Құжат мәтініне өту

О внесении дополнения в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 2 марта 2015 года № 164 «Об утверждении Правил централизованной покупки и продажи расчетно-финансовым центром электрической энергии, произведенной объектами по использованию возобновляемых источников энергии, перерасчета и перераспределения расчетно-финансовым центром соответствующей доли электрической энергии на квалифицированного условного потребителя по итогам календарного года»

Бұйрық · № 312 · қабылданған 17.09.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2-2015-no-164-ekb-146520/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении дополнения в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 2 марта 2015 года № 164 «Об утверждении Правил централизованной покупки и продажи расчетно-финансовым центром электрической энергии, произведенной объектами по использованию возобновляемых источников энергии, перерасчета и перераспределения расчетно-финансовым центром соответствующей доли электрической энергии на квалифицированного условного потребителя по итогам календарного года» Қолданыста Бұйрық ·№ 312 ·17.09.2020
17.09.2020 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.09.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнения в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 2 марта 2015 года № 164 «Об утверждении Правил централизованной покупки и продажи расчетно-финансовым центром электрической энергии, произведенной объектами по использованию возобновляемых источников энергии, перерасчета и перераспределения расчетно-финансовым центром соответствующей доли электрической энергии на квалифицированного условного потребителя по итогам календарного года»

Қолданыста Бұйрық ·№ 312 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнения в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 2 марта 2015 года № 164 «Об утверждении Правил централизованной покупки и продажи расчетно-финансовым центром электрической энергии, произведенной объектами по использованию возобновляемых источников энергии, перерасчета и перераспределения расчетно-финансовым центром соответствующей доли электрической энергии на квалифицированного условного потребителя по итогам календарного года»
Атауы (қаз.)
«Қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын орталықтандырылған сатып алуы және сатуы, қаржы-есеп айырысу орталығының басым шартты тұтынушыға күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясының тиісті үлесін қайта есептеу және қайта бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 164 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
312
Қабылданған күні
17.09.2020
Көрсетілген редакция
17.09.2020 146520_481514.kaz
Соңғы өзгеріс
17.09.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000021240
ЭКБ идентификаторы
146520
Редакция идентификаторы
146520_481514
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 12:45

0

«Қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын орталықтандырылған сатып алуы және сатуы, қаржы-есеп айырысу орталығының басым шартты тұтынушыға күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясының тиісті үлесін қайта есептеу және қайта бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің
2015 жылғы 2 наурыздағы № 164 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын орталықтандырылған сатып алуы және сатуы, қаржы-есеп айырысу орталығының басым шартты тұтынушыға күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясының тиісті үлесін қайта есептеу және қайта бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 164 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10662 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 18 тамызда жарияланған) бұйрығына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын орталықтандырылған сатып алуы және сатуы, қаржы-есеп айырысу орталығының басым шартты тұтынушыға күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясының тиісті үлесін қайта есептеу және қайта бөлу қағидалары:
мынадай мазмұндағы 32-1-тармақпен толықтырылсын:
«32-1. Сатып алу шартында көзделген жел электр станциясының генерациялайтын жабдығының (электр энергиясын өндіретін құрылғының) нақты жиынтық белгіленген қуаты асып кеткен жағдайда, Өтініш беруші сатып алу шартында көрсетілген жиынтық белгіленген қуаттың сәйкестігін қамтамасыз ету үшін ЖЭК пайдалану жөніндегі объектінің дара генерациялайтын қондырғысының (қажет болған кезде бірнеше дара генерациялайтын қондырғылардың) қуатын шектейді.
Бұл ретте, Өтініш беруші осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес шектеу белгіленген генерациялайтын қондырғылардың электр энергиясын сағаттық өндіру туралы деректерді диспетчерлік және технологиялық басқарудың автоматтандырылған жүйелері арқылы немесе электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі арқылы жүйелік операторға беруді қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, жел электр станциясы генерациялайтын жабдығының нақты жиынтық белгіленген қуатын сатып алу шартында көрсетілген белгіленген қуаттан 10%-дан артық ұлғайтуға жол берілмейді.».

2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

Қолданыстағы