О внесении изменения в постановление акимата Сарысуского района от 2 сентября 2015 года № 219 «Об утверждении схемы и порядка перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Сарысуского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата Сарысуского района от 2 сентября 2015 года № 219 «Об утверждении схемы и порядка перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Сарысуского района»
- Атауы (қаз.)
- «Сарысу ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары мен тәртібін бекіту туралы» Сарысу ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 2 қыркүйектегі № 219 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 366
- Қабылданған күні
- 29.12.2015
- Көрсетілген редакция
- 29.12.2015 98950_50123.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.12.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15GI002932
- ЭКБ идентификаторы
- 98950
- Редакция идентификаторы
- 98950_50123
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 11:23
0 «Сарысу ауданының шалғайдағы елді
мекендерде тұратын балаларды жалпы
білім беретін мектептерге тасымалдаудың
схемалары мен тәртібін бекіту туралы»
Сарысу ауданы әкімдігінің 2015 жылғы
2 қыркүйектегі №219 қаулысына өзгеріс
енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, «Автомобиль көлiгi туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 14 бабының 3 тармағының 3-1) тармақшасына және «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 26 наурыздағы №349 бұйрығына сәйкес Сарысу ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Сарысу ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары мен тәртібін бекіту туралы» Сарысу ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 2 қыркүйектегі №219 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2801 болып тіркелген, 2015 жылғы 7 қарашадағы №109 аудандық «Сарысу» газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының кіріспесіндегі «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі №767 қаулысына» деген сөздер «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 26 наурыздағы №349 бұйрығына» деген сөздермен ауыстырылсын.