Құжат мәтініне өту

Об определении черты бедности на 2 квартал 2015 года

Бұйрық · № 131 · қабылданған 13.03.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2-2015-ekb-87904/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об определении черты бедности на 2 квартал 2015 года Қолданыста Бұйрық ·№ 131 ·13.03.2015
13.03.2015 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.03.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении черты бедности на 2 квартал 2015 года

Қолданыста Бұйрық ·№ 131 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении черты бедности на 2 квартал 2015 года
Атауы (қаз.)
2015 жылғы 2 тоқсанға арналған кедейлік шегін анықтау туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
131
Қабылданған күні
13.03.2015
Көрсетілген редакция
13.03.2015 87904_274422.kaz
Соңғы өзгеріс
13.03.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500010517
ЭКБ идентификаторы
87904
Редакция идентификаторы
87904_274422
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 16:08

0 2015 жылғы 2 тоқсанға арналған

кедейлік шегін анықтау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 8 сәуірдегі № 537 қаулысымен бекітілген Кедейлік шегін анықтау тәртібінің 4-тармағына сәйкес атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін анықтау және Қазақстан Республикасының күнкөрісі төмен азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету критерийін белгілеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қазақстан Республикасы бойынша 2015 жылғы 2 тоқсанға кедейлік шегі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі өткен тоқсанға есептеген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 пайызы мөлшерінде белгіленсін.

2

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің «2015 жылғы 1 тоқсанға арналған кедейлік шегін анықтау туралы» 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 326 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10016 болып тіркелген және 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 254 (27875) «Казахстанская правда» газетінде, 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 254 (28477) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Әлеуметтік көмек департаменті:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

3 3) осы бұйрықты облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының назарына жеткізуді қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық 2015 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы