Кіру
Құжат мәтініне өту

Об определении черты бедности на 2 квартал 2015 года

Бұйрық · № 131 · қабылданған 13.03.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 13.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2-2015-ekb-87904/on/2026-09-13/
Басып шығарылды 2026-09-13 · adilet.kz
Об определении черты бедности на 2 квартал 2015 года Қолданыста Бұйрық ·№ 131 ·13.03.2015
13.03.2015 редакциясы
13.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.03.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении черты бедности на 2 квартал 2015 года

Қолданыста Бұйрық ·№ 131 · 13.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении черты бедности на 2 квартал 2015 года
Атауы (қаз.)
2015 жылғы 2 тоқсанға арналған кедейлік шегін анықтау туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
131
Қабылданған күні
13.03.2015
Көрсетілген редакция
13.03.2015 87904_274422.kaz
Соңғы өзгеріс
13.03.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500010517
ЭКБ идентификаторы
87904
Редакция идентификаторы
87904_274422
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 16:08

0 2015 жылғы 2 тоқсанға арналған

кедейлік шегін анықтау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 8 сәуірдегі № 537 қаулысымен бекітілген Кедейлік шегін анықтау тәртібінің 4-тармағына сәйкес атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін анықтау және Қазақстан Республикасының күнкөрісі төмен азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету критерийін белгілеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы бойынша 2015 жылғы 2 тоқсанға кедейлік шегі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі өткен тоқсанға есептеген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 пайызы мөлшерінде белгіленсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің «2015 жылғы 1 тоқсанға арналған кедейлік шегін анықтау туралы» 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 326 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10016 болып тіркелген және 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 254 (27875) «Казахстанская правда» газетінде, 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 254 (28477) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Әлеуметтік көмек департаменті:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

3) осы бұйрықты облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының назарына жеткізуді қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.

5. Осы бұйрық 2015 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы