Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 2 ноября 2015 года № 286 «Об утверждении регламента государственной услуги в сфере внутреннего водного транспорта»

Қаулы · № 86 · қабылданған 02.04.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2-2015-no-286-ekb-120909/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 2 ноября 2015 года № 286 «Об утверждении регламента государственной услуги в сфере внутреннего водного транспорта» Күшін жойған Қаулы ·№ 86 ·02.04.2018
16.04.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.04.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 2 ноября 2015 года № 286 «Об утверждении регламента государственной услуги в сфере внутреннего водного транспорта»

Күшін жойған Қаулы ·№ 86 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 2 ноября 2015 года № 286 «Об утверждении регламента государственной услуги в сфере внутреннего водного транспорта»
Атауы (қаз.)
«Ішкі су көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 қарашадағы № 286 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
86
Қабылданған күні
02.04.2018
Көрсетілген редакция
16.04.2020 120909_460896.kaz
Соңғы өзгеріс
16.04.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18V0005616
ЭКБ идентификаторы
120909
Редакция идентификаторы
120909_460896
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 01:00

0 «Ішкі су көлігі саласында мемлекеттік

көрсетілетін қызмет регламентін бекіту
туралы» Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің 2015 жылғы 2 қарашадағы
№ 286 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабына, «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 12 шілдедегі № 465 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 15774) бұйрығына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Ішкі су көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 қарашадағы № 286 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 4250, 2016 жылғы 6 қаңтардағы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы 26 қыркүйектегі № 110 (17199) «Дидар», 2015 жылғы 25 қыркүйектегі № 113 (19712) «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген «Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – қағаз түріндегі өздігінен жүретін шағын көлемдi кемелердi жүргізу құқығына арналған куәлігі, өздігінен жүретін шағын көлемдi кемелердi жүргізу құқығына арналған куәліктің телнұсқасы не құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауабы.»;
6-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-іс-қимыл нәтижесі өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына арналған куәлікті, өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына арналған куәліктің телнұсқасын не құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауабын дайындау болып табылады, ол осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 5-іс-қимылды орындау үшін негіз болып табылады.»;
6-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«5-іс-қимыл нәтижесі қол қойылған өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына арналған куәлік, өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына арналған куәліктің телнұсқасы не құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауабы болып табылады, ол осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 6-іс-қимылды орындау үшін негіз болып табылады.»;
6-тармақтың алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«6-іс-қимыл нәтижесі Мемлекеттік корпорация курьерінің өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына арналған куәлікті, өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына арналған куәліктің телнұсқасын, не құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауабын алуы туралы қолхаты болып табылады.»;
8-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) көрсетілетін қызметті беруші басшысының өздігінен жүретін шағын көлемдi кемелердi жүргізу құқығына арналған куәлiкке, өздігінен жүретін шағын көлемдi кемелердi жүргізу құқығына арналған куәліктің телнұсқасына не құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауабына қол қоюы. Орындалу ұзақтығы – 3 (үш) сағат;»;
9-тармақтың үшінші бөлімінің сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік корпорация операторы арқылы «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да қалыптастырылған өздігінен жүретін шағын көлемдi кемелердi жүргізу құқығына арналған куәлiкті, өздігінен жүретін шағын көлемдi кемелердi жүргізу құқығына арналған куәліктің телнұсқасын не құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауабын алуы.»;
9-тармақтың бесінші бөлімінің он бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«9-процесс – көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік корпорация операторы арқылы «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да қалыптастырылған өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына арналған куәлікті, өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына арналған куәліктің телнұсқасын не құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауабын алуы.»;
осы қаулының қосымшасына сәйкес «Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 2 қосымшасы жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Облыс әкімінің аппараты, облыстың жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы әкімдіктің қаулысы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауын;

3 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін облыс аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

4 4) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің құрылыс, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

9 Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы

Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2018 жылғы «2» сәуірдегі
№ 86 қаулысына қосымша
«Өздігінен жүретін шағын
көлемді кемелерді жүргізу
құқығына куәліктер беру»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
2 қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы
1) Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде
2) портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде
Шартты белгілер:

Қолданыстағы