Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 2 сентября 2015 года № 224 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере туризма»

Қаулы · № 26 · қабылданған 10.02.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2-2015-no-224-ekb-99339/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 2 сентября 2015 года № 224 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере туризма» Күшін жойған Қаулы ·№ 26 ·10.02.2016
20.08.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.08.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 2 сентября 2015 года № 224 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере туризма»

Күшін жойған Қаулы ·№ 26 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 2 сентября 2015 года № 224 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере туризма»
Атауы (қаз.)
«Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 қыркүйектегі № 224 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
26
Қабылданған күні
10.02.2016
Көрсетілген редакция
20.08.2020 99339_478868.kaz
Соңғы өзгеріс
20.08.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16V0004407
ЭКБ идентификаторы
99339
Редакция идентификаторы
99339_478868
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 10:34

0 «Туризм саласындағы мемлекеттік

көрсетілетін қызметтердің регламенттерін
бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің 2015 жылғы 2 қыркүйектегі № 224
қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабының 3-тармағына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына, «Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 495 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 қарашадағы № 1112 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 12865) сәйкесШығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1.«Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 қыркүйектегі № 224 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 4161, 2015 жылғы 27 қазандағы № 123 (17212), 2015 жылғы 29 қазандағы № 124 (17213) «Дидар», 2015 жылғы 26 қазандағы № 126 (19725), 2015 жылғы 28 қазандағы № 127 (19726) «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1- тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) «Туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпаратты беру»;»;
аталған қаулымен бекітілген «Туристік, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпаратты беру»;
1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпаратты беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің қызмет берушісі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Шығыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органы – Шығыс Қазақстан облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) болып табылады.»;
4-тармағымынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға көрсетілетін қызметті алушының «Туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпаратты беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 11578) қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішінің болуы негіздеме болып табылады.»;
қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
«Туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпаратты беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша».

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы