О внесении изменений в постановление акимата Кызылординской области от 2 октября 2015 года № 181 "Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере ветеринарии"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Кызылординской области от 2 октября 2015 года № 181 "Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере ветеринарии"
- Атауы (қаз.)
- "Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 қазандағы № 181 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 426
- Қабылданған күні
- 04.04.2016
- Көрсетілген редакция
- 06.02.2020 101541_444562.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.02.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16L0005474
- ЭКБ идентификаторы
- 101541
- Редакция идентификаторы
- 101541_444562
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 09:46
0 «Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 қазандағы № 181 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 қазандағы №181 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5200 нөмірімен тіркелген, «Сыр бойы» және «Кызылординские вести» газеттерінде 2015 жылғы 5 қарашада жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіндегі:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: «Қызылорда облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші).»;
9-тармақтың екінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы «Қызылорда облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің, Қызылорда облысы әкімдігінің, Қызылорда қаласы және аудан әкімдіктерінің ресми интернет-ресурстарында орналастырылады.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіндегі:
9-тармақтың екінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы «Қызылорда облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің, Қызылорда облысы әкімдігінің, Қызылорда қаласы және аудан әкімдіктерінің ресми интернет-ресурстарында орналастырылады.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Ветеринариялық анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіндегі:
9-тармақтың екінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы «Қызылорда облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің, Қызылорда облысы әкімдігінің, Қызылорда қаласы және аудан әкімдіктерінің ресми интернет-ресурстарында орналастырылады.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіндегі:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: аудандардың, облыстық маңызы бар қаланың ветеринария бөлімдері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші).»;
9-тармақтың екінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы «Қызылорда облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің, Қызылорда облысы әкімдігінің, Қызылорда қаласы және аудан әкімдіктерінің ресми интернет-ресурстарында орналастырылады.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіндегі:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: аудандардың, облыстық маңызы бар қаланың ветеринария бөлімдері бекіткен тізбе негізінде мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші).»;
9-тармақтың екінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы «Қызылорда облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің, Қызылорда облысы әкімдігінің, Қызылорда қаласы және аудан әкімдіктерінің ресми интернет-ресурстарында орналастырылады.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Жануарларды өсіруді, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және сатуды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ, ветеринариялық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндіру, сақтау және сату бойынша өндіріс объектілеріне тіркеу нөмірлерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіндегі:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: «Қызылорда облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші).»;
1-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«1) аудандардың, облыстық маңызы бар қаланың ветеринария бөлімдері (бұдан әрі-бөлім);»;
9-тармақтың екінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы «Қызылорда облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің, Қызылорда облысы әкімдігінің, Қызылорда қаласы және аудан әкімдіктерінің ресми интернет-ресурстарында орналастырылады.».