Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 2 декабря 2015 года № 114-нқ «Об утверждении реестра должностей гражданских служащих Министерства национальной экономики Республики Казахстан»

Бұйрық · № 24 · қабылданған 18.03.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2-2015-no-114/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 2 декабря 2015 года № 114-нқ «Об утверждении реестра должностей гражданских служащих Министерства национальной экономики Республики Казахстан» Қолданыста Бұйрық ·№ 24 ·18.03.2021
18.03.2021 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.03.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 2 декабря 2015 года № 114-нқ «Об утверждении реестра должностей гражданских служащих Министерства национальной экономики Республики Казахстан»

Қолданыста Бұйрық ·№ 24 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 2 декабря 2015 года № 114-нқ «Об утверждении реестра должностей гражданских служащих Министерства национальной экономики Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 желтоқсандағы № 114-нқ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
24
Қабылданған күні
18.03.2021
Көрсетілген редакция
18.03.2021 153760_517576.kaz
Соңғы өзгеріс
18.03.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100022384
ЭКБ идентификаторы
153760
Редакция идентификаторы
153760_517576
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 09:09

0 «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің

азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 желтоқсандағы № 114-нқ бұйрығына
өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 желтоқсандағы № 114-нқ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12801 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 29 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2 2. Адами ресурстармен жұмыс департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер беруді қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі

1 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2021 жылғы 18 наурыздағы № 24
Бұйрыққа қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 2 желтоқсандағы № 114-нқ
бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің
азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі
Буын
Са­ты
Ла­у­а­зым­дар­дың ата­уы
А БЛО­ГЫ – БАС­ҚА­РУ­ШЫ ПЕР­СО­НАЛ
А1
1
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық эко­но­ми­ка ми­ни­стр­лі­гі­нің «Мик­ро­гра­фия ғы­лы­ми-зерт­теу ин­сти­ту­ты» рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі­нің (бұ­дан әрі - РММ) ди­рек­то­ры
1-1
РММ ди­рек­то­ры­ның орын­ба­са­ры
А2
1
РММ бас бух­гал­те­рі, бө­лім ба­стығы
1-1
РММ бас бух­гал­те­рі­нің орын­ба­са­ры, бө­лім ба­стығ­ы­ның орын­ба­са­ры
А3
1
РММ топ бас­шы­сы
B БЛО­ГЫ – ӨЗГЕ ДЕ СА­ЛА­ЛАР­ДА
В2
1
Бі­лік­ті­лі­гі жо­ға­ры дең­гей­де­гі жо­ға­ры са­нат­ты ин­же­нер
2
Бі­лік­ті­лі­гі жо­ға­ры дең­гей­де­гі бі­рін­ші са­нат­ты ин­же­нер
3
Бі­лік­ті­лі­гі жо­ға­ры дең­гей­де­гі екін­ші са­нат­ты ин­же­нер
4
Бі­лік­ті­лі­гі жо­ға­ры дең­гей­де­гі са­на­ты жоқ ин­же­нер
В3
1
Бiлiк­тiлi­гi ор­та­ша дең­гей­де­гі жо­ға­ры са­нат­ты ин­же­нер, тех­ник
2
Бiлiк­тiлi­гi ор­та­ша дең­гей­де­гі бі­рін­ші са­нат­ты ин­же­нер, тех­ник
3
Бiлiк­тiлi­гi ор­та­ша дең­гей­де­гі екін­ші са­нат­ты ин­же­нер, тех­ник
4
Бiлiк­тiлi­гi ор­та­ша дең­гей­де­гі са­на­ты жоқ ин­же­нер, тех­ник
B БЛО­ГЫ – «ДЕН­СА­УЛЫҚ САҚ­ТАУ» СА­ЛА­СЫ
В3
1
Бі­лік­ті­лі­гі жо­ға­ры дең­гей­де­гі жо­ға­ры са­нат­ты мей­ір­гер
2
Бі­лік­ті­лі­гі жо­ға­ры дең­гей­де­гі бі­рін­ші са­нат­ты мей­ір­гер
3
Бі­лік­ті­лі­гі жо­ға­ры дең­гей­де­гі екін­ші са­нат­ты мей­ір­гер
4
Бі­лік­ті­лі­гі жо­ға­ры дең­гей­де­гі са­на­ты жоқ мей­ір­гер
В4
1
Бiлiк­тiлi­гi ор­та­ша дең­гей­де­гі жо­ға­ры са­нат­ты мей­ір­гер
2
Бiлiк­тiлi­гi ор­та­ша дең­гей­де­гі бі­рін­ші са­нат­ты мей­ір­гер
3
Бiлiк­тiлi­гi ор­та­ша дең­гей­де­гі екін­ші са­нат­ты мей­ір­гер
4
Бiлiк­тiлi­гi ор­та­ша дең­гей­де­гі са­на­ты жоқ мей­ір­гер
С БЛО­ГЫ – ӘКІМ­ШІ­ЛІК ПЕР­СО­НАЛ
С1
Энер­гия, жы­лу, су, газ құ­быр­ла­ры мен кә­р­із­ді кү­тіп-ұстау учас­ке­сі­нің бас­шы­сы; кө­лік цехы­ның бас­шы­сы; әкім­ші­лік-ша­ру­а­шы­лық бө­лі­мі­нің бас­шы­сы; ғи­ма­рат­тар мен үй-жай­лар­ды жөн­деу учас­ке­сі­нің бас­шы­сы – құ­ры­лыс жұ­мыста­рын жүр­гі­зу­ші; жөн­деу-ме­ха­ни­ка учас­ке­сі­нің бас­шы­сы; бай­ла­ныс, кү­зет даб­ы­лы және хи­ми­я­лық өрт сөн­ді­ру учас­ке­сі­нің бас­шы­сы; өрт ко­ман­да­сы қыз­ме­ті­нің бас­шы­сы.
С2
Бі­лік­ті­лік дең­гейі жо­ға­ры ма­ман­дар: ин­спек­тор, ауди­тор, эко­но­мист, мем­ле­кет­тік са­тып алу ме­не­дже­рі, бух­гал­тер, әдіс­кер, ме­ха­ник, бай­ла­ныс ин­же­не­рі, жаб­дық­тау ин­же­не­рі, құ­ры­лы­стар мен құ­ры­лы­сжай­лар­ды тү­ген­деу ин­же­не­рі, ақ­па­рат­ты қор­ғау ин­же­не­рі, қа­уіп­сіз­дік және ең­бек­ті қор­ғау ин­же­не­рі, аудар­ма­шы, заң­гер.
С3
Бі­лік­ті­лі­гі ор­та дең­гей­де­гі ма­ман­дар: бух­гал­тер, ин­спек­тор, әдіс­кер, аудар­ма­шы, эко­но­мист, заң ке­ңес­ші­сі, бай­ла­ныс тех­ни­гі, ме­ха­ник, ауы­сым ба­стығы
Мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­ге әкім­ші­лік-ша­ру­а­шы­лық қыз­мет көр­се­ту­мен ай­на­лы­са­тын құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің: ар­хив, бю­ро (кө­ші­ру-кө­бей­ту), кең­се, қой­ма, ша­ру­а­шы­лық бас­шы­сы (мең­ге­ру­ші­сі).
D БЛО­ГЫ – КӨ­МЕК­ШІ ПЕР­СО­НАЛ
D
Тех­ни­ка­лық орын­да­у­шы­лар: ар­хи­ва­ри­ус, іс жүр­гі­зу­ші, дис­пет­чер, (кө­ші­ру кө­бей­ту ма­ши­на­ла­ры­ның, бай­ла­ныс жүй­е­ле­рі­нің, бай­ла­ны­стың, ком­пью­тер­лік тех­ни­ка­ның (бағ­дар­ла­ма­лар­дың), элек­трон­дық есеп­теу ма­ши­на­ла­ры­ның, ком­пью­тер­лік құ­ры­л­ғы­лар­ға қыз­мет көр­се­ту жө­нін­де­гі, кү­зет қыз­ме­ті­нің) опе­ра­то­ры, кү­зет­ші, хат­шы.

Қолданыстағы