Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 2 апреля 2015 года № 304 «Об утверждении Правил утверждения проектов (технико-экономических обоснований и проектно-сметной документации), предназначенных для строительства объектов за счет бюджетных средств и иных форм государственных инвестиций»

Бұйрық · № 507 · қабылданған 24.09.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2-2015-no-304-ekb-158973/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 2 апреля 2015 года № 304 «Об утверждении Правил утверждения проектов (технико-экономических обоснований и проектно-сметной документации), предназначенных для строительства объектов за счет бюджетных средств и иных форм государственных инвестиций» Қолданыста Бұйрық ·№ 507 ·24.09.2021
24.09.2021 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.09.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 2 апреля 2015 года № 304 «Об утверждении Правил утверждения проектов (технико-экономических обоснований и проектно-сметной документации), предназначенных для строительства объектов за счет бюджетных средств и иных форм государственных инвестиций»

Қолданыста Бұйрық ·№ 507 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 2 апреля 2015 года № 304 «Об утверждении Правил утверждения проектов (технико-экономических обоснований и проектно-сметной документации), предназначенных для строительства объектов за счет бюджетных средств и иных форм государственных инвестиций»
Атауы (қаз.)
«Бюджет қаражаты және мемлекеттік инвестициялардың өзге де нысандары есебінен объектілерді салуға арналған жобаларды (техникалық-экономикалық негіздемелерді және жобалау-сметалық құжаттаманы) бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 304 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
507
Қабылданған күні
24.09.2021
Көрсетілген редакция
24.09.2021 158973_538993.kaz
Соңғы өзгеріс
24.09.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100024515
ЭКБ идентификаторы
158973
Редакция идентификаторы
158973_538993
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 06:36

0 «Бюджет қаражаты және мемлекеттік инвестициялардың өзге де нысандары есебінен объектілерді салуға арналған жобаларды (техникалық-экономикалық негіздемелерді және жобалау-сметалық құжаттаманы) бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі

№ 304 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Бюджет қаражаты және мемлекеттік инвестициялардың өзге де нысандары есебінен объектілерді салуға арналған жобаларды (техникалық-экономикалық негіздемелерді және жобалау-сметалық құжаттаманы) бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 304 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10632 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджет қаражаты және мемлекеттік инвестициялардың өзге де нысандары есебінен объектілерді салуға арналған жобаларды (техникалық-экономикалық негіздемелерді және жобалау-сметалық құжаттаманы) бекіту қағидаларында:
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Бұрын бекітілген жобалау-сметалық құжаттама, егер белгіленген объектіні салу басталғанға дейін немесе оның барысында объектінің конструкциялық схемасына, оның көлемдік-жоспарлау, инженерлік-техникалық және (немесе) технологиялық жобалық шешімдеріне әсер ететін, инженерлік және (немесе) технологиялық жабдықты, техникалық-экономикалық көрсеткіштерді өзгертетін негізгі материалдарды және (немесе) бұйымдарды ауыстыруды қоса алғанда, оған елеулі сипаттағы өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізудің негізді қажеттілігі туындаса, сондай-ақ, Азаматтық кодекстің 655-бабының 3-тармағына (Ерекше бөлім) сәйкес жобалау шешімдерін өзгертпей, сметаны қайта қарауды жүргізу туралы мердігер өтініш жасаған кезде құрылыс ресурстары құнының ұлғаюы себебінен бұрын бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманың құны кемінде он пайызға елеулі түрде ұлғайған кезде түзетілуге жатады.
Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа ғимараттар мен құрылыстарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес жүргізілетін бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жобалау шешімдерін өзгертпей, құрылыс құнын түзету кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 299 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10722 болып тіркелген Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның актісі негізінде жүргізіледі.
Егер ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу барысында құрылыстың бұрын бекітілген құнын ұлғайту он пайыздан кем болатыны анықталса, онда мемлекеттік сараптама ұйымы немесе аккредиттелген сараптама ұйымы теріс қорытынды береді.».

2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі

Қолданыстағы