О внесении изменений и дополнений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 2 марта 2015 года № 164 «Об утверждении Правил централизованной покупки и продажи расчетно-финансовым центром электрической энергии, произведенной объектами по использованию возобновляемых источников энергии, объектами по энергетической утилизации отходов, и паводковой электрической энергии, порядка перерасчета и перераспределения расчетно-финансовым центром соответствующей доли электрической энергии на квалиф
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 2 марта 2015 года № 164 «Об утверждении Правил централизованной покупки и продажи расчетно-финансовым центром электрической энергии, произведенной объектами по использованию возобновляемых источников энергии, объектами по энергетической утилизации отходов, и паводковой электрической энергии, порядка перерасчета и перераспределения расчетно-финансовым центром соответствующей доли электрической энергии на квалиф
- Атауы (қаз.)
- «Қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын және тасқындық электр энергиясын орталықтандырылған сатып алуы және сатуы қағидаларын, қаржы-есеп айырысу орталығының басым шартты тұтынушыға күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясының тиісті үлесін қайта есептеу және қайта бөлу тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 наурызда
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 252
- Қабылданған күні
- 31.07.2021
- Көрсетілген редакция
- 31.07.2021 157570_533541.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.07.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2100023828
- ЭКБ идентификаторы
- 157570
- Редакция идентификаторы
- 157570_533541
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 07:19
0
«Қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын және тасқындық электр энергиясын орталықтандырылған сатып алуы және сатуы қағидаларын, қаржы-есеп айырысу орталығының басым шартты тұтынушыға күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясының тиісті үлесін қайта есептеу және қайта бөлу тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 наурыздағы №164 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын және тасқындық электр энергиясын орталықтандырылған сатып алуы және сатуы қағидаларын, қаржы-есеп айырысу орталығының басым шартты тұтынушыға күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясының тиісті үлесін қайта есептеу және қайта бөлу тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 наурыздағы №164 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10662 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 5-3) және 10) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын және тасқындық электр энергиясын орталықтандырылған сатып алуы және сатуы қағидаларында, қаржы-есеп айырысу орталығының басым шартты тұтынушыға күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясының тиісті үлесін қайта есептеу және қайта бөлу тәртібінде:
мынадай мазмұндағы 16-2-тармақпен толықтырылсын:
«16-2. Осы Қағидалардың 16-тармағы 2) тармақшасының бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 13) тармақшасына сәйкес еңсерілмейтін күштің мән-жайларын куәландыратын растауды қоса бере отырып, өтініш берушінің қаржы-есеп айырысу орталығына жіберген өтінішіне (еркін нысандағы) сәйкес күнтізбелік 1 (бір) жылдан аспайтын мерзімге, бірақ ЖЭК пайдалану объектісін пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесін ұсыну мерзімінен кешіктірілмей ұзартылады. Мерзімді ұзарту осы Қағидалардың 21-1-тармағының қолданылуын ескере отырып, шартқа қосымша келісіммен ресімделеді.»;
21-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«21-1. Осы Қағидалардың 16-тармағы 2) тармақшасының бірінші бөлігінде көзделген мерзім ұзартылған жағдайда, сатып алудың он бес жылдық мерзімін есептеу осы Қағидалардың 16-тармағы 2) тармақшасының екінші бөлігіне және (немесе) 16-2-тармағына сәйкес ұзартуды есепке алмағанда, осы Қағидалардың 16-тармағы 2) тармақшасының бірінші бөлігінде көзделген құжаттарды ұсыну мерзімі өткен күннен кейінгі күннен басталады.»;
мынадай мазмұндағы 101-2-тармақпен толықтырылсын:
«101-2. Осы Қағидалардың 106-2-тармағында көзделген жағдайда осы Қағидалардың 101-тармағында көзделген сатып алу шарты талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз етуді ұстап қалу тәртібі көрсетілген мерзімдерді ұзартуды ескере отырып жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы 106-2-тармақпен толықтырылсын:
«106-2. Осы Қағидалардың 106-тармағы 2) тармақшасының бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 13) тармақшасына сәйкес еңсерілмейтін күштің мән-жайларын куәландыратын растауды қоса бере отырып, 2021 жылғы 1 тамызға дейін жасалған қолданыстағы сатып алу шарты бар өтініш берушінің қаржы-есеп айырысу орталығына жіберген өтінішіне (еркін нысандағы) сәйкес күнтізбелік 1 (бір) жылдан аспайтын мерзімге, бірақ сатып алу шарты талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі ұзартылған жағдайда ЖЭК пайдалану объектісін пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесін ұсыну мерзімінен кешіктірілмей ұзартылады. Мерзімді ұзарту осы Қағидалардың 107-1-тармағының қолданылуын ескере отырып, сатып алу шартына қосымша келісіммен ресімделеді.»;
107-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«107-1. Осы Қағидалардың 106-тармағы 2) тармақшасының бірінші бөлігінде көзделген мерзім ұзартылған жағдайда, сатып алудың он бес жылдық мерзімін есептеу осы Қағидалардың 106-тармағы 2) тармақшасының екінші бөлігіне және (немесе) 106-2-тармағына сәйкес ұзартуды есепке алмағанда, осы Қағидалардың 106-тармағы 2) тармақшасының бірінші бөлігінде көзделген құжаттарды ұсыну мерзімі өткен күннен кейінгі күннен басталады.».
2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі