Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 2 июня 2015 года № 357 «Об утверждении регламента государственной услуги «Выдача лицензии на образовательную деятельность»

Бұйрық · № 231 · қабылданған 30.03.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2-2015-no-357/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 2 июня 2015 года № 357 «Об утверждении регламента государственной услуги «Выдача лицензии на образовательную деятельность» Күшін жойған Бұйрық ·№ 231 ·30.03.2016
10.09.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.09.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 2 июня 2015 года № 357 «Об утверждении регламента государственной услуги «Выдача лицензии на образовательную деятельность»

Күшін жойған Бұйрық ·№ 231 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 2 июня 2015 года № 357 «Об утверждении регламента государственной услуги «Выдача лицензии на образовательную деятельность»
Атауы (қаз.)
«Білім беру қызметіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 2 маусымдағы № 357 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
231
Қабылданған күні
30.03.2016
Көрсетілген редакция
10.09.2020 102126_479292.kaz
Соңғы өзгеріс
10.09.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1600013674
ЭКБ идентификаторы
102126
Редакция идентификаторы
102126_479292
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 09:53

0 «Білім беру қызметіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы
2 маусымдағы № 357 бұйрығына
өзгерістер енгізу туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Білім беру қызметіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 2 маусымдағы № 357 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11563 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған «Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Білім беру қызметіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызметін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің аумақтық департаменттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 204 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11120 болып тіркелген) бекітілген «Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 10-тармағында көзделген жағдайда және негіздер бойынша берілген лицензия және/немесе оған қосымша, қайта ресімделген лицензия және/немесе оған қосымша, лицензияның және/немесе оған қосымшаның телнұсқалары не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.»;
1, 2, 3, 4-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын;

2 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (С. Нюсупов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін электрондық тасымалдағышта елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып жолдауды;

3

3) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мөрімен расталған және осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған баспа және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;

4 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

5

5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 30 наурыздағы
№ 231 бұйрығына
1-қосымша
«Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде Порталдың функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы

2 Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 30 наурыздағы
№ 231 бұйрығына
2-қосымша
«Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
(лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны беру, заңды тұлға-лицензиатты бөлу немесе шығару нысанында қайта ұйымдастыру кезінде онда бар лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу)

3 Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 30 наурыздағы
№ 231 бұйрығына
3-қосымша
«Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
3-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
(лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу)

3 Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 30 наурыздағы
№ 231 бұйрығына
3-қосымша
«Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
4-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
(лицензияның және/немесе оған қосымшаның телнұсқасын беру)

Қолданыстағы