Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 2 апреля 2015 года № 305 «Об утверждении Правил оформления экспертных заключений по градостроительным и строительным проектам (технико-экономическим обоснованиям и проектно-сметной документации)»

Бұйрық · № 122 · қабылданған 11.04.2025
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2-2015-no-305/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 2 апреля 2015 года № 305 «Об утверждении Правил оформления экспертных заключений по градостроительным и строительным проектам (технико-экономическим обоснованиям и проектно-сметной документации)» Күшін жойған 01.07.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 2 апреля 2015 года № 305 «Об утверждении Правил оформления экспертных заключений по градостроительным и строительным проектам (технико-экономическим обоснованиям и проектно-сметной документации)»

Күшін жойған Бұйрық № 122 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 2 апреля 2015 года № 305 «Об утверждении Правил оформления экспертных заключений по градостроительным и строительным проектам (технико-экономическим обоснованиям и проектно-сметной документации)»
Атауы (қаз.)
«Қала құрылысы және құрылыс жобалары (техникалық-экономикалық негiздемелер және жобалау-сметалық құжаттамалар) бойынша сараптама қорытындыларын ресiмдеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 305 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
122
Қабылданған күні
11.04.2025
Көрсетілген редакция
01.07.2026 209149_826965.kaz
Соңғы өзгеріс
01.07.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500035974
ЭКБ идентификаторы
209149
Редакция идентификаторы
209149_826965
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 05:06
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Қала құрылысы және құрылыс жобалары (техникалық-экономикалық негiздемелер және жобалау-сметалық құжаттамалар) бойынша сараптама қорытындыларын ресiмдеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 305 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қала құрылысы және құрылыс жобалары (техникалық-экономикалық негiздемелер және жобалау-сметалық құжаттамалар) бойынша сараптама қорытындыларын ресiмдеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 305 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10636 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қала құрылысы және құрылыс жобалары (техникалық-экономикалық негiздемелер және жобалау-сметалық құжаттамалар) бойынша сараптама қорытындыларын ресiмдеу қағидаларында:
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Кешенді қала құрылысы сараптамасының сараптамалық қорытындысы:
1) жоба бойынша негізгі деректерді, атап айтқанда қала құрылысы жобасының, тапсырыс берушінің, бас мердігердің, қосалқы мердігердің атауын, сондай-ақ жобаға қоса берілетін тапсырыс беруші сараптама бойынша ұсынған міндетті бастапқы құжаттарды (материалдарды, деректерді) көрсете отырып, қала құрылысы жобасының деңгейі туралы ақпаратты көрсетуді;
2) бөлімнің атауы, аттестаттың нөмірін көрсете отырып, аттестатталған сарапшының аты-жөні, әкесінің аты (болған жағдайда) және бөлімнің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жобалау үшін бастапқы құжаттардың (материалдардың, деректердің) талаптарына сәйкестігі (сәйкессіздігі), сондай-ақ жобалық шешімдерде және талаптар есептеулерінде мемлекеттік нормативтердің сақталуы туралы ақпаратты;
3) кешенді қала құрылысы сараптамасы нәтижесінде алынған жинақтаушы ұсыныстарымен және қала құрылысы жобасының сапасына кешенді баға тұжырымдарымен және (немесе) өзге тұжырымдарымен қаулы бөлігін көздейді.
Оң қорытынды берілген жағдайда, құпиялық белгісі немесе «қызмет бабында пайдалану үшін» («ҚБПҮ») белгісі бар қала құрылысы жобалары бойынша сараптамалық қортындыларды қоспағанда, қала құрылысы жобасының соңғы нұсқасына сілтемесі бар QR-код ұсынылады.»;
16-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16-2. Құпиялылық белгісі немесе «қызмет бабында пайдалану үшін» («ҚБПҮ») белгісі бар қала құрылысы жобалары бойынша жүргізілген, мемлекеттік сараптама ұйымы берген кешенді қала құрылысы сараптамасының қорытындылары қағаз жеткізгіште осы Қағидалардың 15-тармағының талаптарына сәйкес ресімделеді және тапсырыс берушіге беріледі және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, аттестат нөмірі және берілген күні көрсетілген сарапшының мөрімен куәландырылады.»
«Құпия» немесе қызмет бабында пайдалану үшін («ҚБПҮ») деген құпиялылық белгілері бар қала құрылысы жобалары бойынша сараптамалық қортындыларды есепке алу және тіркеу негізгі қала құрылысы жобаларының сараптамалық қортындыларынан бөлек жүргізіледі.

2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп жəне құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп жəне құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп жəне құрылыс вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.