О внесении изменений в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 2 ноября 2015 года № 286 «Об утверждении регламента государственной услуги в сфере внутреннего водного транспорта»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 2 ноября 2015 года № 286 «Об утверждении регламента государственной услуги в сфере внутреннего водного транспорта»
- Атауы (қаз.)
- «Ішкі су көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 қарашадағы № 286 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 149
- Қабылданған күні
- 03.05.2019
- Көрсетілген редакция
- 16.04.2020 131207_460876.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.04.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19V0005929
- ЭКБ идентификаторы
- 131207
- Редакция идентификаторы
- 131207_460876
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 20:06
0 «Ішкі су көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 қарашадағы № 286 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 16-бабына, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 878 «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 18001 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 қарашадағы № 286 «Ішкі су көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 4250 болып тіркелген, 2016 жылғы 11қаңтардғы «Дидар», 2016 жылғы 12 қаңтардағы «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген «Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
5-тармақтың бірінші бөлімінің бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті беруші бөлім маманының көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарауы, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін дайындауы. Орындалу ұзақтығы – өздігінен жүретін шағын көлемдi кеменi жүргізу құқығына куәлiк беру кезінде – 1 (бір) жұмыс күні; өздігінен жүретін шағын көлемдi кеменi жүргізу құқығына куәліктің телнұсқасын беру кезінде – 1 (бір) жұмыс күні; бұрын берілген куәліктің жарамдылық мерзiмi өткен жағдайда өздігінен жүретін шағын көлемдi кемелердi жүргізу құқығына жаңа куәлікті беру кезінде – 1 (бір) жұмыс күні;»;
5-тармақтың екінші бөлімінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«өздігінен жүретін шағын көлемдi кеменi жүргізу құқығына куәлiк беру – емтиханды табысты тапсырған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде;»;
8-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
4 «4) көрсетілетін қызметті беруші бөлім маманының көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарауы, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін дайындауы.
Орындалу ұзақтығы – өздігінен жүретін шағын көлемдi кеменi жүргізу құқығына куәлiк беру кезінде – 1 (бір) жұмыс күні; өздігінен жүретін шағын көлемдi кеменi жүргізу құқығына куәліктің телнұсқасын беру кезінде – 1 (бір) жұмыс күні; бұрын берілген куәліктің жарамдылық мерзiмi өткен жағдайда өздігінен жүретін шағын көлемдi кемелердi жүргізу құқығына жаңа куәлікті беру кезінде – 1 (бір) жұмыс күні;».
2 2. Облыстың жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы әкімдіктің қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегікөшірмесінің Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;