О внесении изменений в постановление акимата Павлодарской области от 2 июня 2015 года № 163/6 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере жилищно - коммунального хозяйства»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Павлодарской области от 2 июня 2015 года № 163/6 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере жилищно - коммунального хозяйства»
- Атауы (қаз.)
- Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 маусымдағы «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» № 163/6 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 166/3
- Қабылданған күні
- 15.06.2017
- Көрсетілген редакция
- 01.09.2020 113644_479505.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.09.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17P0005582
- ЭКБ идентификаторы
- 113644
- Редакция идентификаторы
- 113644_479505
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 04:47
0 Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 маусымдағы «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» № 163/6 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 16-бабы 3-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 маусымдағы «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» № 163/6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4576 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 шілдеде «Регион.kz» газетінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 1-қосымшасында:
1-жолдағы 2-баған келесі редакцияда жазылсын: «Павлодар қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі»;
1-жолдағы 4-баған келесі редакцияда жазылсын: «8 (718 2) 32-30-34, finanses-pavlodar.gov.kz»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Мемлекеттік кәсіпорынның не мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйдің болуы (болмауы) туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 1-қосымшасында:
1-жолдағы 2-баған келесі редакцияда жазылсын: «Павлодар қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі»;
1-жолдағы 4-баған келесі редакцияда жазылсын: «8 (718 2) 32-30-34, finanses-pavlodar.gov.kz».
2 2. «Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулының ресми жариялануға жіберілуін;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.