамы/Мемлекеттік корпорация
қызметкері_______________________________(қолы, тегі)
Осымен ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын жеке мәліметтерді пайдалануға, Мемлекеттік корпорация қызметкерінің менің атымнан осы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуына электрондық құжат нысанындағы сұрау салуға қол қоюына, сондай-ақ Мемлекеттік корпорация қызметкерінің менің фотосуретімді дайындауына және осы мемлекеттік қызмет көрсету шеңберінде оны одан әрі пайдалануына өз келісімімді беремін.
Көрсетілетін қызметті алушы _____________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (қолы)
2 Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2016 жылғы 26 қаңтардағы
№ 73 бұйрығына 2-қосымша
Емтихандар қабылдау және жүргізуші
куәліктерін беру қағидаларына
7-қосымша
Жүргізуші куәлігін беру бланкісі
ТЕБ-ке/ Мемлекеттік корпорацияға_________________________________________________________
_________________________________________________________________________________________
(облыс, қала, аудан)
туған жылы __________ЖСН________________________________________________________________
туған жері _____________________________________________________________________________
(облыс, қала)
_________________________________________________________________________________тұратын,
________________________________________________________________________ жұмыс істейтін
жеке басты куәландыратын құжаттың сериясы _____________, №_______________________________
_________________________________________________________________________________берілген
(қашан, кім)
Т.А.Ә (ол болған жағдайда)
_________________________________________________________________________________________
жүргізуші куәлігі ауыстырылсын, телнұсқасы берілсін _____________________________________
__________________________________________________________(керек емесі сызылып тасталсын)
жүргізуші куәлігінің сериясы _______, №__________________________________________________
_________________________________________________________________________________________
(облыс, өлке, республика)
___________________________________________________________________________________ алған
(күні, айы, жылы)
20__жылғы «__»_____жүргізуші куәлігі мынадай жағдайларда ________________________________
_________________________________________________________________________________________
(баяндау)
жоғалды (ұрланды), төмендегі құжаттарды қоса беремін:
Ұрлық фактісі бойынша АІІБ-ден анықтама (егер ұрланса)___________________________________
ЖК жоғалған (ұрланған) кезде қажетті белгілер:
Өтініш берушінің қолы ___________________________________________________________________
Ауыстыру, телнұсқаны беру үшін құжаттарды қабылдаған ТЕБ лауазымды
адамы ___________________________________________________________________________________
(қолы)
Қызметтік белгілер:
Сериясы ___, №_______ жүргізуші куәлігі 20__жылғы «___»_______ берілді.
ТЕБ операторы ______________________________________________________
(қолы)
Осымен ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын жеке мәліметтерді пайдалануға, Мемлекеттік корпорация қызметкерінің менің атымнан осы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуына электрондық құжат нысанындағы сұрау салуға қол қоюына, сондай-ақ Мемлекеттік корпорация қызметкерінің менің фотосуретімді дайындауына және осы мемлекеттік қызмет көрсету шеңберінде оны одан әрі пайдалануына өз келісімімді беремін.
Көрсетілетін қызметті алушы ____________________________________________ ______________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (қолы)