Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 2 марта 2015 года № 164 «Об утверждении Правил централизованной покупки и продажи расчетно-финансовым центром электрической энергии, произведенной объектами по использованию возобновляемых источников энергии, перерасчета и перераспределения расчетно-финансовым центром соответствующей доли электрической энергии на квалифицированного условного потребителя по итогам календарного года»

Бұйрық · № 197 · қабылданған 19.05.2020
Заңдық күші: Мәртебесі расталмаған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2-2015-no-164-ekb-143067/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О внесении дополнений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 2 марта 2015 года № 164 «Об утверждении Правил централизованной покупки и продажи расчетно-финансовым центром электрической энергии, произведенной объектами по использованию возобновляемых источников энергии, перерасчета и перераспределения расчетно-финансовым центром соответствующей доли электрической энергии на квалифицированного условного потребителя по итогам календарного года» Мәртебесі расталмаған 01.11.2020 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении дополнений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 2 марта 2015 года № 164 «Об утверждении Правил централизованной покупки и продажи расчетно-финансовым центром электрической энергии, произведенной объектами по использованию возобновляемых источников энергии, перерасчета и перераспределения расчетно-финансовым центром соответствующей доли электрической энергии на квалифицированного условного потребителя по итогам календарного года»

Мәртебесі расталмаған Бұйрық № 197 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 2 марта 2015 года № 164 «Об утверждении Правил централизованной покупки и продажи расчетно-финансовым центром электрической энергии, произведенной объектами по использованию возобновляемых источников энергии, перерасчета и перераспределения расчетно-финансовым центром соответствующей доли электрической энергии на квалифицированного условного потребителя по итогам календарного года»
Атауы (қаз.)
«Қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын орталықтандырылған сатып алуы және сатуы, қаржы-есеп айырысу орталығының басым шартты тұтынушыға күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясының тиісті үлесін қайта есептеу және қайта бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 164 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Мәртебесі расталмаған
Тізілімдегі мәртебе коды
vexp
Нөмірі
197
Қабылданған күні
19.05.2020
Көрсетілген редакция
01.11.2020 143067_686355.kaz
Соңғы өзгеріс
01.11.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000020688
ЭКБ идентификаторы
143067
Редакция идентификаторы
143067_686355
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 14:27
Актінің мәртебесі расталмаған. Тізілім коды танылмады, сондықтан бұл бет актінің заңдық күші туралы ештеңе айтпайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.11.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0

«Қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын орталықтандырылған сатып алуы және сатуы, қаржы-есеп айырысу орталығының басым шартты тұтынушыға күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясының тиісті үлесін қайта есептеу және қайта бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 164 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын орталықтандырылған сатып алуы және сатуы, қаржы-есеп айырысу орталығының басым шартты тұтынушыға күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясының тиісті үлесін қайта есептеу және қайта бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 164 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10662 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 18 тамызда жарияланған) бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын орталықтандырылған сатып алуы және сатуы, қаржы-есеп айырысу орталығының басым шартты тұтынушыға күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясының тиісті үлесін қайта есептеу және қайта бөлу қағидалары:
мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:
«16-1. Осы Қағидалардың 16-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген мерзім Өтініш берушінің қаржы-есеп айырысу орталығына берген өтінішіне (еркін нысанда) сәйкес, бірақ ЖЭК пайдалану объектісін пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесін ұсыну мерзімінен кешіктірілмей, күнтізбелік 1 (бір) жылдан аспайтын мерзімге бір рет ұзартылады.»;
мынадай мазмұндағы 101-1-тармақпен толықтырылсын:
«101-1. Осы Қағидалардың 106-1-тармағында көзделген жағдайда, осы Қағидалардың 101-тармағында көзделген сатып алу шарты талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз етуді ұстап қалу тәртібі көрсетілген мерзімдерді ұзарту ескеріле отырып жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы 106-1-тармақпен толықтырылсын:
«106-1. Осы Қағидалардың 106-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген мерзімдер сатып алу шарты талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі ұзартылған жағдайда, 2020 жылғы 31 наурызға дейін жасасқан қолданыстағы сатып алу шарты бар Өтініш берушінің қаржы-есеп айырысу орталығына берген өтінішіне (еркін нысанда) сәйкес, бірақ көрсетілген құжаттарды ұсыну мерзімдерінен кешіктірілмей, күнтізбелік 1 (бір) жылдан аспайтын мерзімге бір рет ұзартылады.».

2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 1 қарашаға дейін қолданылады.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі