О внесении изменений и дополнений в решение районного маслихата от 2 марта 2015 года № 155 «О дополнительном регламентировании порядка проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций на территории Байганинского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в решение районного маслихата от 2 марта 2015 года № 155 «О дополнительном регламентировании порядка проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций на территории Байганинского района»
- Атауы (қаз.)
- «Байғанин ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» 2015 жылғы 2 наурыздағы № 155 аудандық мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 191
- Қабылданған күні
- 09.11.2015
- Көрсетілген редакция
- 07.07.2016 96050_Some(101426).kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.07.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15CD004621
- ЭКБ идентификаторы
- 96050
- Редакция идентификаторы
- 96050_Some(101426)
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 12:42
0 «Байғанин ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы»
2015 жылғы 2 наурыздағы № 155 аудандық мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына және Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» Заңының 10- бабына сәйкес, Байғанин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 2 наурыздағы № 155 «Байғанин ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4246 санымен тіркелген, 2015 жылдың 2 сәуірінде аудандық «Жем-Сағыз» газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын
2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Аудандық мәслихаттың
2015 жылғы 9 қарашадағы
№ 191 шешіміне қосымша
Аудандық мәслихаттың
2015 жылғы 2 наурыздағы
№ 155 шешіміне қосымша
№
р/с
Елді мекендердің
атаулары
Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізілетін орындар
1
Қарауылкелді ауылы
Қарауылкелді ауылы Барақ батыр көшесі бойындағы «Байғанин аудандық Мәдениет үйі» Қазыналық мемлекеттік кәсіпорны ғимаратының алдындағы алаң
2
Жарлы ауылы
Жарлы ауылы Ардагерлер көшесі бойындағы ауылдық клубы ғимаратының алдындағы алаң
3
Ноғайты ауылы
Ноғайты ауылы Орталық көшесі бойындағы ауылдық клубы ғимаратының алдындағы алаң
4
Ебейті ауылы
Ебейті ауылы Жеңіс көшесі бойындағы ауылдық клубы ғимаратының алдындағы алаң
5
Алтай батыр ауылы
Алтай батыр ауылының Бұлақ көшесі бойындағы «Асылтас» дүкенінің ғимараты алдындағы алаң
6
Жарқамыс ауылы
Жарқамыс ауылының Орталық көшесі бойындағы жаңа үлгідегі модельді Жарқамыс ауылдық кітапханасы ғимаратының алдындағы алаң
7
Кемерши ауылы
Кемерши ауылы Орталық көшесі бойындағы «Көркем» сауда дүкенінің ғимараты алдындағы алаң
8
Оймауыт ауылы
Оймауыт ауылы Мәдениет көшесі бойындағы ауылдық Мәдениет үйі ғимаратының алдындағы алаң
9
Миялы ауылы
Миялы ауылы Жем өзені көшесі бойындағы ауылдық клубы ғимаратының алдындағы алаң